ІІІ. Фома Аквинскидің философиясының пайда болуының әлеуметтік және идеологияның алғы шарттары.
ХІІІ ғасыр – бұл жүзжылдыққа тән – жәй, бірақ феодализм саясында оның ыдырауының үздіксіз өсуі, жаңа капиталистік қоғамның пайда болуы.
Батыс Европа елдерінде тауарлы – ақша шаруашылығының дамуы экономиканы анағұрлым жандандырады. Өндірістік қатынастардағы өзгерістер идеологиялық құрлымға белгілі бір қайта құрулар жасады. Осының салдарынан ХІІ ғасырдың соңында ХІІІ ғасырдың алғашқы жартысында феодалдық қалалар өздерінің ойлаған және мәдинетті атмосфера құруға тырысады. Қалалық буржуазия қала мектептерін дамытуға, университеттер ашуға жұмыстанады.
Бұл өмірдің оянуы және ғылыми танымның кеңейтілуі туралы философиялық көрініс аристотелизммен қабылданды. Аристотель философиясында экономикалық- қоғамдық саяси өмірде қолдануға жататын практикалық ұсыныстарды ғана іздеуге тырысқан жоқ. Бұл философия сол кездегі ғалымдарға бұрынғы интелектуалды жағдайдың августинизмнің сәйкес еместігін мойындатуға түрткі болды. Себебі платон дәстүрлеріне сүйенген августинизм жаратылыс ғалымдардың зерттеулеріне қарсы болды. Августин материалды дүниені тану ешқандай пайда әкелмейді, адам бақытын көбейтпейді, керісінше ең маңызды, мәнді заттарды бақылауға арналған қажетті уақытты алады. Августин философиясының девизі: «Құдай мен жанды түсінгім келеді, басқа ештеңе? Мүлде ештеңе!».
Әрине, бұндай түсініктегі философияның жаңа рухтағы ағымдарға шабыттандырушы бола алмайды. Ойлы сұрақтар жаңа философияны талап етті. Дәл осындай болған аристотелизм, ол материалистік бағытта болса да шіркеулік доктринаға ашық қарсы болды. Біркелкі Аристотельдің реализм материализм мен идеализмді келістіруге арналған қадам болды. Аверрон қалыпты аристотельдік реализмді талдай келіп, жекелеген заттар құдайдың жаратуы, ол құдайшыл ойдың жанама өнімі, ал бұл құдайшыл құдіреттің әлемге оның жер әлеміне ықпалын теріске шығарумен теңбе тең деп тұжырымдады. Сонымен, аристотилизм шіркеулік философияға қауір төндірді және католицизмнің негізгі догмаларын жоюға әкелді. Олай болса шіркеудің аристотель доктриналарын таратуға белсенді қарсы шығуы, оның еңбектерін оқуға тиым салуы таң қаларлық жағдай емес.
Бірақ Аристотельге қызығушылық азайған жоқ. Рим куриясы Аристотель еңбектерін оқуға шартты түрде мүмкіндік берді. Егер олар ізденушілікке бағытталып және әртүрлі қателіктерден таратылған болса; яғни барлық материалистік элементтерден айырылған болса, Аристотелизмді шіркеу қажеттілігіне бейімдеу мақсатын доминиканц орденіндегі ғалымдарға сеніп тапсыру шешілді.
Папаның бастауымен интелектуалды (ойшыл) топтардың жаратылыс ғылымы проблемалары мүддесіне қарсы идеологиялық күресі өте жақсы ойлап табылған. Бұл компания ұзақ жылдар дайындалды және шіркеу доктринасы қажеттілігіне бейімделген белгілі бір өз жемісін берді.
Міне, осы аристотелизмнің христиандығына Фома Аквинский өз өмірінің ең үлкен бөлігін арнады. Осыған доминиканцтер орденіне Фома Аквинскийде жетті.
Теология және ғылым.
Батыс Европа елдерінде ХІІ ғасырдың соңында, XIII ғасырда дами бастаған ойшылдар қозғалысы, оның философиялық рухтандырушысы болған Аристотель ілімі ғылымның теологиядан, ойдың сенімнен бөлініп шығуына әкелді . Бұл көзқарас шіркеу мүдделеріне ашық қарама- қайшылық еді, сол себепті осы теология мен ғылымға қатысты сұрақты шешудің әдістерін іздестіру қажет болды. Бұл оңай іс емес еді, білімге толық жек көрінішті насихаттау әдісін жасақтау туралы сөз болды, сонымен қатар, ақыл үстінен сенімге басымдылық танытуда догма ашушыларға ұтымды ой қоса білді. Бұл мақсатты ғылымның аристотельдік концепциясына католиктік талдау жасауға сүйене отырып Фома жүзеге асырды. Сондықтан философияның католиктік тарихшылары Фоманың ғылымды теологияға бағынбайтын салаға айналдырғанына сенімді болды.
Осыған байланысты теология жоғарғы даналық болып табылды , соңғы обьект- құдай әлемнің «басты себебіндей» басқа білімдерге бағынбайтын даналық, Фома ғылымды теологиядан бөлектемейді. Негізінен Аквинскийдің ғылым консефциясы ғылымды теология ықпалынан босатуға бағытталған ұтымды тенденцияларға идеологиялық қарсылық болып табылады. Фома бұнымен тоқтай алмайтын еді, теологияға бұл қажет емес еді. Бұндай көзқарас теологияның басымдылығын және оның басқа ғылымдарға бағынбайтынын дәлелдеді, бірақ ол сол уақыттың негізі болып рим куриясы алдында тұрған теологияны дамып келе жатқан ғылыми ағымдарға бағындыру қажеттілігі, соның ішінде жаратылыс ғылымдары ағындарына бағындыру мақсатын шеше алмады. Сөз ғылымның дербес еместігі, оны теологияның «қызметшісіне» айналдыру жөнінде болды, адамның теориялық және практикалық қызметі теологиядан шығып, онымен байланысты болатыны көрсетілді.
Осы талаптарға сәйкес Аквинский теология мен ғылымға байланысты мешіттің басты бағытын анықтайтын келесі теориялық принциптерді жасады:
1) Философия мен жеке ғылымдар теологияға қатысты қызмет функцияларын орындайды. Бұл принцптің көрінісі ретінде Фоманың белгілі ережесі, теология «басқа жоғары ғылымдардың соңынан ермейді, бірақ оларға қызметші сияқты бағынуға мүдделі». Оның ойынша, оларды пайдалану теологияның жетіспеушілігінің, не әлсіздігінің куәсі емес, керісінше адамның ақылының өте кедейлігінен. Ұтымды білім сенімнің белгілі догматтарының түсінігін жеңілдетеді, әлемдік басты себепті, яғни құдайды тануға жақындатады.
2) Теология ақиқаттарының дерегі ашу болып табылады, ғылым ақиқаттары-сезім тәжірибесі және ақыл. Ақиқатты алу әдісі көзқарасына байланысты Фома білімді екі түрге бөлуге болады деп сендіреді: ақылдың табиғилығымен ашылған білім, мысалы арифметика, өзінің негізін ашылудан алған білімдер.
3)Теология мен ғылым үшін жалпыланған кейбір объект салалары бар. Фоманың есебінше бір проблема түрлі ғылымдарды зерттеуге арналған тақырып бола алады. Ақылдың көмегімен дәлелденбейтін анықталған ақиқаттарда бар, және сол себепті олар теологияның ерекше сферасына жатады. Бұл ақиқаттарға Фома сенімнің келесі догматтарын жатқызды: қайта өрлету догматы, тариотты іске асыру, қасиетті үштік, уақытта әлемнің пайда болуы т.б.
4) Ғылым салалары сенім догматына қарсы тұра алмайды. Ғылым теологияға қызмет ету керек, оның принциптерінің әділ екеніне адамдардың көзін жеткізуі керек. Құдайды тануға ұмтылу шынайы даналық. Ал білім- бұл тек қана теологияның қызметшісі. Философия физикаға сүйене отырып, құдайдың бар екенін дәлелдеуге тиісті, палеонталогияның мақсаты тұрмыс(болмыс) кітабын т.б. бекіту.
Осыған байланысты Аквинский былай деп жазады: ” Жан туралы ойлау үшін дене туралы ойлаймын, ал ол туралы ойлауым жекеленген субстанциялар туралы ойлау үшін қажет, ол туралы ойлауым құдайды ойлау үшін.”
Егер ұтымды білімдер бұл мақсатты шешпесе, онда олардың пайдасыз болғаны және олардан қауіпті ойлар туындайды. Дауласу кезінде түрлі ұтымды дәлелдерді ақиқаттығы және құндылығымен жеңе білетін ашу ақиқаты критериін шешуші болып табылады.
Сонымен Фома ғылымды теологиядан бөлмеді, керсінше еш қалдықсыз оны теологияға бағындырды.
Аквинат шіркеу мен феодальдық таптардың мүддесін қорғай отырып, ғылымға болмашы ғана роль берді. Фома өз кезіндегі ғылыми өмірдің толықтай берекетін кетірді.
Қайта құру кезеңінде және онан да кештеу кезеңде ғылымның теологиялық концепциясы Фомамен жасақталған ғылыми прогресстің докринальды және идеологиялық тежегіші болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |