Кіріспе. Фома Аквинскийдің өмірбаяны



бет6/10
Дата02.02.2022
өлшемі138 Kb.
#117094
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
stud.kz-5202

VI. Таным теориясы

Ф. Аквинский өзінің таным теориясына арнаған еңбектерінде Эмпирий және сезім танудың басты рөлін атап көрсетті, барлық еңбектерінде “тәжірибе”, “сезім”, “сезім танымы” түсініктері қолданылады. Фома “барлық жаратылыс білімі сезімнен шығады” таным бұйымы болып субъектіге және адам санасына бағынбайтын сезімнен тыс ақиқат, - деп атап көрсетті. Аквинский таным мәні танушы танымал болудан тұрады деп есептеді. Оның бұлай болу себебі, ақыл денелік емес және сезім заттары ықпалына түспейді. Ұтымдылық танымы үнемі жалпы болады, себебі жекеленген заттар оның объектісі бола алмайды. Егер жекеленген заттарда материя дара болса, онда жалпы болатын материалды емес зат. Бұл қорытынды мына фактіден шығады, ақыл, ой жанның таным органы ретінде материалдық заттардың ықпалына ұшырауға тиісті емес. Субьект белгілі мағынада обьектіге ұқсайды, бірақ оның материалды формасында емес, рухани, мақсатты. Аквинскийдің пікірінше, таным жекеленген заттардан рухани таным түрлерін қабылдау қабілеттері негізінде құрылған және материалды емес құдайы тіршілікке қатысты қабілеттілігі болып табылады. Сондықтан бұл жаратылыс заттарындағы құдай ізі олардың жаратушыға бағынышты “ашылымы” Фома да барлық таным процесі құдайы себепті соңғы заттардың ашылымына бағынады


1. Сезімталдың танымы.

Фома таным процесі анализін иерархия және сезімдік таным органдары функциясы бөліктеріне түсінік беруден бастайды. Ол оларды ішкі және сыртқы сезімге бөледі. Иерархиядағы бес сыртқы сезімде ең төменгі сатыны түйсіну алады, себебі ол барынша материалды, яғни денемен байланысты. Олай бола тұрсада ең төменгі бола тұрып, ол негізгі рөлді орындайды, сондықтан оған адамның темпераменті ғана емес сезім және ақыл таным органдарының дұрыс қызметі де тәуелді. Ең төменгі сезім разрядына Фома жоғарғы түйсінуден басқа дәм және иіс түйсігін жатқызады. Сыртқы сезімдер арасында ең жоғары ақылға көп қызмет ететін және әбден танымал сезімдер саналатын есту мен көру тұрады.

Адамды ортамен байланыстыратын сыртқы сезімдер жекеленген заттардың сезім бейнесін жасайтын материалды денелердің ықпалына ұшырайды. Сезім танымының жүрісінде Фоманың пікірінше, екі өзгеріс болады. Біріншісі материалды сипат алса, екіншісі – материалсыз. Жаратылыс өзгеруі, -деп жазады Фома “Теологиялық жинақта” өзгеріске жататын субъектінің оның жаратылыс тіршілігінде өзгеріс жасаушы субъектінің формасын қабылдау негізінде, сол сияқты қыздырылған затта жылылық болады. Материалды емес өзгеріс пайда болады, егер өзгеріс шақырушы субъект формасын оның материалды емес тіршілігінде өзгеріске жататын субъект қабылдаса.

Фома сезімдердің дұрыс қызметі үшін материалды емес өзгеріс қажет деп санайды, себебі соның арқасында таным формасы белгілі танымның сезім органында пайда бола бастайды. Түрлі сыртқы сезімдердегі өзгеріс сипаттамасы әр түрлі. Мысалы, көруде материалды емес өзгерістер ғана болады. Ал қалғандарынан біз басқа өзгерістерді байқаймыз. Бұл жеке сезімдердің денелік дәрежесіне тәуелді.

Сонымен қатар танымда ортақ сезім бар, олар қиялмен, еспен және ойлау органымен бірге ішкі сезім тобына жатады. Бұндай сезімнің қажеттілігі жекеленген сыртқы сезімнің көмегі арқылы алынған түйсіктерден пайда болады, тәртіпсіздікпен көзге түседі, олар бір-бірімен байланыссыз. Жалпы сезімнің басты мақсаты топтастыру, сыртқы сезімдер арқылы келген ретсіз әсерлерді белгілеу, ол келісімділік ролін ойнайды, сапаға айырады және іске асырады, қиялдың себебі болады. Ол сезім өмірінің үздіксіз болуын қамтамасыз етеді, ерте бақыланған заттар туралы көріністі жинақталған жалпы сезіммен бекітеді, олармен орнатылған байланысты жоюға жол бермейді.

Жалпы сезімде іске асқан және қиялда сақталған жекеленген заттар түсінігі келесі кезектегі ішкі сезім органын – есті үлгі етеді. Ол адам мен жануарлардың жалпы қасиеті болып табылады. Адам мен жануар есі арасындағы айымашылық, Аквинат пікірі бойынша, бірінші есте сақталғанды белсенді еске түсіру қабілетіне ие болуды негіз етеді, ал екіншісі бұндай қабілетке ие емес.

Сезім танымының соңғы аккорды болып, ойлау органының қызметі табылады. Бұл орган жануарларға тән , ол оларға ненің жақсы, ненің жаман, неден қашу, неден қашпау керек екенін, мүмкін емес жағдайларда дұрыс бағалау түсініктерін пайдалануға мүмкіндігін береді. Егер сөз адам туралы болса, онда Фома ойлау органы туралы айтады. Бұл айырмашылық танымның сезім органдарына ықпал ететін, адамның ойлау қабілетіне не екендігінен туындайды. Оймен адамның ішкі сезімі- ойлау органы арасындағы ұқсастықты көрсеткісі келген Авинат бұның соңғысын ойшыл танымға, яғни бізді танымның екінші дәрежесі есігі алдында әкелген ерекше ақыл деп атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет