393
Зерттеліп отырған кезеңде жаңа сөз жасауда әсіресе көзге
түсетін амалдың бірі –
хана, жай, хат, нама/наме, аңы, сөз, май,
тану
деген толық мәнді лексикалық бірліктердің жаңа сөз жасай-
тын жұрнақтардың қызметін атқарушы элементтерге айнала ба-
стауы. Бұл сөздер өзге түбірлерге жалғанып, әрқайсысы өздерінде
бар семантикалық реңктерінің бірін сақтап, неологизм жасайды.
Мысалы,
хат
сөзі бұл құрылымдарда өзінің тіке номинативтік
мағынасынан айрылып, жалпы жазылған дүниенің бір түрін атауға
көмектеседі. Айталық,
баянхат
(рапорт),
қолдаухат
(рекоменда-
ция),
үндеухат
(воззвание),
әсемхат, ашықхат
(открытка),
жедел-
хат
(телеграмма),
бақұлхат
(завещание),
нұсқаухат
(инструкция)
деген ондаған жаңа туындыда
хат
сөзі белгілі бір жазба дүние ата-
уын білдіретін аффиксоидқа айналып тұр. Көрсетілген өзге сөздер
де осындай: өздерінің нақты лексикалық мағыналарынан айрылып,
бірақ бір семасын (мағыналық реңкін) сақтап, жаңа сөз жасайды.
Бұлардың ішінде әсіресе -
хана:
зертхана
(лаборатория),
перзент-
хана
(жас сәбилерді тәрбиелейтін орын),
бұзаухана
(бұзауларды
ұстайтын қора),
мәйітхана
(морг);
-нама/-наме:
текнама
(генео-
логия),
рұқсатнама
(виза),
заңнама
(законодательство),
ғұмырнама
(мемуар),
қазанама
(некролог) т.б.
Кейінгі кезеңдерде осындай аффикстік қызмет атқарушы ретінде
-
Достарыңызбен бөлісу: