394
тұлға (бір сөз) ретінде ұсынылды:
қойтас, малтатас, жақпартас,
үйтас
деген сөздердің біріккен тұлға ретінде ұсынылуы
тас
сөзінің
аффиксоид қызметін атқарып тұрғанын көрсету деуге болады.
Бұлардың ішінде соңғы кезеңнің неологизмдері де бар:
құйматас
(бетон),
гіртас
(гири).
Бірді-екілі сөздің аффиксоитар ғана емес,
сөз алдынан келетін
префиксоидтің қызметіне ұқсас келетін тұстар да бар. Мысалы,
ойтүрткі, ойтамызық, ойтолғам
сөздерінде
ой
сөзі,
түпсана
(под-
сознание),
түпдерек
(источник),
түпнұсқа
(оригинал),
түптұлға
(прототип) деген терминдердегі
түп
тұлғасы
жаңа сөз жасайтын
префикс қызметін атқарып тұрған сияқты. Әрине, бұл сөздердің таза
жұрнақтардан айырмасы үлкен, әсіресе семантикалық сипаттары екі
бөлек. Соңғы 10-15 жылдың барысында
тас
сөзімен жасалған жаңа
сөз жоқ. Тек бұрын бөлек жазылып келгендерінің біріктіріп берілуін
лексика-орфограммалық жаңалық деуге болар.
Жұрнақ
жалғау арқылы жаңа сөз жасау бүгінде де күшін жой-
майды, керісінше, толық мағыналы сөздерге
сөз тудырушы қызмет
жүктеліп, олар семантикалық-морфологиялық жаңа статусқа ие
болып отыр,
яғни оларды тілдің өзі
Достарыңызбен бөлісу: