«Кіші мектеп жасындағы оқушылардың даму психологиясы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен



бет57/86
Дата21.07.2020
өлшемі0,75 Mb.
#63615
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   86
Биология Генетика
Қауіптілік факторы
Отбасындағы алкого-лизм тарихы

Профилактика факторы


Интелектінің жоғарғы деңгейі

Әлеуметтік орта
Қауіптілік факторы
Кедейлік

Мінез-құлық нормаларының төмендеуі

Заңсыз мүмкіндіктері
Профилактика факторлары

Жоғары сапалы оқу

Тұтас отбасы

Үлкендердің қызығу-шылықтары






- Айналадағыларды қабыл дау

Қауіптілік факторы


Девиянттық модель қылығы

Ата-аналармен және достар мен конфликтылары


Профилактика факторлары

Жалпылай қабылдаған әрекет моделі

Дивианттық әрекеттерге ба-қыла жасау





Тұлғалық

Қауіптілік факторы

Өмірлік мүмкіндіктерді әлсіз қабылдау

Өзін төмен бағалау

Қауіптілікке бейім тұру
Профилактика факторы

Жетістікке жету мағына-лылығы

Денсаулықтың маңыздылығы

Нормаларды бұзуға шыдамау








Әрекеттер

Қауіптілік факторы

Ішімдікті қолдану проблемаға соқтырады

Профилактика факторы

Шіркеуге бару

Мектептегі қоғамдық жұмыстарға қатысу





14 апта

14 дәріс



Тақырып: Жастық шақтағы психикалық даму

Дәрістің мазмұны

1.Жастық шақ кезеңіндегі даму перспективалары


2.Жалпы денелік даму

Мақсаты: Жастық шақтағы психикалық даму ерекшеліктері жөнінде түсінік беру.

1.Жастық шақ кезеңіндегі даму перспективалары.Ерте жастық шақ- ересектік кезеңге өтудің шынайы деңгейі. 1-тарауда айтылғандай ересектік шақты шартты түрде ерте ересектік шақ (өмірдің 2-ші және 3-ші онжылдығы), орта (4-ші және 5-ші онжылдығы), кеш ересектік шақ (60-65 және одан да көп) деп бөлеміз. Біз, сонымен бірге, жеке индивидуум үшін жас мөлшерінің мәні біршама түрленіп тұруы мүмкін екенін де білдік. Көптеген индивидуалдық ерекшеліктермен бірге ересектің дамуын зерттеу және классификациялау перспективалары қандай? Осы көрсеткіштердің қатысуынсыз даму уақыты және әлеуметтік норма түсінігіне көңіл аударамыз.


Ересек адамның жасын негізге ала отырып, оның даму стадиясын анықтау өте қиын,сондықтан да зерттеушілер даму уақыты түсінігін енгізген. Даму уақыты ішкі графиктіңформасы болып табылады; олар бізге өмір жолында озып келемін бе немесе артта қалып келеміз бе соны білуге мүмкіндік береді. Мысалы 35-жастағы колледж студентін артта қалушы ретінде, ал 35-жастағы пенсияға шығуды ойлаушы адамды өз құрдастарынан алда келе жатырған адам ретінде қарастыруға болады. Даму уақыты мәдениет нормасына сай белгілі оқиғалар біздің өмірімізде қашан болуы мүмкін деген сияқты білімдерді бізге бере алады. Егер осы оқиғалар біз күткеннен ерте және кеш бола қалса, график бойынша қозғалғаннан гөрі осы кезде қайғыруларды бастан өткеріп және құрдастарымыз жағынан аз демеу көруіміз мүмкін.Басқа сөзбен айтқанда бізге өмірдің әр түрлі периодымен байланысты, іштей күтулер, кернеуді сезіну және қысым тән. Бұл шекаралардың биологиялық және психологиялық негізі болғанмен- әйелдер, ереже бойынша, менопоузадан кейін жүкті бола алмайды; ересек ер адамдар кейде бала тәрбиесінде кездесетін қиындықтарға тап болғысы келмейді- олар көбіне әлеуметтік жағынан анықталады. Мысалы, егер біз жаңа туған сәбиін құшақтаған жұпты бақыласақ, екі жұптың жасына байланысты біздің реакциямыз әр түрлі болуы мүмкін. Біз ол жұптың мотивациясын әр түрлі түсінеміз және сол себептен олармен өзімізді әр түрлі образда ұстаймыз.

Бернис және Дэйл Ньюгартен зерттеулері бойынша АҚШ-тың мәдениет аймағында соңғы он жылда өткен мен салыстырғанда біздің уақытымызда даму уақытының жоғарғы иілгіштігіне алып келген «дәстүрлі өмір периодының шайылуы» жүрді. «Дәстүрлі емес» студенттер 35-45 жас және одан да кейін мамандық алуға оралып жатады, көптеген жұптар тұңғыш нәрестенің дүниеге келуін өмірдің 3-ші онжылдығының ортасына немесе соңына қалдырады. Жанұя құру, айырылысу, қайтадан некеге тұру тек ерте ересектік шақта емес, бүкіл өмір барысында кездесіп отырады.

«Хронолгиялық жас» түсінігі бізге көбіне оқиға жайында шынайы көріністі бере алмайтынын ескеру қажет. Ситуацияны биологиялық, әлеуметтік және психологиялық көзқарас бойынша қарастырған жөн. Индивидтің тиесілі өмір жолының жағдайын көрсететін биологиялық жас бір индивидумнан келесі индивидумға белгілі бір дәрежеде ауысып отырады. Жүрегі әлсіз және ақырғы күні жақындаған 40 жастағы адам 35 және одан да көп өмір сүре алатын дені сау 40 жастағы адамнан өзінің биологиялық жасы бойынша ерекшеленеді. Өз, кезегінде, әлеуметтік жас мәдени нормалармен салыстырғанда индивидтің тура статусына қатысты. Үш баласы бар 40 жастағы некеде тұрған ер адам, 40 жастағы бойдақ бала сүюді жоспарламаған кездейсоқ байланыстарды дұрыс деп санайтын ер адамнан өз дамуы бойынша ерекшеленеді. Психологиялық жас адамның қоғамның талаптарына қаншалықты деңгейде жауап бере алатынын және бейімделе алатынын анықтайды. Ол өзіне интеллект деңгейін, оқуға деген қабілеттілік және моторлы дағдыларды, сонымен қатар үрейлену, мотив сияқты сипаттарды қосады.

Ересек дегеніміз не? Биолгиялық, әлеуметтік және психолгиялық жас ересектікті жасайтын және сонымен тығыз байланыстылығына қарамастан, оны бірінші жасаушылар психолгиялық сипаттамалар болып табылады.



2. Жалпы денелік даму

Өмірлік оқиғаға біздің реакциямыз белгілі бір жағдайда физикалық қабілеттілікпен, яғни, біздің денсаулығымызбен, физикалық қалпымызбен және күшімізбен анықталады. Ерте ересектік шақта әрбір физикалық даму аспектілері өзінің максимумына жетеді. Көпшілік адамдар бұл кезеңде өте мықты және дені сау болып келеді.

Күш және шыдамдылық.

Ерте ересектік шақта, яғни, 20-40 жас аралығындағы адамдардың көпшілігі басқа даму тобының адамдарымен салыстырғанда өсу энергиясынан, күшінен және шыдамдылығынан ләззат алып отырады. Бұл берілген жастың айқындығына жету нормативтілігі болып табылады.

Ереже бойынша, органдардың қалыптасуы, қозу уақыты, күш, моторлы дағды және сенсомоторлы кординациялар 25-30 жас аралығында максимумына жетеді, ал содан кейін олар жайлап төмендей бастайды. Бірақта бұл төмендеу 30-40 және 40-50 жастағы көпшілік адамдардың айтуынша онша көп емес. Көптеген зерттеулер биолгиялық жүйедегі функционалды деңгейдің төмендеуі 40 жастан бастап туындайтынын дәлелдеген. Олай болса, 25-30 жастан кейін пайда болатын продуктивтіліктің максималдылығы спортшыларға маңызды болуы мүмкін, себебі, ол басқа адамдарға қарағанда аз қолданады. Барлық жүйелер өзінің максимумына берілген кезеңде жетпейді. Мысалы, көру аккомодациясы орта балалық шақта төмендеуі мүмкін. Шамамен 20 жастан бастап көру өткірлігі өте жай қалыпта төмендейді, ал 40 жастан бастап қарқынды төмендей бастайды.

Физикалық ақыл-ой және қабілеттің төмендеуі көбінесе критикалық ситуацияда және күштің максималды дайындығын талап ететін экстремальды жағдайда көрінеді. Мысалы, егерде шамамен 40 жастағы әйел адамның жүктілігі оның 20-30 жастағы жүктілігімен салыстырғанда физикалық шыдамдылыққа төзімсіз және ауыр болып келеді. Сонымен қатар жасы үлкен әйелдердің баланы босанғаннан кейінгі қалыпты өмірге келуі ұзаққа созылуы мүмкін. Сол сияқты 25 жастағы ер адам 40 жастағы ер адаммен салыстырғанда көптеген қиын жұмысты істеуге икемді болып келеді.

Ерте ерсектік шақ- салауатты өмір кезеңі. Бұл кезеңдегі адамдардың көпшілігі диета сақтауды, уақытында физикалық жаттығу орындауды және зиянды әрекеттерден аулақ болуды дағдыға айналдырады. Кеш ересектік шақпен салыстырғанда ерте ересектік шақтағы адамдар артық салмақтан аз уайым шегеді.

Ерте ересектік кезеңде қалыптасқан денсаулық және физикалық жаттығумен айналысу дағдысы кеш ересектік шақтада сақталынып қалады. Бірақта денсаулықпен және физикалық формамен байланысты нұсқаулықпен тәртіп өзгеруі мүмкін. Себебі адамар бұл кезңде дағдыларды қалыптастыру маңызды деп есептеп, мұндай кезге қарсы тұруға бейім болады.



15 апта

15 дәріс



Тақырып: Жастық шақтағы психоәлеуметтік даму

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет