Сабақтың барысы: Оқушылырдың білімі 6 вариант бойынша жазба түрде тексеріледі. Жұмыстың ұзақтығы 10 минутқа созылыды.
1-вариант.
Түрлі-түсті қарандашпен балықтың қан айналу системасының суретін салу.Стрелкамен қанның бағытын көрсету.Жүректің бөлімдері мен тамырларын атап, олардың тұсына аттарын жазу.
2-вариант.
Ішкі скелеттер мен еттердің балық тірішілігіндегі маңызын түсіндіру.Скелет бөлімдерін атау.Омыртқасыздардың сыртқы скелеті мен омыртқалалардың ішкі скелетіндегі айырмашылықты айыру.
3-вариант.
Балықтың дене қуысындағы органдарды тиісті түсті қарандашпен бояу және мылқау суретке олардың аттарын жазу.
4-вариант.
Ас қорыту процесінің не екендігін түсіндіру. Асты қорытуға қатысатын органдарды санап, атап шығу.
5-вариант.
Балықтың кеудесіндегі және құйрығындағы омырқалалардың суретін салу. Олардың бөліктерінің аттарын жазу.
6-вариант.
Зат алмасудың мәнін түсіндіру. Оған қандай органдар системасы жатады.
Жаңа материалды оқыту: Әңгіме араластыра отырып кіріспе баяндау.Мұғалім сабақтың тақырыбын хабарлап тұрып, оны тақтаға жазады.»Нерв системасының құрылысы», «Қоршаған ортада балықтың бағдарлауы».Содан кейін балықтың желбезектері тыныс алуды, бүйректері зәр шығаруды, жүрек пен тамырлары қан айналуды атқаратынын айта келіп нерв системасы жануардың тірішілігінде қандай роль атқаратының сұрайды. Оқушылардың жауаптарын жинақтай келіп,мұғалім балық нерв системасы және сезім органадарының көмегімен әр түрлі реңді ажырата білетінін, өте нәзік иісті ажырата алатынын баяндайды.Кейбір балықтар әртүрлі дыбыстар шығарады және соған сай өздері әрекет етеді, яғни өзара сөйлеседі.Одан басқа балықтар су түбінің түсіне және судағы өздері жүретін жердегі өсімідіктің түсіне қарай реңдерін өзгерте алады да, сөйтіп жауларына байқалмайтындай жасырына алады. Балықтардың өте ерекше бір қасиеті- терісімен «көру». Соқыр балықта кәдімгі көздері көретін балық сияақты тіршілік етеді: басқа заттарға соғылыспайды және жемін де аулайды.
Достарыңызбен бөлісу: |