1.3 Оқушы жетістігін бағалауда критериалды бағалаудың маңыздылығы
Қазіргі таңда еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті- білім берудің ұлттық модуліне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Яғни, қазіргі білім беру концепциясының басты мақсаты: өзінің және қоғамның мүддесіне өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі- өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, шынайы өмірге белсене араласатын, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары, ой-өрісі кең, білім деңгейі жоғары, сауатты, танымдық әрекетке қызығушылығы мол оқушы тәрбиелеу.
Бағалау – одан арғы білім алу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.
Осы бағалаудың өз сабағымда екі түрінде қолданамын, бірақ екі түрін қолданған кезде қандай әдісті алсамда міндетті түрде алдымен бағалаудың критерийін, яғни шәкілін құрастырамын.
Критериалды бағалау- бұл оқушылардың білім мазмұны мен мақсаттарына сай, оқу- танымдық құзіреттілігін қалыптастыруда нақты анықталған, ұжыммен қалыптастырылған, алдын- ала оқушылардың барлығына белгілі білім жетістіктерін бағалауға негізделген үдеріс.
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты: мектепте оқыту сапасын жоғарлату және мектеп оқушылардың білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.
Критериалды бағалаудың міндеттері:
- Сабақтың әр бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға;
- Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті;
- Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға;
- Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға;
- Әртүрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының әділдігіне көзін жеткізуге;
- Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға;
- Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:
- Алдын ала ұсынылған бағалау шкаласы;
- Анық, айқындылығы;
- Бағаның әділдігі;
- Өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі.
Критериалды бағалау жүйесінің мүмкіндіктері:
- Оқу үрдісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейін анықтау;
- Оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауы;
- Әрбір оқушының жеке даму траекториясын бақылау;
- Оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды ынталандыру;
- Оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау;
- Оқу үрдісін ұйымдастырудың және оқу материалын меңгерудің ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-ана арасында кері байланысты қамтамасыз ету.
Критериалды бағалау артықшылықтары:
- Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады;
- Оқушының жұмысын бағалау алдын –ала ұсынылған критерийлерге негізделеді. .
- Бағалау алгоритмі оқушыларға алдын-ала белгілі;
- Оқушы нақты не мақсатта жұмыс істеп отырғанын біледі;
- Оқушыға өзінің білімділік деңгейі анық көрініп тұрады;
- Критерий арқылы бағалау мұғалімнің оқушы деңгейін анық біліп отыруына мүмкіндік береді;
Достарыңызбен бөлісу: |