Тапсырманыорындау тәсілі Ісіктер қатерсіз және қатерлі болып бөлінеді. Қатерсіз ісіктерді төменгі айтылған белгілерімен анықтаңдар – қатты жұмыр домбығу, ауырсынуы, қызуы болмайды, тері астында айналасындағы ұлпаларға тығыз байланысы, кейде түбірі жіңішке келеді. Бұларға фиброма, папиллома /сүйел/, липома тағы басқалары жатады.
Қатерлі ісіктердің беті бұжыр-бұжыр болып кейде шұрық тесіліп жараланып тұрады, айналасындағы ұлпалармен тығыз байланысқан, түбірі жайылып біткен. Ісіктердің жалпы бір ерекшелігі – пайда болуы ұзақ уақытқа /6 айға дейін/ созылады. Диагнозға толық көз жету үшін биопсия жасайды.
Осындай белгілерімен ісіктің түрлерін анықтап ем қолданыңдар.
Емі. Папилломаны түбінен 0,5% новокаин ерітіндісін жіберіп немесе оны қан арқылы жіберіп емдейді. Түбірі жіңішке болған жағдайда жіппен, қылмен қысып байлайды, кейіннен сүйел өліеттеніп түсіп қалады. Мұндай емге мүмкіншілік болмаған жағдайда операция жасап сылып алады.
Қатерлі ісіктерде түбірін кеңінен сылып алады, орнын ляпис таяқшасымен күйдіреді. Операцияны қан ағысын тоқтатып, антисептикалы ұнтақтар сеуіп терісін тігумен аяқтайды.