Күнбағыс майы. Күнбағыс дәнін нығыздау немесе экстракциялау арқылы алынады. Нығыздап алуда майды шинекті нығыздатқышта қысыммен бөледі. Экстракциялық тәсіл майды бензинмен ерітіп, әрі қарай су буымен дистилляциялау арқылы бөлуге негізделген. Экстракцияланған май тағамға арналған болса, міндетті түрде тазартылады және дезодарантталады.
Тазарту деңгейіне байланысты майлар тазартылған, гидратталған болып бөлінеді.
Тазартылмаған май тек қана механикалық сүзу, центрифугалау немесе тұндыру арқылы араласқан заттардан тазартылады. Мұндай май ашық түсті, жақсы білінетін түсі мен иісі бар, тұнған кезде тұнба түзеді, тез бұзылады.
Тазартылмаған майды – жоғары, бірінші сортқа; гидратталған майды- жоғары, бірінші және екінші сорттарға; тазартылған дезоратталған майды сортқа жатқызбайды.
Достарыңызбен бөлісу: |