Оптикалық
изомерия
молекулалардың
кеңістіктегі
асимметриясының және сәуле жазыкдығын бүру
қабілетінің
салдарынан туады. Оптикалық изомерия оптикалық активті
заттарда
байқалады
(оксиқышқылдар,
углеводтар,
амин-
қышқылдары, т.б.).
Структуралық және кеңістік изомериясынан басқа, атомдар
тобьшың жай байланыс маңайында
айналу салдарынан туатын,
изомерияның ерекше бір түрі бұрылу немесе конформациялық
изомерия да белгілі. Бұл II тараудың 5 тақырыбында толығырақ
қарастырылады.
Кеңістік
формулалар
және
моделъдер,
Органикалық
қосылыстардың кеңістік құрылысын (стереохимиясын) сипаттау
үшін
проекциялық
және
перспективті
формула
жиі
қолданылады. Бұл формулалармен
біз курсты оқу барысында
әрдайым кездесеміз.
Органикалық молекулалардың стереохимиясын тетраэдрлік
модельдермен көрнекті өрнектеуге болады. Қазіргі кезде кеңістік
модельдерінің екі типі жиі қолданылады: шар-стерженьді және
Стюарт-Бриглеб
модельдері.
Шар-стерженьді
модельдерде
атомдар шартгы түрде
шар арқылы, ал олардың арасындағы
байланыстар стержень арқылы өрнектелген. Мұндай модельдер
атомдардың кеңістікте орналасуын жақсы көрсетеді.
XX ғасырдың 30-жылдарының басында екінші типті модель,
яғни Стюарт-Бриглеб моделі ұсынылды.
Мұнда атомның рөлін
радиусы
атом
радиусына
пропорционал
шарлар
атқарды.
Байланыс түзілудегі электрон бұлттарының өзара
қабысуын
корсету үшін шарлардан кесіп сегмент алады. Енді екі шарды
кесілу жазықгығы бойынша біріктіргенде,
олардың центрлерінің
арақашықгығы атомдар арасының қашықгығына пропорционал
болады.
Бұл модельдер молекуланың кеңістік құрылысын
шындыққа жақын өрнектейді. Бірақ, олар валенттік бұрышты
және байланыс маңайындағы
айналу бұрышын анализдеуге
жарамсыз келеді. Бұл мақсаттар үшін, әдетте, стержендік модель
пайдаланылады.
Модельдердің
өр
түрлі
типі
І-суретте
көрсетілген.
16