Калакай көбелек Күндізгі емен көбелек Траурница
Түрлер
Туыстар
Тұқымдастар
Отрядтар
Кластар
Типтер
Мұғалім түрден типке қарай көтерілген сайын система топтарының арасындағы ұқсастықтар мен туыстық белгілер біртіндеп азая беретініне, ал айырмашылықтар арта беретініне ерекше назар аударды. Сонымен қатар жануарларды типтен бастап түрге дейін қарастырғанда ұқсас белгілері біртіндеп көбейеді де айырмашылықтары азаятыны болады.
Мұғалім оқулықтың форзацындағы суреттерді пайдалана отырып, классификация дегенінің не екенін, сондай-ақ осы күнгі система жануарлардың ғылыми классификациясы болып табылатынын және жануарлар дүниесінің қарапайым формасынан күрделі формасына қарай тарихи дамуын көзге елестететінін түсіндіреді.
Мұғалім жануарлардың әр тобының латын тілінде ғылыми аты болаты-нын баяндайды. Ғылымда латын тілі классияикациялық бірліктерді анықтау үшін халықаралық тіл ретінде қабылдаған. әрбір түрдің аты екі сөзден тұрады. Мысалы:
Түрі – Ванесса калакай көбклкгі
Ванесса туысы Түрі- Ванесса күдізгі емен көбелек
Түрі – ванесса траурница
Қосарынан атау ыңғайлы, өйткені бірден әрбір жануарлардың қай туысқа, қай түрге жататынын көрсетеді. Оқушылар жануарлар классификациясын оқып үйрену процесінде, өсімдіктер дүниесі сияқты, жануарлар дүниесінің де соншалықты орасан көп түрлі екенін байқайды. Әр түрлі жануарлар алуан түрлі тіршілік жағдайында мекендеуге бейімделген. Мұғалім жануарлардың өздері тіршілік ететін орта жағдайына бейімделетіндіктері соншалықты, тіпті олардың басқа ортаға кез болатында жойылып кететініне, мәселен, балық ауада өліп қалса, құрлықта кез келген жануары суда өліп қалатынына ақ аюлар мен пингвиндер полярдын мәңгі мұзында тамаша тіршілік ететін болса, арыстандар мен маймылдар тек климаты ыстық жерде мекендейтініне тоқталып өтеді.
Мұғалім сыныпқа: біз көтеріп отырған жануарлар дүниесі әрдайым осындай болған ба?-деп сұрақ береді. Оқушылардың жауабынан кейін мұғалім қазба жануарлар жайында баяндайды, және Жер бетінде жануарлар дүниесі өзгеріп – дамып отыратынын баса айтады. Ғылым жануарлар дүниесінің өзгермейтіндігі туралы діни тұжырымдардың жалғандығын мәлімдейді.
Оқушылар білімін пысықтау. Мұғалім оқушылардан жануарлар классификациясының қандай маңызы бар екенін, сондай-ақ жануарлардың осы күнгі системасы нені бейнелейтінін сұрайды.
Дара клеткалы (торшалы) жануарлар.
Қарапайымдылар түрі.
Жануарлар әлемін оқу, қарапайымдылар түрімен танысудан басталады. Жануарлардың бұл тобы шығу тегі жағынан ежелгі және морфологиялық, анатомиялық құрлымы жағынан өте қарапайым. Жануарлардың бұл түрлері, барлық организмнің қызметін орындайтын бір ғанаклеткадан тұрады. Ботаника курсы бойынша оқушыларға осы тәріздес бактериялар, балдырлар және бір клеткалысаңырауқұлақтар белгілі. Жануарлар мен өсімдіктер әлемінің биологиялық жағынан ұқсас болуы, органикалық дүниенің шығу тегінің бір екендігін көрсетеді. Сондықтан бір клеткалы жануарлар мен өсімдіктерді өмір сүру ерекшеліктері мен құрылымдарын салыстырып түсіндіру қажет. Мұндай талдау ботаника ережелерін зоология материалдары мен қайта талқылап, оқу арқылы жасалады.
Зоологиялық материалдарды өту кезінде бір клеткалы жануарларға ғана тән ерекшеліктерге (дайын органикалық заттармен қоректеу қозғалу, құрылым күрделілігі) баса мән беру керек. Өйткені оқушылар бір клеткалы жануарлар мен өсімдіктерді бір –бірімен шатастыруы мүмкін. сонымен қатар қарапайым жануарлар, қарапайым өсімдіктер тәрізді планетамыздың алғашқы организімдерінің бірі: Бұл тақырыпты оқыған кезде жануарлар әлемінің, сонымен бірге бүкіл органикалық әлемнің тарихи дамуына түсініктеме берілді.
Қарапайымдар тобына әр жерде жағдайларда кездесетін түрлерге бай. Бұлардың кейбіреулері адам жоғарғы топ жануарлар организімінде кездесетін-діктен оқушыларға жалпы және жеке гигиенаның алатын орнына тоқталып өту қажет.
Безгек паразиті секілді қарапайымдаларға түсінік беру барысында республикамыздағы безгекке қарсы күресу жұмыстары жайлы айтылады.
Нозема споровигімен жүйелі түрде жұмыс жүргізетін отандық жібек шаруашылығымен айналысатын мамандар ғана таныс. Ал Ауғаныстан, Турция, Пакистан т.б. шығыс елдерінде бұл жібек құрты жібек шаруашылығына едаәуір шығын келтіреді. Бұл тақырыпты талдауға 5 сағат бөлінген. І және 5 сабақ тақырыптарына методикалық өндірулер ұсынылады.
Қарапайымдалардың паразиттік түрлері.
Мақсаты: Безгек паразитті мен нозема биологиясымен танысу. Еліміздегі безгек және пебринамен зақымдану ошақтарын жою мақсатындағы жұмыстары жайлы айту.
Жоспар: 1. Оқушыларға таныс, инфекциялық ауру қоздырғыштары бір клеткалы организімді қайталау.
2. Микропрепараттармен өз бетінше жұмыс істеу-безгек паразиттік қарау.
Оқушылармен безгекпен курс жүргізу туралы әңгімелесу
Оқушыларға пебрина қоздырғышына нозема жайлы және оның алдын-алу туралы әңгімелесу.
Жаңа материалды қорытындылау
Үй тапсырмасын түсіндіру.
Жабдықтар: 1. Амеба мен нифузория туфелканың суреті (№1,2 таб)
2. Безгек паразитінің жыныссыз көбею циклі мен жалпы көрінісі (№5 таб)
3. Ноземаның жалпы көрінісі (№4 таб)
4. Тарату материалы-безгек масасының ылғалды препараты.
5. Тірі гамбузия мен карп малкасы бар аквариум.
6. Күкірт салынған пакет.
7. Ахрикин таблеткасы.
8. Безгек паразиті, нозема микропрепараттары.
Сабақтың барысы: мына сұрақтарға жауап беру: қандай түкті өсімдікті организмдер адамдар мен жануарлар организіміне еніп инфекциялық ауру тудырады (ауру тудырғаыш бактериялар бейнеленген таблица көрсетілді). Қандай қарапайымды жануарлар адамдарда ауру туғызады және бұл аурулардың қалайалдын алуға болады? (Дизентериялық амеба бейнеленген сызба көрсетілді). Безгек ауруы неден пайда болады және бұл аурудың алғашқы белгілері. Безгек ауруын қандай дәрілердің көмегімен емдейді.
Оқытушы оқушылар жауаптарын қорытындылап, микроскоп арқылы безгек паразитін көруді ұсынады. Оқущылар безгек паразиті құрылысын белгілі қарапайымдылар құрылысымен салыстырады. (№5 сызба көрсетіледі). Осындай сұрақ қойылады. Безгек паразиті адам организіміне қалай енеді? Жауап: Маса шағуы арқылы.
Оқытушы мұндай масаның сау адамды қалай шағатындығы жайлы айту арқылы жауап беруші оқушының ой-өрісін арттырады (қарапайымжәне базгек масасы бейнелеп сызба көрсетіліп, құрсақ орналасуына жете көңіл бөлінеді).
Әр үстелге безгек масасының ылғалды препараты таратылып, оның суретін салып алу тапсырылды. Таратылу материалдарымен жұмыс істеп болғаннан соң, оқытушы келесі «ТМД» елдеріндегі безгек ауруымен күрес тақырыбын түсіндіруге көшеді.
Оқушылардың бұл тақырып жайлы не білетіндігін анықтау мақсатында, сұрақ қойылады. Ұлы Қазан ревалюциясына дейін және қазіргі уақытта безгекке қарсы күрес қалай жүргізілуде?.
2-3 оқушылар жауап бергеннен соң, оқытушы базгек ауруының ревалюцияға дейінгі уақытта Орта Азия елдеріндегі таралуы және діннің бұл ауру таралуын қалай түсіндіргендігі жайлы әңгімелейді. Бұрынғы уақытты қазіргі уақытпен салыстыра келе, үкіметтің денсаулық сақтау жолындағы үлкен жұмысына, безгекке қарсы құрылымдар жүйесіне дәрігер-мамандар даярлайтын жоғарғы жәнеорта медициналық оқу орындарының құрылуына жете көңіл бөлінеді. Безгекке қарсы күрес екі бағытта жүргізілді. а(безгек масасын жою. Батпақты ойпақ қоныстандыру); б(ауруды дәрі-дәрмектермен емдеу арқылы базгек паразитін жою. Безгек ауруымен ауру оқиғалары саны күрт кемігенін дәлелдейтін статистикалық мәліметтерді көрсету ұснылады. Әңгімелеп болғаннан соң материалы мына сұрақтарды қою арқылы қорытындылады: Безгек паразитінің және амебаның (немесе туфельканың) көбейюінің айырмашылығы неде?. Қандай шаралар қолдану арқылы безгек ауруы жойылда?. Осы сұрақтарға жауап бергеннен соң оқушылар нозема споровигінен танысады. Нозема бейнелеген сызба көрсетіліп, оқушыларға нозема мен безгек паразитін салыстыру ұсынылды.
Оқытушы петрина Кеңес үкіметі жалдары және оған дейін болғандығы жайлы әңгімелейді. Гренат зауыттарының салынуы, таза жібек ұқртының ұрығы алынуына байланысты, бұл ауру толық жойылды.
Мына сұрақтарға жауап беру арқылы сабақ қорытындыларды: Қандай қарапайым жануарларды паразиттер деп, қайсыларын паразит қожайындары деп атайды. Религия инфекциялық ауру таралуын қалай түсіндірді және бұл ауру таралуының шын мәніндегі себептері неде?. Біздің республикамызда қарапайымдалармен қандай күрес жүргізілді және жүргізілуде. (Ұсынылған сұрақтардан оқытушы еркіне қарай 1-2 таңдап алыңдар)
Үй тапсырмасын орындау барысы түсіндіріледі.
Жалпақ құрттар типі.
Тақырыптың білімдік маңызы: Жалпақ құрттар типіне мыналар жатады. Түкті құрттар ақ планариді мысалға алуарқылы танысамыз. Сорғыштар класы (бауыр сорғыш) жалпылама оқытылады. Лента құрттар класы (сиыр цепені) жабысқақ. Құрттар ішек қуыстарға қарағанда морфологиялық және анатомиялық құрылымы күрделі екі жақты симметрялы, дамыған бұлшық ет анық көрінетін органдар жүйесі және жыныстық көбею бұл типке тән құбылыс. Бұл ерекшеліктер жалпақ құрттардың органикалық дүниенің эволюциялық даму сатысындағыорнын анықтайды. Көптеген жалпақ құрттар паразиттік түрде адам, жануарлар организімінде өмір сүреді. Олардың регенерацияда көрінетіндей, қоршаған ортаға бейімделуі қызық-ақ. Бұл тақырыпты өту барысындакүрделі биологиялық түсініктерқалыптасып, қоғамдық және жеке гигиенаны сақтау қамтылады. Біздің еліміздегіденсаулық сақтау және медицина дамуы жайлы мәліметтерді қолдануға болады.
Бұл тақырыпты оқуға 4 сағат берілді.
Түкті құрттар.
Мақсаты: Жалпақ құрттарға жалпылама сипаттама беріп, бұл типтің басым көпшілігі паразитті түрде өмір сүретіндігіне, құрылысы күрделігіне аса мән беру. Ақ планариді мысалға алу арқылы, оларды ішек қуыстылармен салысстыра отырып морфологиялық, анатомиялық құрылымы күрделілігін көрсету.
Жоспары: 1. Ішек қуыстылармен салыстыру арқылы қысқаша сипаттамаберу.
2. Планаридін сыртқы сипатымен танысу. Лупамен және дәптермен өз бетінше жұмыс істеу.
3. Планаридін сыртқы және ішкі құрылысы.
4. Тақырыпты қорытындылау. Планари құрылысын суретін дәптерге салу.
5. Үй тапсырмасын түсіндіру.
Құрал-жабдықтар: 1. Планари, бауыр сорғышы, бұқа жабысқағы, қос жынысты өсімдік гүлі бейнеленген қабырға сызбалары.
2. Планари бейнеленген диапозитивтер.
3. Диапроектор.
4. Фиксаждалған немесе тірі планарилер.
5. Мектеп лупалары.
6. Препаровалданған инелер.
Сабақтың барысы: оқушы жаңа тақырыппен таныстырып, сызбаларды қолдану арқылы жалпақ құрттарды ішек қуыстарымен салыстыра отырып, олардың құрылысын күрделілігіне жете көңіл бөледі.
Салыстыру үшін мына сұрақтарға жауап береді: Ішек қуыстылығы сипаты қандай?. ішек қуыстылар типінің көп түрлі болуы неліктен?. Ішек қуыстыларының табиғатта, дам өміріндегі маңызы қандай?. (Ішек қуыстылар бейнеленген сызбаларды көрсету). Оқушылар жауап бергеннен соң оқытушы жалпақ құрттар паразиттік түрде өмір сүретіндігіне жәнежануарлар мен адамдарда ауру туғызатындығына жете мән бере отырып түсіндіреді. Бұл сұрақты талқылау барысында сорғыштар класына да тоқталып өткен дұрыс (бұл класпен танысуға арнайы сағат бөлінбеген дегенмен оқушылар бұл жануарлар туралы жалпылама мағлұмат алуы тиімді.
Жалпылама сипаттама беріп болғаннан кейін, оқытушы планаридін фиксаждалған препаратын лупа арқылы, оның дене тұрқына көңіл бөліп су жыланмен салыстыра отырып қарауды ұсынады. Оның ерекшеліктерін, түктерін, көзі арқылы бас жағын табуды тапсырады. Тірі планаримен жұмыс істегенде, мұқият препаровалды инемен жануарды түртіп, оның қарсы реакиясына көңіл бөлінеді (дененің жиырылуы нерв жүйесі мен бұлшық етінің жақсы дамығандығын көрсетеді).
Оқушылар өз беттерінше жұмыс істеп болғаннан соң мына сұрақтарға жауап береді. Планаридін су жыланмен салыстырғанда дене тұрқы қандай? Планаридін сыртқы құрылысы қандай (Сызбаларды көрсету). Тірі планаридін реакциясы нені көрсетеді?.
Соңғы сұрақ тірі планаримен жұмыс істегенде қойылады, ал мұндай жұмыс істеу мүмкіндігі болмаған жағдайда оқытушыоларды түрткен кездегі реакциясын толықтырып, жалпылама түсіндіріледі. Ішек қуыстылардың радиалды симметриялы болып келетіндігінен өзгеше бұл типтерге екі жақты симметриялы, шеңбер тәрізді бойлық бұлшық етті және бұлшық ет талшықты болуы қасиеттері арқылы қозғалады.
Су жыланның бұлшық ет жүйесі планаридін бұлшық ет жүйесімен салыстырылып түсіндіріледі.
Ары қарай организімнің ішкі құрылысы және көбею процесі жайлы айтылады. Органдар жүйесі бейнеленген қабырға сызбалары қолдану арқылы әр органдар жүйесі ішек қуыстылармен салыстырылып, ұқсастықтары мен күр-делілігіне жете көңіл бөлінеді. Көбею процесін түсіндіру кезінде гермафродитизм деп аталатын жаңа биологиялық терминге түсініктеме беріледі. сонымен қатар, тағы қандай организмдерде қос жаныстылық құбылысы байқалғандығы еске түсіріледі (гүл бейнеленген сызба қолданы-лады). Жаңа оқу материалы түсіндіріліп болғаннан соң оқушылар дәптерлеріне органдар жүйесі суретін салады. Сурет салу үшін тақтаға «Ақ планаридін» ішкі құрылысы деп аталатын сызба ілінеді, оқушылар өз еріктерімен ас қорту жүйесі туралы айтады. Осыдан соң сызба суретін теріс қаратып, оқушылар естерінде сақтауы бойынша сурет салады. Бұл жұмысты орындауға уақыт жетпеген жағдайда, жұмысты уақытша тоқталып келесі сабақта осы оқу материалы бойынша алған білімін тексеру кезінде немесе үйде орындауға болады.
Ленталы құрттар.
Мақсаты: Ленталық құрттар паразитті түрде өмір сүруі мен құрылысымен, Бұқа жабысқағын мысалға ала отырып таныстыру.
Жоспар: 1. Бұқа жабысқағы құрылысын планаридін құрылысымен салыстырып таныстыру.
2. Жалпақ паразит құрттардың қоректену ерекшеліктері.
3. Бұқа Жабысқағының дамуы және көбеюі.
4. Оқу материалын қорыту. «Бұқа жабысқағы» кинофильмін көріп, оны талқылау.
5. Кішкентей жабысқаты лупа арқылы қарау.
6. Үй тапсырмасын түсіндіру.
Құрал-жабдықтар: 1. Қабырға сызбалары: ақ планари бұқа жабысқағы, бауыр сорғышы.
2. Бұқа жабысқағының ылғалды препараты.
3. Кішкентай жабысқатың фиксаждалған препараты.
4. Мектеп лупалары.
Сабақтың барысы: Сабақтың бастапқы кезеңінде өтілген сабақтар жайлы айтылады. Мұндай еске түсіру кзінде оқытылып жатқан жануарларға тән эвалюциялық белгілерді айқындау мақсатында салыстырулар жүргізіледі. Оқушыларға сұрақ қойылады. Ақ планари қай жерлерде кездеседі және оның өмір сүруі.
Жауап тыңдалғаннан кейін, оқытушы бұқа жабысқағы бейнеленген сызбасын және оның ылғалды препаратын көрсету арқылы оның өмір сүру ерекшеліктерімен таныстырады. Таныстыру барысында бұқа жабысқағының неге бұлай аталатындығы айтылып, планаридін сыртқы құрылыстарынан оның айырмашылықтары көрсетіледі. Ылғалды препарпт жеткіліксіз болған жағдайда, оқытушы өзі ол препаратты әр партаға қойып, (өйткені препарат құртылуы мүмкін), оның басының кішкене болатындығына және соңғы, ортаңғы мөлшеріне көңіл бөлінеді. Препаратты бақылау барысында бас құрылысына, жабысқақтың жалпы мөлшеріне, бунақты мөлшері, дене тұрқына түсініктеме беріледі. Асқорту механизіміне тоқталғанда олардан асқорту органдары болмайтындығы және олар дайын асты бұкіл денесімен соратындығы жайлы айтылады. Планаридін асқорту жүйесі мен және оның қызметі еске түсіріледі. Бұқа жабысқағында неге асқорту жүйесі болмайды?
«Бұқа жабысқағының дамуы» сызбасын көрсету арқылы оқытушы жалпақ құрттардың дамуы мен көбеюі жайлы әңгімелейді. Бұл құрттардың жануарлар организіміне ену жолдары (ірі қара малдарға), личинкалардың пайда болуы және олардың таспа құрт личинкасына айналуы (финна), булардың жануар бұлшық еттерінде орнығып, финозды ет арқылы адам организіміне енуі туралы айтылады. Осыдан кейін ақ планаридің көбеюі еске түсіріліп, бұқа жабысқағының көбеюімен салыстырылады. Оқушылардың жауабынан кейін, оқытушы, басқа да жалпақ құрттарғы тоқталып ит, мысық сияқты үй жануарларында кездесетін кішкене жабысқақты лупа арқылы қарауды ұсынады. Сонан соң жануармен қатынас жасау кезіндегі қоғамдық және жеке гигиенаны сақтау маңыздылығына жете мән беріледі.
мына сұраққа жауап беру ұсынылады: Өз организіміңді, әртүрлі паразит-құрттарды жұғынуынан қалай сақтауға болады.
Оқу материалын қорытындылау барысында, халық денсаулығын мақсатындағы үкімет қамқорлығына аса мән беріледі (жануарлар тек мемлекеттік қасапханаларда сойылады, ет комбинаттарымен сауда жүйесіндегі санитарлық қызмет және т.б.). Бұл түсіндіру кезінде Қазақстан Республикасы Конституция материалдары қолданады.
Дөңелек құрттар типі.
Тақырыптың білімдік және тәрбиелік маңызы: Бұл тақырыпты оқуға, алдыңғы тақырыптағыдай 2 –сағат бөлінеді. Бірінші сабақта аскарида, оның өмір сүруі, құрылысы, көбеюі жайлы айтылады. Екінші сабақта оқушылар дөңгелек құрттардың әртүрімен танысады. Бағдарлама ұсынған бұл тип өкілдерімен басқа, риштагаға тоқталып өткен жөн. Өйткені бұл құрт ревалютцияға дейінгі кезеңде Түркістан өңірі тұрғындарында ауру тудырып, тек Кеңес үкіметі кезінде дәрігерлердің жүйелі жүмыстары арқасында ғана толық жойылды. Бұл тип өкілдерінің басым көпшілігі өсімдік, жануарлар және адам паразиттері болып табылатындықтан бұл тақырыптың тәрбиелік мәні зор. Тақырыпты меңгеру барысында дөңгелек құрттардың сыртқы құрылысымен, паразиттік түрде өмір сүретіндігімен оқушылардың танысуы, олардың жеке және қоғамдық гигиенаны сақтауын қалыптастырады. Бұл оқу материалы өтілген тақырыптармен тығыз байланысты болғандықтан, типтер ұқсастықтары мен ерекшеліктерін салыстыра отырып түсіндіру қажет.
Адам аскаридасы.
Мақсаты: Дөңгелек құрттар типіне адам аскаридасын мысалға ала отырып қысқаша сипаттама беру. Бұл тип өкілдерінің ортақ белгілеріне мән беріп, организімнің қызмет атқаруын, құрылысын, көбеюін және паразитті түрде өмір сүруін түсіндіру.
Жоспар: 1. Жалпақ паразит құрттармен салыстыру арқылы бұл типке қысқаша сипаттама беру.
2. «Аскарида» кинофильмін көріп болғаннан соң, бұлармен өтілген құрттар арасындағы ұқсастықтары мен рекшеліктерін салыстыру.
3. Ылғалды преприпараттармен өз бетінше жұмыс істеу.
Құрал-жабдықтар: 1. Жалпық және дөңгелек құрттар бейнеленген сызбалар.
2. Аскариданың ылғалды препараттары.
Сабақтың барысы: Оқытушы сызбалар мен сұйық ылғалды препараттарды қолданып типке қысқаша түсініктеме береді. Жалпақ құрттар типін еске түсіріп, оған сипаттама беруге болады. Осыдан кейін фильм көрсетіліп, мына сұрақтар талқыланады. Аскариданың сыртқы құрылысы, ерекшеліктері қандай? Сыртқы белгілері бойынша ұрғашысы мен еркегі қалай ажыраты-лады? Ауыз қуысы құрылысының ерекшеліктері қандай? Аскариданың қоректенуінің жабысқақ қоректенуінің айырмашылығы неде? Аскариданың даму және көбею жолдарының, жабысқақ дамуы мен көбеюінен айырмашылығы? Аскариданың адам организіміне тигізетін зияны қандай және оның қалай алдын алуға болады? Бұл сұрақтарға жауап берілгеннен соң ылғалды препараттар таратылады, оқушылар өз беттерінше жұмыс істейді. Препараттар жеткіліксіз мөлшерде болған жағдайда оқытушы сыныпты аралап, көрсетеді. Ылғалды препаратты қрау оқушылардың осы тақырып бойынша алғын білімдерін жетілдіреді, қорытындылайды. Уақыт жеткілікті болған жағдайда, оқушылар дәптерлеріне тип суретін салады.
Паразит құрттар түрлері.
Мақсаты: Паразит құрттар түрлері мен олардың адамдарға, жануарларға және өсімдіктерге тигізетін зияны туралы айтылады. Паразит құрттармен жүргізудегі еліміздің гелментологиясы жетістіктерінің және ауру жұқтырудың алдын алу шараларына тоқталып өткен дұрыс. Түсіндіру барысында Қазақстан Республикасы үкіметінің денсаулық сақту қамқорлығына мән беріледі.
Жоспар: 1. Паразит құрттар түрлері. Фильм фрагметтері мен диапозититер көрсету арқылы паразит құрттар түрлері жайлы әңгімелеу.
2. Паразит құрттарды жұқтырудың алдын алу іс-шаралары және оның маңызы.
3. Қазақстан РЕспубликасы денсаулық сақтау саласы дамуының көріністері ретінде қазақ гелментологиясы.
Құрал-жабдықтар: 1. Паразит құрттар салынған қабырға сызбалар.
2. «Аскарида және шошқа жабысқағы» кинофильмдері.
3. мектептің биология кабинетіндегі сұйық аскарида, жабысқақ эхинококк, финозды ет және т.б. сұйық ылғалды препараттар.
Сабақтың барысы: Өтілген өту материалдарындағы паразит құрттардың құрылысы, өмір сүруі, адам жануар организіміне енуі және олар тудыратын аурудың алдын алу іс-шаралары еске түсіріледі. Сыныпқа қойылатын сұрақтар: 1. Жалпақ паразит құрттарды атаңыздар және олардың адам организіміне ену жолдары.
2. Жабысқақ қалай көбейеді және дамиды.
Жауап тыңдалғаннан соң, оқытушы оқушыларға бейтаныс шашқа жабысқағы жалпақ лентец, эхинококк сияқты ленталық құрттар, олардың адам организіміне енуі және ауру тудыратындығы жайлы, кинофрагменттермен диапозитивтерді, ылғалды препараттарды қолдана отырып әңгімелйді.
Осыдан кейін оқушыларға дөңгелек паразит құрттарды атау тапсырылады. Оқушылар жауабынан соң, сызбалар ілінеді. Көрсетуден соң балалар острицасы ришта т.б. гелменталар жайлы айта келе, олардың өмір сүруінің басты құралына (ілмек, сорғыш), тез көбеюіне жете көңіл бөлінеді. Жоспардың келесі тармағы, парзит құрттардың адам организіміне енудің алдын алу іс-шаралары айтылады. Оқытушы өндірістегі, тұрмыстағы профилактика, отандық гелментолог ғалымдардың жетістіктері паразит құрттар тудырған ауру түрлерінің жойылуы туралы айту арқылы оқушалрдың жауабын толықтырады. Сызбалар сұйық препараттар академик К.И. Скрябиннің пртреті көрсетілген. Әңгімелесу барысында оқытушы ғана емес оқушыларды да әңгімеге тарту ұсынылады.
Үй тапсырмасын түсіндіру кезінде, дөңгелек құрттар жайлы барлық материалдар қайталанады.
Шығыршық құрттар типі.
Тақырыптың білімдік және тәрбиелік маңызы: Шығыршық құрттардың жалпақ және дөңгелек құрттардан айырмашылығы, адам жануар және өсімдік паразиттері болып саналмайды. Құрғақта (жауын құрты) және суда (нереиді) организімнің нақты қатынас жасамай-ақ өз бетінше өмір сүреді. Оларда күрделі де сан түрлі ортада өмір сүруіне байланысты ішкі және сыртқы бейімділіктер қалыптасқан. Бұл жануарлардың айқын көрінетін органдар жүйесі және осы органдар байланысын қамтамасыз ететін қаны бар. бұкіл организімнің қызметіне үйлестіретін, іс-әрекетін бағыттайтын нерв жүйесі де жетілген. Қысқаша айтқанда, шығыршық құрттар өткен тақырыптардағы жануарлармен салыстырғанда даму қатысының жоғарғы басбалдағында тұр. Жауын құрты, Орта Азия сазды топырағын қопсытып, оны оттегімен, қарашірікпен қамтамасыз етілуіне пайдасын тигізеді. Сонымен қатар өтілген құрттардан өзгешілігі шығыршық құрттар көптеген жануарлардың азықтану қоры болып табылады. Міне, бұл айтылған шығыршық құрттар ерекшеліктері тақырыптық оқу-тәрбиелік маңызын айқындайды. Бұл тақырыпқа 3 сағат бөлінген. Бұл оқу құралында сабақтың екі сағатына әдістемелік өңдеу берілген.
Шығыршық құрттар типіне сипаттама.
Жауын құрт аз қылшықтылар өкілі.
Мақсаты: Типке жалпылама түрде сипаттама беру. Олардың сыртқа қөұрылыстары ерекшеліктерін сыртқы орта тітіркендіргіштеріне қарсы реакциясын қозғалу әдісін және өмір сүру ортасын түсіндіру.
Жоспар: 1. Жауын құрттардың, жалпақ және дөңгелек құрттармен салыстыра отырып, оның өзгешіліктері мен ортақ белгілеріне анықтама беру.
2. Жауын құрттарының қозғалу әдісі мен әртүрлі тітіркендіргіштерге қарсы реакциясына анықтама беру.
3. Шығыршық құрттар типіне қысқаша сипаттама беру.
4. Жаңа материалдарды қорыту.
5. Үй тапсырмасын түсіндіру.
Құрал-жабдықтар: 1. Жалпақ және дөңгелек құрттардың ылғалды препарат-тары. Сызбалар.
2. Жауын құрттарын, тарату материалы ретінде әр үстелге тарату.
3. Лупалар.
4. Пинцеттер, тірі жауын құрты салынған петр чащкалары.
Сабақтың барысы: Оқытушы жаңа тақырыпты оқу мақсатын қысқаша түсіндіріп, жауын құртын қарауды ұсынады. Бұл құрттың жалпақ және дөңгелек құрттардан айырмашылығына мән беріп, мына сұрақтарға оқытушы жауап береді. Жауын құрттары қандай ортада өмір сүреді? Жауын құрттардың жалпақ және дөңгелек құрттардан айрмашылығы, ұқсастықтары қандай? олрдың өмір сүруі мен ортасы немен ерекшеленеді? Сұрақтар жауабын оқушылар дәптерлеріне жазып алу үшін, оқытушы жауаптарды айтып, оқып тұрады, немесе алдын-ала арнайы қағазға тушьпен жазылған жауаптар тақтаға ілінеді. Әр үстелге жауын құрты салынған ыдыстар (петр чащкасы), қысқаш пинцеттер және лупалар таратылады. Сабақ басында жалпақ және дөңгелек құрттар бейнеленген, ал осы жануарлардың ылғалды препараттар мөлшері жеткілікті болған жағдайда тарату материалы ретінде қолданылады. Өз бетінше жұмыс істеу уақыты белгіленеді. Бұл жұмыс барысында оқытушы, оқушыларға көмек көрсетіп, сыныптың жалпы тәртібін қадағалайды. Жұмыс аяқталғаннан кейін 5-6 оқушы қойылған сұрақтарға жауап береді. Түсіндіру барысында, олардың жауын құртын бақылау кезінде туындаған сұрақтарына жауап беріледі. оқытушы оқушыларға, жауын құртының қозғалысына қарап оның бас жағын оның тер қабатын саусақпен түрту арқылы шырыш мөлшерін сонымен бірге оның бас жағына қарай саусақпен жүргізу арқылы қылшығын анықтауды ұсынады. Оқытушы жауын құрты осы қылшықтары бойынша аз қылшықтар қатарына жатады.
Үлкен мөлшерде жауын құрты бейнеленген сызба көрсетіледі. Оқушыларға жауын құртын пинцетпен түрту арқылы оның реакциясын, оның қозғалу, көру мүшелері мен жарыққа қарсы реакциясын анықтау тапсырылады. Бұл тапсырманы орындау барысында, жауын құртын түрткен кезіндегіоның бойлық және шеңбер тәрізді бұлшық етінің жиырылуын арнайы қору мүшесінің болмайтындығы, бірақ жарық тітінркендіргішке қарсы реакциясы (жарық жерден жауын құрты ығысуға тырысады) анықталады. Жауын құртын бақылап болғаннан соң, оқушылар өз беттерінше олардың сыртқы құрылыс, қозғалуы, қоршаған ортадағы бағыттары жайлы, жалпақ және дөңгелек құрттармен салыстыра отырып, қорытынды жасайды. Оқушыларға өздерінің өмірлік тәжірибелеріне сүйене отырып, жауын құртының табиғаттағы алатын орны мен маңыздылығын айтуды тапсырады. Оқытушы, оқушылардың шығршық құрттарды байқаудан алған білімдерін қолдана отырып, бұл типтің әртүлері және олардың табиғаттағы рөлі жайлы әңгімелейді (аз қылшықтылар өкілі ретінде нерейда бейнеленген қабырға сызбалары көрсетіледі).
Тақырыпты қайталау және қорыту мақсатында мына сұрақтар қойылады. Жауын құрты сыртқы құрылыстары, ерекшеліктері қандай? Жауын құрты қоршаған ортада қалай бағытталады? Шығыршық құрттар типіне қысқаша сипаттама беріңіздер.
Тақырыпты қорытындылап болғаннан соң үй тапсырмасы түсіндіріледі, және жауын құрттарды табиғатта бақылап отыру тапсырылады. Мына сұраққа жауап беру тапсырылады: Жауын құртының бұлай аталу себебі неде?
Достарыңызбен бөлісу: |