Кіріспе Мақсаты



бет10/10
Дата25.12.2016
өлшемі2,23 Mb.
#5026
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Құстардың көбеюі .

Сабақтың мақсаты: Құстардың көбеюі және дамуы жайында ұғым беру.

Құстың күрделі организмі бірғана ұрықтанған клеткадан дамитынын атап көрсету .



Құстар мен бауырмен жорғалаушылар ұрықтарының ұқсастықтарына негіздей отырып бұл жануарлар топтарының арасында туыстық байланыстың бар екендігін белгілеу.

Методтары: Баяндау, әңгіме.

Құрал - жабдықтар: Табиғи объектілер. Құстардың ішкі құрылысы.

Сабақтың барысы: Сабақтың алдында мұғалім тақтаға сурет салады: жүрек қүрласының схемасын- қызыл түсті бормен , оның сол жақ жартысын ал көк түсті бормен оң жақ жартысын және ас қорыту органдарының схемасын ас қорыту бездерінсіз салады. Екі оқушы тақтаға шығып жауап береді. Біріншісі жүрек бөлімдерінің аттарын жазып көрсетеді, қақпашаларының суретін салады, стрелкамен жүректегі қанның жүру бағытын көрсетеді және мұны ауызша қан барлық органдарға кетеді, ал қан айналымының кіші шеңбері жүректің қай бөліміне басталады?- деген сұраққа жауап берулері керек.



Құс жүрегінің құрылыс схемасы.
Екінші оқушы ас қорыту органдарының схемасы мен аяқтайды, ас қорыту каналының бөлімдерінің аттарын жазады және ас қорыту органының маңызы жайында айтып береді. Осы уақытта мұғалім сыныпқа: құстың ішкі құрлысындағы қандай ерекшеліктер ұшумен байланысты ? Сендер құстан қандай рефлекстерді байқадыңдар? Құстардың зат алмасуының қандай ерекшеліктері бар?Бауырмен жорғалаушылар сирек кездесетін, температурасы төмен аудандарда да құстардың ұшырайтыны неліктен?-деген сұрақтар қояды.

Жаңа материалды оқыту : Мұғалім тақырыпты айтып және тақтаға жазып одан кейін құстың ұрғашы немесе еркектерінің сырттай қарағанда айырмасы бар ма?-деп сұрайды. Оқушылар құстардың еркектерінің реңі ашық түсті болатыны бірақ мұндай ерекшелік барлығында бола бермейтіндігін айтады. Құстардың ұрғашыларында бір ғана аналық без болатынын, онда жұмыртқа клетка бір-бірден ғана жетілетініне оқушылардың назарын аударады. Сондықтан құс бір ғана жұмыртқа табады құстың дене салмағын жеңілдететін мұндай ерекшелік ұшуға бейімделушілік болып табылады.

Мұғалім құстардың қатты қабықпен жабылған әжептеуір ірі жұмыртқа салуымен байланысты жамбастарының алдыңғы және төмеңгі жақтары ашық болатынын айтады.


Сүт қоректілер класы немесе аңдар.

Оқу - тәрбиелік міндеттері: Омыртқалылардың ішіндегі сүт қоректілердің ең жоғарғы сатыдағы жануарлар екенін көрсету .Олардың құрлыстарының жоғарғы екені, жылу беруді реттестіруге қабілеті келіп, жылы қанды болуынан, төлдерін тірі тууынан, нерв системаларының күрделі болып дамуына байланысты мінез- қылығының бейімделгіш келетінінен көрінеді. Тіршілік жағдайына байланысты сүт қоректілердің алуан түрлі болатыны жайында ұғым беру керек.

Биологиялық ұғымдар: оқушыларды сүт қоректілердің сыртқы құрлысымен таныстыру. Сүт қоректілер мен бауырмен жорғалаушылардың сыртқы құрлысындағы ұқсастақтарды белгілеу, тереңдете түсу.
Сүт қоректілердің сыртқы құрылысы.

Сабақтың мақсаты: оқушылардың сүт қоректілердің сыртқы құрлысымен таныстыру. Сүт қоректілер мен бауырмен жорғалаушылардың сыртқы құрыласындағы белгілеу.

Методтары: Баяндау өздігінен жұмыс істеу.

Құрал-жабдықтар: Табиғи объектілер.Сүт қоректілердің тұлыбы.

Сабақтың барысы:Мұғалім өзінің қысқаша кіріспесінде омыртқалы жануарлардың соңғы класы- сүт қоректілер неменес аңдар класын оқытуды бастайтыны жайында айтады; осыдан соң оқушылардын олардың қандай сүт қоректілерді білетіндігін: бұл жануарлады неге бұлай атайтынын сүт қоректілердің басқа жануарлардан қандай айырмашылығы бар екендігін сұрайды.Оқушылардың жауаптарын қорыта келе, мұғалім сүт қоректілердің ерекшеліктерін: денесінде түгі болатынын , тірі туатындарын және төлдерін сүтпен асырайтындығын атап айтады. Мұғалім оқушылардың бауырмен жорғалаушылармен қарағанда сүт қоректілердің аяқтарының жақсы жетілгендігіне, сондықтан олардың денесң жер бетінен жоғары көтеріліп тұратынына көңілін аударады. Жануарлардың көпшілігі қозғалғанда аяқтарының саусақтарына сүйенеді, мұның өзі жануарлардың тез қимылдауына себін тигізеді. Мұғалім оқушылардың назарын түктің қылшығының, түбітінің болатынына аударады және организмнің тұрақты температурасын ұстап тұруда денені жауып тұратын түктің маңызын актап айтады. Бегемот, піл немесе мүйіз тұмсық бұл жануарларда түктің болмайтынына көңі аударады. Бұлардың терісінің жоғарғы қабаты қалың екнін айтады. Жануарлардың көпшілігі жылына екі рет түлейді. Түлегенде түктің қалыңдығы, ал кейбір жануарларда оның түсі де өзгереді. Аңдардың қысқы терілерінің жүні қалың және ұзынырақ болады да, түбітті келеді. Одан басқа кейбір аңдардың реңі жасына байланысты өзгергіш келеді: төлдердің реңі басқаша болады. Сүт қоректілердің терісі, рептилий мен құстардың құрғақ терілерінен басқаша- әр түрлі тер , май,сүт және иіс бездеріне өте бай болады. Тер шыққанда дене салмағы салқындайды, май безінен шыққан зат тері мен түкті майлайды, сүтте төлдің дамуына қаджеті барлық заттар бар, бір жануарлардың денесеіндегі иіс безінен шығатын зат оларды қорғау қызметін атқарса басқа біреулерінде әр жыныстардың бірін-бірі табуына жәрдем деседі. Бұғы мен бөкендердің жас ағатын қапшығынан , сондай-ақ текелердің тұяқтарынан бөлініп шығатын заттар бір түрге жататын особтарды табу қызметін атқарады.Сабақтың соңында мұғалім мынадай сұраулар береді: Сүт қоректілердің басында қандай органдар болады? Сүт қоректілердің көру жіне есту органдарының қандай ерекшеліктер бар? Сипап сезу органдары қандай? Сүт қоректілердің тіршілігінде әсіресе иіс сезімі мен есту органдары маңызының ерекше екенің баса ойтады.
Сүт қоректінің сүйек-ет системасы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сүт қоректілердің скелеті құрлысындағы ерекшеліктермен таныстыру.

Методтары: Мұғалімнің баяндауы өздігінен жұмыс істеуі.

Құрал-жабдықтар: Табиғи объектілер. «Сүт қоректі жануарлар скелетінің құрлысы» таблица.

Сабақтың барысы: Сүт қоректілердің денесін жауып тұратын түктің құрлысы мен маңызы қандай? Сүт қоректлер қай уақытта түлейді? Бұл уақытта түк жамылғысы қалай өзгереді? Сүт қоректілердің алдыңғы және артқы құрлысы қандай?

Жаңа материалды оқыту: Мұғалім оқушыларға сүт қоректілер скелетінің құрлысы да басқа омыртқалылардікіндей екенін айтады:



Скелеттің құрлысы .



Скелеттің бөлімдері


Қандай сүйектерден тұрады

Бас сүйегі

Омыртқа жотасы

Иық ( алдыңғы аяқтары)белдеуі
Алдыңғы аяқтарының

Жамбас белдеуі

Артқы аяқтары
Көкірек клеткасы


Екі бөлімнен: ми сауыты және жоғарғы, төменгі жақтары мен бет бөлімі.
Омыртқалардан тұрады. Омыртқа жотасының бөлімдер. Мойын омыртқа, арқа омыртқа, бел омыртқа, құйымшақ омыртқа, құйыршық омыртқа.
Жауырындар, бұғаналар.
Тоқпан жілік, кәрі жілік пен шыбық сүйегі,

қол басы н/е башпайлары.


Жамбас сүйектері. Ортан жілік, сирақ, тілерсек сүйектері және табан сүйектері.
Қабырға, төс сүйегі.


Өрмелеу қабілетінен айырылған және аяқтары дене бөлігінен параллель жазықттықта бірыңғай қозғалыстар жасайтын жануарлардың бұғаналарының болмайтынын мұғалім атап айтады.

Еттері: Мұғалім оқушыларға сүт қоректілердің бұлшық ет системасы өте жақсы дамығанын және күрделі түрде қызмет атқаратындығын айтады еттердің жиырылуынан организм қозғалғыш келеді де әр алуан қимыл жасай алады. Сүт қоректілердің ет системасындағы ерекшеліктер көкірек қуысымен құрсақ қуысын бөліп тұратын диафрагманың болуы және тері астыңғы жағынан тұтас қабат түзеді. Сүт қоректілер тері астындағы еттерінің көмегімен терінің тіпті кішкентай участктарында қозғалта алады.
Сүт қоректінің ішкі құрылысы.

Сабақтың мақсаты: Оқушылар сүт қоректілердің ішкі құрылысымен таныстыру.

Методтары: Әңгіме өздігінен істелетін жұмыстар.

Құрал жабдықтар: Табиға объектілер. Сүт қоректілердің ішкі құрылысының ылғал препараты.

Сабақтың барысы: Сүт қоректі жануарлар склетінің құрылысы қандай? Жануар қимылдағанда ет қандай қызмет атқарады. Сүт қоректілердің ет системасының қандай ерекшеліктері бар?

Ас қорыту органдары: Мұғалім сүт қоректілердің ас қорыту системасы барлық басқа омыртқалы жануарлардікіндей бөлімдерден тұратын, бір-бірімен бездер арқылы байланысқан ас қорыту түтігі екенін айтады. Сүт қоректілердің жемі тісінің жәрдемімен ауыз қуысында қорытыла бастайды да, сілекей бездерінен бөлініп шығатын сілекеймен ылғалданады.

Сүт қоректілердің тістерінің құрылысы әр түрлі болып, олардың әр қилы қызмет атқаратынына назар аударған жөн. Күрек тістерімен жануар қорегін үзіп алып, ит тістерімен жемін тістеп, өлтіреді де азу тістерімен шайнап жиді. Қоректену тәсіліне байланысты сүт қоректілер тістерінің жетілуі әр түрлі болады. Ас қорыту-астағы қоректік заттардың ас қорыту сөлінің әсерінен өзгеріске ұшырап, организмге сіңірілетін күрделі физиологиялық процесс екенін тағы да атап көрсеткен жөн.



Тыныс органдар: Тыныс алу актысы көкірек клеткасының көлемінің өзгеруі арқылы жүзеге асатындығына және тыныс алу қлзғалыстарында диафрагма үлкен рөль атқаратынына назар аударады. Тыныс шығарғанда көкрек клеткасының көлемі кішірейеді және өкпе де жиырылады.

Қан айналу системасы: «Омыртқалы жануарлардың қан айналу системасы» мен басқа омыртқалы жануарлардың қан айналу системаларын салыстыруды ұсыналы. Сүт қоректілердің жүрегі құстардікі сияқты төрт камералы екенін, қан айналуының артериялы және веналы екі шеңбері бар екенін сондай-ақ қаны артерия қанымен араласпайтынан білетін болады. Осыдан кейін мұғалім зір шығару органдарына тоқтала отырыплның организммен зиянды заттарды шығарудағы маңызын айтады және қорыта келгенде басқа жануарлар сияқты, сүт қоректілерде де өзін қоршаған ортамен үздіксіз зат алмасуға қатысатын органдары өте жақсы жетілген.
Ас қорыту органдары.

Ас қорыту каналдарының бөлімдері

Онымен байланысты ас қорыту бездері.

Ауыз қуысы

Өңеш


Қарын

Ащы ішек


Тоқ ішек

З жұп сілекей берз
Қарын бездері

Бауыр, ұйқы безі, ішек безі.





Сүт қоректілердің көбеюі және дамуы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сүт қоректілердің көбею ерекшеліктері мен таныстыру, балаларын бірі тууы және сүтпен асыраудың артықшылығына назар аудару.

Методтары: Баяндау, әңгіме.

Құрал-жабдықтары: «Омыртқалылардың қан айналуы». Ішкі құрылысы.

Сабақты барысы: Сүт қоректілермен миы құрылысының қандай ерекшеліктері бар? Сүт қоректілерде қандай шартсыз рефлекстер білінеді?

Жаңа материалды оқыту: Мұғалім сүт қоректілерге тән ерекшеліктерге балаларын тірі туу мен ұрықтану ана құрсағында дамуы жататындығын айтады. Көбею органының құрылысы жайында баяндай отырып, мұғалім сүт қоректілердің ұрғашыларында ішінде дамитын ерекше орган-жатырдың болатынына оқушылардың назарын аударады. Басқа омыртқалылардікіне қарағанда, сүт қоректілердің жұмыртқа клеткасы өте кішкене болатынына назар аударған жөн. Бұлай болатын себебі, онда қоректі зат өте аз болады және ұрық аналық организімнен алатын қоректік заттардың есебінн дамиды. Ұрық қабаттары жатырдың қабырғасна жабысады да одан баланың үйі немесе жолдасы түзіледі. Кіндік арқылы қан тамырлары ұрықтан баланың жолдасына келеді. Ұрық жолдасында бала мен аналық организмнің қан тамырлары қосыл-майтынын, алайда тығыз жанасып жататынын айта кету қажет. Тамырдың жұқа қабырғасы арқылы аналық организмнен баланың қанына қоректік заттар мен оттек өтеді, ал ананың қанына көмір қышқыл газ және басқа да зиянды заттар өтеді. Баланың анасының ішінде даму аяқталғанда жолдасы (шуы) жатырдың қабырғасынан ажырайды да, аналық организіммен арасындағы байланысы бұзылады, сөйтіп бала дүниеге келеді. Ұсақ жануардың көптен балалайтыны ал ірілері аз балалайтынын атап айталы. Ін қазбайтын үңгір жасамайтын жануарлардың балалары туа сала өз беттерінше бірден ана-аналарының соңынан ере алатын. Болады. барлық сүт қоректілер балаларын сүтімен асырайды. Сүтте баланың дамуына қажетті заттардың барлығы болады.

Үйге тапсырма беру: Үш оқушыға үйрек тұмсық, ехидна және кенгуру жайында қысқаша хабарлама даярлап клу тапсырыларды.
Жануарлар дүниесі дамуының негізгі кезеңдері.

Сабақтың мақсаты: Жануарлар дүниесі тарихи дамуының негізгі кезеңдерін белгілеу. Даму шежіресінің құрылысы принципі жайында ұғым беру, дамудың өте қарапайымнан күрделіге қарай жүретінін көрсет, жануарлар мен адамның шығу тегі жайындағы діни көзқарастардың ғылымға қайшы екенін айту.

Методтары: Әңгіме араластырып отырып баяндау.

Құрал-жабдықтар: Омыртқасыз жануарлардың барлық типтерінің және омыртқалы жануарлардың кластарының өкілдері бейнеленген шағын суреттер.

Сабақтың барысы: Мұғалім сыныпқа қарап мына сұрауларды береді: әр түрлі жануарлардың құрылысын зерттегенде салыстыру методының қандай маңызы бар? Жануарлардың ұоықтық дамуын зерттеудің маңызы қандай?

Жаңа материалды оқыту: Мұғалім ғалімдардың жануарлар дүниесі жеке топтарының арасында туыстық байланысты және жануарлардың біреулері екіншісінен шығу тегін көрсетіп ғана қоймай, сондай-ақ жануарлар дүниесі дамуының негізгі кезеңдерін де анықтайтынын айтады.

Жануарлардың дүниесінің дамуының үрім бұтақ (эволюциялық) ағаш немесе шежіре ағашы ретінде бейнелеу қабылданған, оның негізгі дінінен кететін жанама бұтақтар немесе тармақтары жануарлардың жеке типтеріне және кластарына сәйкес келеді. Эвалюциялық шежіреде бұтақ дінде қаншама төмен орналасқан болса, оған сәйкес келетін жануарлар топтары соншама бұрын пайда болған және құрылысы да қарапайым болады. Мұғалім осы күнгі қайсы жануарлардың құрылысы өте қарапайым екенін сұайды. Оқушылар қара-пайымдыларды атайды. Мұғалім бірінші-ең төменгі тармақты сызады да : «Қарапайымдар типі» -деп жазды және қарапайым жәндік бейнеленген крточканы соған жапсырып қояды.

Сендер қандай құрылысы төмен көп клеткалы организімді білесіңдер? Ішек қуыстылар қай организімнен тараған? Мұны қандай фактілер дәлелдейді. Оқушылар ішек қуыстыларды атайды, гидра жынысты жолмен көбейгенде бір ғана клеткадан бастап дамитынын естеріне түсіреді. Мұғалім схемаға тағы бір тармақ қосады, ішек қуысты бейнеленген крточканы соған жапсырады және тиісті жазуын жазады.

Бұл жерде көп клеткалы жануарлардың бір клеткалы жануарлардан даму жолын қалай көзге елестетуге болатынына тоқталған жөн, сондай-ақ колониялы форма дайында вольвоксты мысалға ала отырып баяндайды. Вольвокстың колониясында клеткалар бір қабат болып орналасқан. Ішек қуыстылардың да дамуының алғашқы сатысында пішіні шар тәрізді болып, қабырғасы клеткалардың бір қабатынантұрады. Сонымен бірге вольвокстың колониясында клеткалардың қызметіне қарай жіктелу бастамасы байқалады. Осыған негіздей отырып, көп клеткалы жәндіктер ертедегі қандай да бір колониялы жәндіктердің дамыған болуы керек деп жорамалдауға болады. Схемадағы буынаяқтылар типінің орнын анықтаудан бұрын, мұғалім оқушыларға мына сұрақтарды берді: буныаяқтылар қандай жануарларға ұқсас болып келген? Бұл ұқсастық неден білінеді? Оқушылар бұылттық құрттар мен буын аяқтылардың денесінің бунақты болуы насекомдар мен буылтық құрттардың личинкаларының ұқсасболуы, буын аяқтылар мен құрттардың нер системасының орналасуы ұқсас екендігін айтады. Мұғалім омыртқалы жануарларды кластарына сәйкес келетін тамақтарды сзып ,эволюциялық шежіре ағашын аяқтайды. Сүт қоректілердің дамуы жоғарғы құрылысты жануарлардың-маймылдардың, ал одан адамның пайда болуына себепкер болғанын айтқан жөн. Адамның омыртқалы жануарлармен ұқсастығы, адамның жануарлардан жыққандығының дәлелі болады. сабақтың қорытындысында мұғалім шежіреде белгіленген әрбір жаңа типтің, жаңа кластың пайда болуы ұзаққа сөзылған тарихи дамудың нәтижесі екенін атап көрсетеді. Ғылыми фактілерге сүйене отырып, діннің жануарлар мен адамды құдай жаратқан деген пікірін жоққа шығарды.


Қорытынды

    1. Жергілікті жердегі бас аяқтылар моллюскаларға сипаттама беріліп, сабақ өту методикасы жасалынды.

    2. Буынаяқтылар типін оқушыларға түсіндірген кезде оның оқу тәрбиелік міндеттері анықталды.

    3. Өзен шаяны оқушыларға шаянның сыртқы құрылысына қарап олардың құрылысындағы өзендерге тән ерекшеліктер мен оның судағы тіршілік жағдайына сай екендігі табылды.

    4. Жергілікті жердегі кенелер мен танысқан кезде оның өзіне тән ерекшеліктері және оның адамға жабылып кетуінен сақтау шаралары сақталынды.

    5. Жергілікті жердегі насекомдардың классификациясы жасалынды.

    6. Зоология сабағында өлкетану материалдарын пайдалана отырып жалпы білім мектептерінде лқушыларды лқыту мен тәрбиелеуді және оларды еңбекке даярлауды жаңа методтарды қолдап оны одан әрі жетілдір түсу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет