Ұйымдастырушы-лық,
оқытушылық,
қызықтырушылық
|
Шаттық шеңбері.
Шеңберге тұрғызып, төмендегі өлең жолдарын айтып, қимылдар жасайды.
Достық туралы өлең.
Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлтың баласы
Достығымыз жарасқан.
Ортақ бізге бір Отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жер ортақ,
Ортақ бізде барлығы.
Туыспыз біз бәріміз,
Бір Отанды сүйеміз.
Бақытты елде туған соң,
Бақытты өмір сүреміз.
(Е. Елубаев)
|
Шеңберге тұрып, тақпақты қимылмен
айтады.
|
Ұйымдастырушы-лық –
ізденушілік
Көркем әдебиет орталығы
|
Әңгіме.
-Ал, балалар, бәріміз өз орнымызға жайғасып отырамыз.
Бүгін біз Қадыр Мырза Әли ағамыздың «Екі дос» өлеңін оқып, мазмұнын ашамыз. Өлеңді мәнерлеп оқып беру:
...Шекіссек те екеуміз,
Үйге жылап қайтпаймыз.
Сөзімізге бекембіз,
Анамызға айтпаймыз.
Естімесе өздері,
Айтып қанша қажеті?
Біліп қойса
Біздерді
Ойнатпайды бір жеті.
Өлең шумағында не жайлы айтылғаны туралы түсіндіру.
-Балалар,біз бір – бірімізбен қандай болуымыз керек?
-Өз достарың туралы айтып беріңдерші.
Мақал-мәтел айту арқылы қорытындылау, сөз қорларын молайту:
Досы барды жау алмайды.
Досын сатпайды,
Аққуды атпайды.
Жүз теңгең болғанша,
Жүз досың болсын.
Күннің ІІ жартысында Музыка.
|
Өлеңді мұқият тыңдап, жаттап алады.
Балалардың жауабы.
Мақалды бірге қайталайды.
|