Ізгілікті тұлға қалыптатырудағы негізгі факторлар
№
|
Факторлар
|
Мазмұны
|
1
|
Биологиялық
|
Ата – анадан не ата –бабаларынан ауысқан баланың жеке басының ерекшелігін білдіретін қасиеттері
|
2
|
Қоғамдық
|
Қоғамда болып жатқан өзгерістер мен сұраныстардың отбасына тигізетін әсері. Отбасындағы өмір сүру салты мен дәстүрлердің қоғам талабымен сәйкес келуі.
|
3
|
Әлеуметтік
|
Материалдық жағдайдың мүмкіндіктері , денсаулық күйі, өмір сүру құралдарының жеткіліктігі және тағы да басқа жағдайлар.
|
5
|
Педагогикалық
|
Отбасы тәрбиесінде ата –аналардың балалардың жас ерекшеліктері бойынша психологиялық, және даму ерекшелігі бойынша педагогикалық білімдерінің болуы.
|
Сабақтан тыс оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттары
Тәрбие процесінде оқушылардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтамас бұрын, шарттар ұғымының мәнін ашу қажет. Шарттар дегеніміз – белегілі бір объектінің туындауы, өмір сүру немесе өзгеруі үшін қажетті объектілер жиынтығы. Мәселен, әлеуметтік, экономикалық – саяси, рухани жағдайлар оқушы бойында адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың кеңістік – уақыттық, оқу – материалдық, моральдық – психологиялық, эстетикалық, мектеп гигиенасына және қоршаған ортаға сай туындайтын шарттар негіздейді. Бұл шарттар тарихи қалыптасып, педагогикада бейнелер мен түсініктер түрінде қоғамдық сананың формасы ретінде қарастырылған. Демек, шарттың үш түрін бөліп анықтауға болады. Яғни оқушылардың ізгілік құндылықтарын қалыптастырудың деңгейі мына төмендегідей педагогикалық шарттарды ескергенде ғана көтеріледі. Егер:
тәрбие үрдісі оқушылардың ізгілік құндылықтарды игеруіне бағытталса;
оқушылар ізгілік құндылықтарды қалыптастыру мақсатында рефлексивтік іскерлік дағдыларды игерсе;
оқушылар жеке тұлғаның және әлеуметтік мәні бар адамгершілік құндылықтарды өз іс - әрекеттерінде, мінез – құлқы мен тіршілік әрекетінде көрсете алу мүмкіндігін тыңдаса;
Оқушылардың адамгершілік құндылықтары қалыптасуының педагогикалық шарттарының мәнін Ю.К. Бабанский, М.А Данилов, В.С. Ильин, В.М Коротов, В.В Краевский, Б.Т. Лихачев сияқты ғалымдар дәлелдеген тұтас педагогикалық процесс тоериясына сүйеніп, негіздеген жөн.
Құндылықтарды игеру механизмі адамның өзін - өзі айқындау құндылығының үлгісі арқылы жүзеге асады. Өзін - өзі айқындаудың алғашқы кезеңінде оқушы игеретін құндылықтардың мәнін аша келе, ол адамгершілік құндылық бағдарына ие болады, іс - әрекеттер нәтижесінде қабылданған тәрбие негізінде туған болжамды тұжырымдайды, жалған жорамалдан арылып, әбден ысылған, тиянақталған білім, баға сияқты түсініктерді түзе алады. Бұдан келіп оқушы өз бойындағы өзін - өзі айқындаудың адамгершілік құндылықтарын басқалардың адамгершілік құндылықтарымен және адамгершілік құндылық бағдары негізіндегі іс - әрекеттерін салыстырады, әрекеттер мен мінез – құлыққа талдау жасау барысында ол адамгершілік құндылықтарды анықтап, оның өзін - өзі айқындауы жүзеге асады. Бұл аталған екінші деңгейде оқушының өзін - өзі айқындауы оқу – тәрбие үрдісінің жалпы құрылысының құрамды бөліктері арқылы жүзеге асырылады.
Адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудағы оқушының өзін-өзі айқындауының механизмі
Оқушы
ізгілік болжам іс-әрекет
құндылықтарын ұғыну тәжірибесі
жалған жорамалдан арылу
түсінік түрінде алынған білім
оң баға теріс баға
І. Адамгершілік құндылық бағдары
Өзін-өзі айқындауға дейін:
өзінің ізгілік ізгілік құндылықтарға Мінез-құлық, әрекет
құндылықтарын бағдарлану негізіндегі іс-әрекет салындарына талдау
басқа оқушылардың
адамгершілік
құндылықтарымен
салыстыру
ІІ. Өзіне құнды адамгершілік құндылықтарын
айқындайды
Ізгілік – адамның әдептілік, сыпайылылығын, өнегелік, өзара пайымдылығын білдеретін қасиет. Ізгілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері оқушылардың белсенді өмірлік позициясын, қоғамдық сапалық көзқарасын, сөз беен істің бірлігін адамгершілік нормасынан ауытқушылақтарға жол бермеуді қалыптастыру болып табылады.Адамның бойында жеке тұлғалық қасиеттердің пайда болуы, ізгілік мәдениеттің негізін құрайтын адамгершілік құндылықтар жүйесін меңгерумен тікелей байланысты болады.
Осы тұрғыда Л.С Выготскийдің мәдени даму генетикалық заңдылығын қалыптастырған еңбегіне сүйенсек, ол: «Баланың мәдени дамуындағы кез келген қызмет екі түрде пайда болады деп көрсетеді. Бірінші - әлеуметтік, одан кейін психикалық, алдымен ол адамдар арасындағы интерпсихикалық түрде, кейін баланың ішкі жан дүниесінде интрапсихикалық түрде қалыптасады » , - дейді. Құндыылқтардың жеке адамның санасына ену механизмі жеке тұлғаның рухани қажеттілігін түсінуге көмектеседі: объектілерді ұйымдастыру, таңдау, сондай – ақ жеке тұлғаның құндылықтарды тануы мен бағалауын қажет ететін жағдайларды тудыру барысында мақсатты іс - әрекет жүзеге асқан жағдайда құндылықтар жеке тұлғаның қажеттілік объектісіне айналады. Сондықтан тәрбиені жалпы адамзаттық құндылықтардың интериоризациясының ұйымдасқан мақсатты нақты процесс деп қарастыруға болады. Демек, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда оқушылардың өзін - өзі айқындауын іске асыра алатын, іс - әрекеттік бағыт шеңберінде жүзеге асады.
Рухани ізгілік тәрбиенің тағы бір шарты балалардың шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады.
Сонымен қатар, оқушыларды ізгілікке тәрбиелеуде біз тек осы теория мен ғана шектелмей, олардың әрқайсысының өзінің ойларын анықтадық. Бұл курстық жұмысымызды екі негізгі бөлімнен тұратын эксперимент нәтижесімен дәлелдедік. Эксперимент негізінен анықтаушы және қалыптастырушы деп екі бөлімнен тұрады. Эксперимент Талдықорған қаласы, №12 орта мектепте өткізілді. Эксперимент барысында осы мектептің 8 – 9 сынып оқушылары қатысты. Олар өз ойларын еркін және дәлелді жеткізе алды. Анықтаушы эксперименттің мақсаты – оқушылардың ізгілік қасиеттері туралы білімін анықтау және оларды оқу – тәрбие процесінде ізгілікке тәрбиелеу деңгейін дәлелдеу. Сонымен бұл эксперимент барысында мынандай төмендегі сұрақтар қамтылды.
Ізгілік деген терминді қалай түсінесіз?
Ізгілік, адамгершілік туралы ата – аналарыңыз, мұғалімдеріңіз жиі айта ма?
Қазіргі заманда адамгершілігі мол, ізгілік қасиеті толық қалыптасқан тұлға бар ма?
Кім әрдайым үлкенге құрмет, кішіге ізте білдіреді?
Ізгіліктік тәрбие неден байқалады?
Мұғалімдерңіз ізгіліктік тәрбиеге байланысты әр түрлі іс – шаралар өткізе ме?
Міне, осы сұрақтарды қою арқылы біз олардың негізгі ізгіліктік деңгейін анықтадық. Мектеп оқушыларының ізгіліктік тәрбиеге деген көзқарасы өте төмен деңгейде, кейбір оқушылар оның не мағына екенін біле бермейді екен, бұған кім кінәлі, әрине ата – ана, және мұғалім. Әрбір оқушының жан – жақты жарасымды етіп қалыптастыру үшін ең алдымен осындай нәрселерден бастау керек емес пе. Мұнда жоғарғы деңгей – 20% ,орташа 30%, төмен – 50% болды.
Ал анықтаушы экспериментінде анықталған нәтижені қалыптастыру эксперименті негізінде қалыптастыру үшін біз әр түрлі іс – шаралар дөңлелек үстелдер, ашық сабақтар, тәрбие сағаттарын т.б. ойын сабақтарын өткізді. «Ізгілікке тәрбиелеу негіздері» атты дөңгелек үсттел, «Мейірімді анам менің» ашық сабағын, «Тәрбие негізі - ізгілік» атты салтанатты кешін өткіздік. Осының нәтижесінен ғана оқушылардың ізгіліктік, адамгершіліктік қасиеттерін қалыптастыра алдық. Сонымен нәтижесінде жоғарғы деңгей 55% , орташа 33% төмен деңгей - 12% көрсетті.
Міне, анықтаушы экспериментіндегі анықталған нәтижесін қалыптастырушы экспериментінде жүзеге асыра алдық. Жалпы мектеп оқушылары мен мұғалімдер, ата – аналар мұндай өзекті мәселені бірлесе, ынтымақсата отырып реттеуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |