239
Тіршілік
жалаңаштанып киініп алатын, үлкен отыр-ау, кіші отыр екен-ау демей
тайраңдайтын, ішімдіктің небір шетелдік түрлерін ішіп, шылымның
да
жоғары сорттарын шегіп, оза шығып, ирелеңдеп, қиралаңдап би-
леп ала жөнелетіндерді көргенде еріксіз төмен қарайсың. Олардан
қандай жар, қандай ана шықпақ? Жарасымды тату-тәтті отбасының
берекесін сақтау, әмәнда, әйелдің қолында ғой.... «Жақсы әйел жаман
еркекті адам етеді, жаман әйел жақсы еркекті надан етеді» дегендей,
жақсы қыз тәрбиелесек – жақсы ана, жақсы әйел тәрбиелегеніміз. Рас,
кейде көргенді жерден шыққан тәрбиелі қызды
бір берекесі кеткен от-
басына тағдыры тап келтіріп, опық жеуі де мүмкін. Он саусақ бірдей
емес дегендей, сан түрлі адамдар бар. «Әйел жолы жіңішке» деген
ғой. Бірақ, тіпті сондай күйге тап болғанның өзінде өзінің инабатымен
жеңіп, көргенділік қасиетін сақтай білу де, шая-пая болып, бет-жүз
жыртысып жатпау да киелі көргенділік, тектіліктің нышандары.
Бірде мектепті орысша бітіріп,
әрі қарай білімін сол тілде
жалғастырып жүрген, бірақ мықтап қазақи тәрбиеленген, талғаммен
киінетін, қолаң шашты, әдепті бір қыз баланың; «Сіздер қыздардың
бәрі мендей болады деп ойлайсыздар. Мысалы, біздің курстағы қазақ
қыздарының ішінде, сіздерше айтқанда, мен ғана «тәрбиелімін». Ал,
жігіттер жағы маған «модадан артта қалған» немесе «оқу өткен қыз»
деп қарайды. Жігіттердің көпшілігі ашық түспен боянып, мини киіп,
ұзын, қып-қызыл тырнақты саусақтарына шылым қыстырып,
аяқты
айқастырып, жаргондармен сөйлеп отыратын қыздарға үйір келеді.
Соларды «цивильный» дейді, – деп налығанын естігенім бар. «Заман да
басқаша бет бұрар, жігіттеріміздің де көзқарастары өзгерер, осы бір
жарым милион тұрғыны бар оңтүстік астанамыздан сенің қадіріңді,
қасиетіңді таныр, маңдайының бағы жарқыраған бір жігіт өзіңді
күтіп жүрген болар. Тек осы қалпыңнан, пәктігіңнен, ақтығыңнан,
әдептілігіңнен, инабатылығыңнан ажырап қалмашы, қалқам!
Құдай
сендейлерге тек бақыт берсін! – деген тілектерімді қалай тездетіп
айтып жібергенімді байқамай қалдым, тіпті сол киелі қасиеттерінің
бәрінен тап қазір ғана бас тартатындай көрініп кетті білем! Біраз уақыт
өткеннен кейін сол қыздың өз бақытын тапқанының куәсі де болдым.
Ауылды жерден қалаға келіп, бірден оқуға түсе алмай неме-
се жұмысқа орналаса алмай қиналып, тағдыр тәлкегіне түсетіндер
қаншама! Түрлі мерзімді баспасөз ақпарларында жазылып жатқандай,
тастанды ұрпақтарымыз жетімдер үйлерінде ең жоғарғы пайыз екен.
Бұл жай жаңағыдай қыздарымыздың көбеюінен туып отырған жағдай.
Ауылды жерлерде оларға тағы да қамқорлық жоқ. Көп жерлерде