2. Аневризмадегеніміз – қан тамырларының белгілі бір аумағында кеңейіп, көлемінің үлкеюі, оны қан тамырының жарығы деп те атайды. Туу себебіне байланысты:
Жарақаттан пайда болған Патологиялық
Паразитарлық болады.
Зақымдалған қан тамырларына байланысты:
Артериалды Артериалды-венозды болып бөлінеді.
Қан тамырлардың аневризмасы артерияның механикалық зақымдалуынан, созылмалы артериитте инвазиялық ауруларда дамиды. Кейде қатар тұрған артерия мен вена бірге зақымданса, артериявеноздық аневризма дамиды. Мыс: ірі қара малда пішуде ішкі ұрық артериясы мен венасы, жылқыда – ұйқы артериясы мен күре тамырда қан алу шараларында кездеседі. Артерияда қысым жоғары болғандықтан, қан венаға ауысып, шынайы аневризма пайда болады. Ал қанның бір бөлігі венаға бармай айналасындағы ұлпаларға тарайды.
Клиникалық белгілері: Қан тамырының аневризмасының дамуы өте жай және ұзақ уақытқа созылады. Зақымдалған қан тамырларының айналасында пульсті домбығу пайда болады. Басып көргенде домбығу жоқ болып, кейін жіберсе қайта пайда болады. Домбығудың төмен жағын бассақ, ол үлкейіп ұлғаяды, ал жоғарғы жағын бассақ қанның аққан шуы естілмей, пульсі жоғалады.
Емі: Тек қана хирургиялық тәсіл. Аневризмаға жақын жерден орталық қантамырын байлап, қантамырдың кеңейіп кеткен тұсын кесеміз де оның ішін тазалаймыз.
Эмболия- артерияның бітелуі, оның пайда болуына операциядан кейін қан тамырына майдың басқа да ұлпалардың кішкене бөліктерінің енуінен, аневризмада тромбтың енуінен туындайды. Ол заттар қан тамырларының тармақталған және кішірейген тұстарында туындайды. Ол заттар қан ағысымен ағып келіп қан тамырларының тармақталған жерлерінде, кішірейген тұстарында бітеліп тұрып қалады. Бұл кезде кенеттен және өте қатты сезілетін ауырсыну пайда болып, мал жүргенде ол үдейеді. Навокоинмен өткізгіштік тежеу жасаса ауырсыну азаяды. Кейін тәулік ішінде аяқтың ауырсыну және сезіну сезімталдығы жоғалып, жүру қиындайды.
Емі: оперативті- эмболияны кесу, неғұрлым ерте жасаған жөн. Эмболияның кенеттен пайда болған белгілері анықталған кезде. Малға антибиотиктер, антисептикалық дәрілер, спазматикалық және фибриномитикалық ферменттер мен дәрі- дәрмектер.
Артериит- артерияның қабынуы, ауыл шаруашылық малдарында өзінше жеке ауру болып кездесуі өте сирек. Көбінесе флегманада, остеомилитте, ойылымда және сепсисте дамиды. Ішкі (эндо), ортаңғы (мезо). Сыртқы қабаты қабынса – периартериит, барлық қабаты қабынса – панартериит дейміз. Сонымен қатар іріңді және некрозды аралас болады. Жіті және созылмалы болып бөлінеді.
Іріңді артериитте тамырдағы тромб қоздырғыштық әсерінен іріп-шіріп, іріңді эмболдарға айналады, ол бүкіл денеге тарап сепсисті тудырады. Созылмалы өтетін артерииттерде тамырдың ішкі қабаты қабынудан қалыңдап, артериялық өткізгіштігі азаяды, қантамырлары толық бітеліп қалғанда өліеттену мен гангрена дамиды.
Емі: туу себебін жою, флегмонаны, остеомилит және т.б. ауруларды емдеу. Артерия ішіне навокаинмен бірге антибиотиктер енгізу. Қантамыры тарылғанда оны кеңейту мақсатында қанмен жақсы қамтамасыз ету үшін артерия мен сол тамырды жүйкелейтін жүйкені алкаголмен емдейміз.