Кіріспе. Фома Аквинскийдің өмірбаяны


V. Құдай болмысының « дәлелдері»



бет5/10
Дата02.02.2022
өлшемі138 Kb.
#117094
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
stud.kz-5202

V. Құдай болмысының « дәлелдері» .
Ф. Аквинский ашылу ақиқатын екі түрге бөледі: ақылға келетін ақиқаттар, таным мүмкіндігі шегінен шығып кеткен ақиқаттар. Жаратылыс теологиясының негізгі проблемасы болып, құдай болмысының томистикалық «дәлелдерді» табылады.

Аквинскийдің болжамы бойынша, жаратушының тіршілігін екі әдіспен дәлелдеуге болады: себеп арқылы , бақылау арқылы.

Бұл схоластикалық терминологияны қазіргі заманғы тілге аудара отырып, былай айтуға болады, бірінші жағдайда априорлық дәлелдеу туралы айтса, яғни себептен бақылауға, ал екіншісі- апостериорлық, яғни бақылаудан себепке. Аквинат құдай болмысының 5 “дәлелді жолдарын” келтіреді.

1. Қазіргі заманда кинетикалық дәлел атанған қозғалыс дәлелі, заттардың қозғалыста болатынынан, барлық қозғалыстар бір нәрсе арқылы болатынын, не болмаса қозғалыстың материяның формаға қосылысынан шығады. Егерде бір нәрсені қозғалысқа әкелетін, болмыс өзі қозғалыста болатын болса, онда ол басқа нәрсе арқылы, ал бұл басқа нәрсе үшінші нәрсе арқылы қозғалысқа келеді. Бірақ итергіштер шексіз болмайды, не бұндай жағдайда бірінші, екінші, келесі қозғалыстар да “итергіш” болмаса, онда тіптен қозғалыс та болмаушы еді. Сондықтан Фома мынадай шешімге келеді, біз ештеңемен қозғалмайтын және барлығын қозғайтын қозғалыстың бірінші себебін анықтауымыз қажет. Бұндай себеп болатын таза форма таза акт, әлем шегінде тұрған құдай.

2. Шығару себебі дәлелдері айтады: діннің бастамасын бірінші себептерден, яғни құдайдан алатын материалдық әлемде себептердің өзіндік тәртібі бар. Фоманың ойынша ештеңенің егерде бұрын болмаса жеке шығарушы себеп болуы мүмкін емес.

Егер шығару тобында абсолютті бірінші себепті мойындамайтын болсақ, онда ортаңғы және соңғы себептер және керісінше себеп іздеуде шексіздікке кететін болсақ, онда бірінші шығу себебін таппаймыз.

Сондықтан, деп жазады Аквинский: “теологиялық жинақта” барлығы құдай атайтын алғашқы шығу себебін міндетті түрде жатқызу қажет.

3. Қажеттілік пен кездейсоқтық дәлелдемесі, табиғатта және қоғамда жойылып және туындап немесе тіршілк етіп, не тіршілігін жоятын жекеленген заттардың болуынан шығады. Өзгеше айтқанда, бұл заттар қажетті болып табылмайды, олай болса кездейсоқ сипат алады. Фоманың пікірінше бұндай заттардың үнемі болуын, не уақытша болуын шынайы көрсету мүмкін емес. Бұдан, егер кез – келген зат тіршілік етпесе, онда олар табиғатта болған емес, ал олай болса олардың өз өзінен пайда болуы пайда болуы мүмкін емес. “Сондықтан, қажетті мәнді салу қажет, барлығы өз қажеттілігінің ішкі себебі болмайтын өзіндік қажеттік жалпы пікір бойынша, ол құдай, ” – деп жазады Фома.

4. Жетілдіру дәрежесі дәлелдемесі, алдыңғы жағдайлардан туындайды, яғни заттарда түрлі жетілдіру дәрежесі болжамдық және қайырымдылық, мейірім және әдемілік түрінде пайда болады. Аквинат пікірі бойынша, түрлі жетілдіріу дәрежесі туралы әбден жетілген затпен салыстырмалы түрде айту керек. Осыған орай, ең шынайы және ең қайырымды, ең жақсы және ең жоғары немесе болжамның ең жоғарғы дәрежесіндегі нәрсе өмір сүруі мүмкін. Бұдан, - деп жазады Фома, - барлық мәндерге игілік және түрлі жетілдіру болатын мән бар, біз құдай атаймыз.

5. Әлемді құдай билейді дәлелі, дүниеде ақылдылармен қатар ақылсыздар бардан шығады, сол сияқты заттармен құбылыстарда іс - әрекеттің мақсатқа сәйкестігі және мінез - құлық бақыланады. Фоманың ойынша, бұл кездейсоқтық емес, біреу әлемді мақсатты түрде басқаруы қажет. Олай болса, табиғаттағы барлық болатын нәрсеге мақсат қоюшы парасатты тіршілікті біз құдай атаймыз, - деп жазады Аквинский.

Жоғарыда аталғандардан Фома мақсатқа сәйкестілік пен заңдылықты теңестіреді, дәлірек, заңдылықты төмендетіп, мақсатқа сәйкестікке жақындатады. Күн астындағылардың бәрі ұмытылады деген мақсат, Фоманың ойымен индуктивті әдістен туындамайды, бірақ алдын ала анықталған априорды (жорамал ) әдіспен, бұнда ол қоғамдағы және табиғаттағы кез келген процесті бағындыруға ұмтылды.

Ескеру қажет, томистикада құдайы болжаушылық “дәлелі” бірдей әдіспен жасақталған 5 вариантты ұсынады.

Бұнда соншалық құдай туралы ғана емес, “алғашқы себептердің” ізін қарастырған материалдық дүние құбылыстары туралы да айтылды. Фома материалдың дүниенің құбылыстарына сүйене отырып, “бірінші қорғаушысы” құдай екенін дәлелдеуге тырысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет