Конспектісі 1 Тақырып. Кіріспе. «Қазақстан тарихы»


«ОРЫНБОР қырғыздары туралы ЕРЕЖЕНІҢ» қысқаша мазмұны



бет12/26
Дата08.02.2023
өлшемі0,55 Mb.
#167944
түріКонспект
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26
Байланысты:
дәрістер курсы-1 (1)

«ОРЫНБОР қырғыздары туралы ЕРЕЖЕНІҢ» қысқаша мазмұны
1824 жылы Орынбор генерал-губернаторы П. К. Эссем "Орынбор қырғыздары уралы уставтың" жобасын талдап жасады. Бiрақ ол азиялық комитетте тек 1824 жылы ғана қаралып, қабылданды. Сол жылы күзде хан өкіметін жою ұйғарылды. Кiшi жүз - билеушici сұлтандар басқарған үш бөлiкке бөлiндi. Шығыс бөлiмде халықтың негiзгi бөлiгi тобын Әлiмұлы, Шөмекей және қыпшақ ұрпақтарынан тарағандар құрады. Орта бөлігi Жетiсу мен iшiнара Әлiмұлы ұрпағынан қалыптасты. Батыс бөлiмнiң құрамына Байұлы ұрпағы ендi. Жүздi бөлу рулардың қоныстануына және билеуші-сұлтандардың олардың арасындағы ықпалына қарай жүргiзiлдi. Сондықтан бөлiктер территория тұргысынан да, халқының саны жағынан да бiркелкi болмады. Билеушi-сұлтандар ic жүзiнде Орынбор шекаралық комиссияның чиновниктерi болды. Билеушi-сұлтандар билiгiнiң күшеюi мен мемлекеттiк қызметте жоқ. султандардың маңызы төмендедi, мұның өзі қазақ арстократиясының өктемдiгiн әлсiреттi. Шекарлық комиссияның құрамына председатель, төрт кеңесшi, ауқатты қазақтардан 4 заседатель ендi. Шекаралық комиссияның мiндеттерi: қырда тәртіпті сақтау, қазақтардан шыққан жергілікті чиновниктер мен қамқоршылардың әрекеттерiн бақылау, салықтар жинау, сот icтеpi, медицина жағына бақылау болды. (290)
Жергiлiктi әкiмшiлiктiң құрамына жүздер бөліктерiнiң билеушi-сұлтандары, дистанциялар мен жергiлiктi жерлердiң бастықтары ендi. Билеушi сұлтандарды Орынбор әскери губернаторы, ал қалrан шендегiлердiң бәрін шекаралық комиссия тағайындады. Әрбiр билеушi сұлтанның жанында 100-200 адамнан әкери команда болды. (290)
1831 жылға дейiн уш бөлiктiң қазақтары шартты түрде шепке жақын жердiң қазақтары және қыpдың қазақтары деп бөлiндi. 1831 жылдан бастап өздерiнiң қоныстары мен шекара өңiрiнде iргелес жатқан халықтың арасында әкiмшiлiк учаске дистанциялар (eкi камал аралығындағы учаскелер) ұйымдастырылды. XIX ғacыpдың ортасына таман 54 дистанция ашылды.
Ауыл шаруашылығынан бастап билеушi-сұлтандарға дейiн Кiшi жүздегi барлық лауазымды адамдарды Орынбор генерал-губернаторы тағайындап отырды. Мұнда сайлау 'жүйесi болмады. Кiшi жүздегi жергiлiктi өкiмeт билiгiнiң ұйымдастырылуының бiр ерекшелiгi шеп 6ойындағы қазақтарға қамқоршы лауызымының енгiзiлуi болды, бұл лауазымға тек патша чиновниктерi ғана тағайындалды.
Сот жүйесiнде үлкен өзгерiстер белгiлендi. Ipi icтердiң бәрi әскери соттapдың немесе шекаралық комиссияның қарауына көштi. Тек елеусiз қылмыстар ғана халықтық әдет-ғұрыптар бойынша талқылана алатын болды.
1844 жылы патша өкіметі «Ереже» шығарды, бұл ереже бойынша байырғы халық төлейтiн мiндеткерлiктер: шеп бойындағы және iшкi жақтағы тұрғындарға қызметкер болып жалданып, қырдан басқа жерде болатын қазақтарға берiлетiн билеттер үшiн төленетiн алым, билеттердiң мерзiмiн ұзартып алғаны үшiн ақшалай айып төлеу және мiндеткерлiктер енгiзiлдi.
XIX ғacыpдың басында сұлтандар әкономикалық жағынан неғұрлым күштi және саяси тұрғыдан негұрлым ұйымдасқан феодалдық топ болды да, патша өкіметі өз саясатын жүргiзуге соларды тipек еттi. XIX ғасырдың екiншi ширегiнде-ақ сұлтандардың экономикалық. және саяси ықпалы құлдырай бастады. Қазақ даласын басқару аппаратын қайта құру сұлтандардың феодалдық. құқықтарын шектеуге, оларды патша өкіметіне қызмет eтетін чиновниктерге айналдыруға бағытталған едi. Ру шонжарларының да билердiң, старшиндардың ру билерiнiң құқықтapының шектелуiмен қатар, сұлтандар институты ықпалының құлдырауына байланысты XIX ғасырдың ортасына таман сұлтандардың төлеңгiттер институтының да күні өттi. Билiктен айырылған сұлтандарға жасақшы төлеңгiттердiң қажетi болмай қалды да олар көшпелiлердiң, негiзгi бұқарасымен бiрте-бiрте сiңiсiп кеттi.
Жайық бойындағы жақсы жерлерге жайғасып алған казак-орыстар қазақ ауылдарына шабуыл жасап, малдарын айдап, әкетіп, адамдарына зорлық жасады. Осының бәрі халықтың наразылығын күшейтіп, жаппай көтерілуге әкеп соқты. Е. Пугачев көтерілісіне 1773-1775 жж. басталды. Бұл көтеріліске Кіші және Орта жүз қазақтарының қатысуы сол кездегі Қазақстан өмірінде көрнекті оқиға болды. Жалпы шаруалар көтерілісіне қатысқан қазақтардың өздерінің жері үшін, тәуелсіздігі мен бас бостандығы үшін күресі қазақ халқының Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы ұлт азаттық қозғалысы болып табылады.
Х1Х ғасырдың басында Хиуа хандығы Мервті басып алып, өзінің билігін Каспий теңізі жағасындағы түркмендердің бір бөлігіне, Үстірт пен Сырдария қазақтарына жүргізіп тұрды. Ал Оңтүстік қазақтарының бір бөлігі Қоқан қарауында болды. Хиуа мен Қоқан қол астындағы қазақ шаруалары бұл елдердің феодалдарына қарсы күреске талай рет көтерілді. Олармен бірге еңбекші қырғыздар, өзбектер, қарақалпақтар және басқа да халықтар ұзаққа созылған ұлт-азаттық күресін жүргізді.
Оңтүстік қазақтары Қазақстанның басқа жүздерімен бірге біртұтас елдікті сақтап, Ресеймен бірігуге ұмтылды. 1818 жылы Ұлы жүз қазақтары өздерін Ресей қол астына қабылдауын сұрап, патша өкіметімен келіссөз жүргізді. 1819 жылдың 18 қаңтарында Сүйін Абылайханов сұлтан өзіне қараған 55462 адаммен Ресейге адал болатыны жөнінде ант берді. 1824 жылы 1 Александр Ұлы жүздің Жетісуда көшіп-қонып жүрген 14 сұлтанын (165 мың ер адамы бар) Ресейдің қол астына қабылдауы туралы куәлікке қол қойды. 1830 жылы патша өкіметі Орта жүздің бірқатар аудандарының халқынан (25400 үй, 80481 ер адам) ант қабылдады. 1845-1847 жылдары Ұлы жүздің барлық рулары дерлік (оңтүстікте көшіп-қонып жүрген, әлі де Қоқан хандығының қол астындағылардан басқалары) Ресейге қарады. Сөйтіп, Х1Х ғасырдың алғашқы жартысының аяғына таман, атап айтқанда, 1847 жылы Орта жүз қазақтарының басым көпшілігі орыс бодандығына көшті де, Қазақстанның Ресеймен бірігу процесі аяқталу сатысына қадам басты.
Орта және Ұлы жүздердің қосылған территорияларында Ақтау, Алатау, Қапал, Сергиополь (Аягөз), Лепсі, Верный бекіністері салынды. Бұл бекіністер Ресейдің Іле өзенінің арғы бетіндегі (Заилийск) билігін нығайтуға арналған тірек пунктеріне айналды. 20-40 жылдарда Қарқаралы, Көкшетау, Аягөз, Ақмола, Баянауыл, Аманқарағай округтерін құру аяқталды. Ұлы жүздің қосылған аудандарын басқару үшін 1848 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторына бағынатын үлкен Орданың приставы лауазымы белгіленді. Жетісу өлкесінде 1847 жыл мен 1867 жыл аралығында казак*орыстар тұратын 14 станица бекіністері салынды. Бұл Ресей империясы отарлаушы әкімшілігінің өкіметін нығайтуға көмектесті.
Қазақстанды отарлаудың және Шу мен Талас алқаптарының қазақтарына ресейлік ықпалды таратудың басты тірегі Верный бекінісі болды. Осы жерден орыс әскерлерінің Шу аңғары арқылы қоқандтық бекіністері - Әулие-Атаға, Шымкент пен Ташкентке қарай әскери шабуылы басталды. 1863-1864 жылдары полковник М.Черняевтің әскерлері қоқандтық бекіністер - Созақты, Шолаққорғанды, Әулиеата және Шымкентті, ал патша офицері М.Веревкиннің жасақтары Түркістанды күшпен басып алды. Сөйтіп Шығыс-Сібір мен Сырдария шептері қосылды. Ұлы жүзді Ресейдің жаулап алуымен, жалпы Қазақстанды қосып алу аяқталды.
Сонымен бір жарым ғасырға дерлік созылған Қазақстанның Ресеймен бірігу процесі негізінен тамам болды. Бірақ оның көптеген өзіндік ерекшеліктері бар еді. Ол ерекшелік өте күрделі, әрі көп жағынан әртүрлі қайшылықтар мен сипатталды. Атап айтқанда, қазақ жүздерін қосып алу әртүрлі сыртқы және ішкі шиеленіс жағдайында өтті. Кіші жүздің едәуір бөлігі, Орта жүздің кейбір аудандары ресейлік бодандықты өз еріктерімен қабылдады. Ал Орта жүздің үлкен бөлігі және Оңтүстік Қазақстанның бірқатар аудандары тек патша үкіметі әскери күштерінің көмегімен қосылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет