Кіріспе. Фома Аквинскийдің өмірбаяны


Христиан философиясының алдына маңызды дилема қойылды – егер құдай барлығының жаратушысы және ол мейірімді, онда жауыздық бастауды қайдан алады?



бет8/10
Дата02.02.2022
өлшемі138 Kb.
#117094
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
stud.kz-5202

Христиан философиясының алдына маңызды дилема қойылды – егер құдай барлығының жаратушысы және ол мейірімді, онда жауыздық бастауды қайдан алады?


Бұл сұраққа жауап беру қажеттілігінен дүниедегі жауыздың алдында құдайды және оның жаратуын мүлтіксіз қорғаумен айналысатын, теодиция аталатын христиандық философияның ерекше саласы пайда болды.

Фома теодициясының шығу пункті алғы шартында, жауыздың позитивті (негізделген) құбылыс емес, мейірімділік сияқты өз-өзінен болмайды, бірақ қалыпты болымсыздықты, мейірбандыққа зиянкестікті көрсетеді. Фома, қайшылық басқа арқылы танылады, мысалы, қараңғылық жарық арқылы дегендей, таным теориясы алғы шарттарынан бастау алып, Фома жауыздық түсінігін мейірбандық түсінігінен шығарады. Бұл мейірімділікке де жауыздық та қатысты.

Томистикалық теодицияның екінші тезисін бекітуде мейірімділік жауыздың субьектісі деп бейнеленеді.

Фома, барлығының сол сияқты жауыздықтың да өз себебі бар деп сендіреді. Оның себебі сол ғана, неге болжам түсінігі тән, демек, мейірімділік те жауыздық, толық болымсыздық бола тұра, қандай да бір себептің ролін атқара алмайды. Мұндай жағдайда жауыздықтың көзі және субьектісі ретінде мейірімдікті қабылдау ғана қалады. Аквинский үшін шығу нүктесі болып Августин сөздері болып табылады: “Құдай жалғыздықтың таратушысы емес, өйткені ол болымсыздыққа ұмтылу себебі емес”.

Бұл ойды өрбіте отырып Фома, адамгершілік субьектінің жетілмеуі салдарынан адамгершілік жолындағы жауыздық тәртіптің болмауынан, - деп еске салады. Егер құдай абсолютті жетілген болса, онда ол адамгершілік жауыздықтың себебі бола алмайды.

Табиғи заттармен іс басқаша. Бұнда жауыздық негізі оның бүлінуімен ыдырауында. Жаратушының түпкі ойында әрбір форма әлемнің игілігіндей, оның жетілуіндей “мейірімділіктің барлық дәрежесі орындалатындай заттарда белгілі теңеудің болуын” талап етті. Әлемде үйлесімдік болу үшін, түрлі жетілудегі заттар, мейірімділіктің түрлі дәрежелері қажет. Кемтарлар жанында әдемілік айқын көрінетін мейірімділікте жауыздықпен салыстырғанда ерекше көрнекті. Осыдан томистикалық теодицияның үшінші тезисі бой көтереді. Кейбір жауыздықтар әлем үйлестігін бұзбайды, керісінше ол осы үйлестік үшін өте қажет. Құдай жауыздықты әдейі жасамайды, ол кездейсоқтық. Әлемде тәртіп орнату үшін күнәкерлер және жақсы адамдар тіршілік үшін әділеттілік тәртібі қажет. Бұнда құдай кінә ретінде емес, жаза ретінде жауыздық жаратушысы. Бұл Фома теодициясының төртінші тезисі.



2. Адамның еркі және құдай шапағаты

Фома адамды жануарлар әлемі мен таза рухтар әлемі шекарасы аралығына орналастырады, бір жағына жануарлар арасына, екінші жағынан – періштелер арасына. Соңғысымен салыстырғанда жеке тұлға тең келмейтін өте төмен және жетілмеген болып табылады. Иерархияда өз кезегінде дене пайда болуында адам жетілген жануар ретінде ең жоғарғы орында.

Фоманың ойынша, бұл дүниедегі адамның жануардан өзгешелігі оның бостандық еркінде. Соңғысы арқасында адам өз қылықтарына жауап береді, немесе бостандық еркі болғандықтан ол мейірімділік пен жауыздықты таңдай білетін күйде. Кінә мен мейірбандық, жазалау не марапаттау болу үшін, оған бостандық еркі бастаушы болуы қажет.

Аквинекий пікірінше, адамның бостандық еркі және онымен байланысты өз бетімен болған таңдау шешімдері негіздерін интелектуальды таным органдарынан табады, дәлірек, кез келген бостандықтың түбірі ақыл болып табылады. Фома интелектің еркіндіктен басымдылығын көрсететін болғандықтан, оның адам бостандығы туралы сұрақтары позициясы этикалы ойшыл деген атау алды. Адамгершілік тұрғыда болу үшін жалқаулық пен зұлымдық туралы терең білім жеткілікті.

Жеке тұлғада бар бостандық еркі адамға рақымшылдықпен іс жасауға жол береді. Бостандық еркі құдай оны қолдағанда не ол табиғи себептердің бірінші көзі болғанда, сол сияқты адамның еркін шешімдері болғанда пайда болады. Фома айтады: адамға ерік тән, онсыз ақыл-кеңестер, еске салулар, бұйрықтар, тиымдар және жазалау мен мадақтаулар бос болар еді.

Аквинаттың және бүкіл католиктік этикаға сәйкес адам адамгершілікке жатпайтын ісі үшін кінәлауға ие болады. Бірақ жаман қылықтар да еркін шешімге негізделеді және құдайдың қолдауынсыз іске аспайды. Сондықтан бірінші кезекте құдай және жан қинайтын азапқа лайық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет