Конспектісі 1 Тақырып. Кіріспе. «Қазақстан тарихы»



бет8/26
Дата08.02.2023
өлшемі0,55 Mb.
#167944
түріКонспект
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
Байланысты:
дәрістер курсы-1 (1)

Қорытынды сұрақтары:
1. Қазақ хандығының құрылуы. Жәнібек пен Керей.
2.Қазақ хандығының Шайбани әулеті тұқымдарымен


Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

  1. История Казахстана (с древнейших времен до наших дней). В5-ти томах. – Том 2. – Алматы: Атамұра, 1997. – 345 с.

  2. Шәкәрім Құдайбердіұлы. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. А., 1991

  3. Кәрібаев Б.Б. Қазақхандығыныңқұрылутарихы. – Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2014.- 520 б.

  4. Қазақстан тарихы. – Алматы, Алматы кітап, 2016 – 458б.

  5. История древнего Казахстана. Под редБайпакова К.М. - 2-е изд. - Алматы: Рауан, 1996. - 112 с.


7 – Тақырып. Қазақ халқының мәдениеті.


Мақсаты: XV-XVIIІ ғасырлардағы Қазақ халқының мәдениетін, даму ерекшеліктерін айқындау
Дәріс мазмұны:

  1. Архитектура, қала құрылысы

  2. Дін

  3. Халық - ауыз әдебиеті



Түйін сөздер: қала, архитектура, дін, әдебиет, шешендік өнер, ақын


Дәрістің қысқаша мазмұны
Қазақ халқы өте ауыр кезеңдерді басынан кешірсе де, өзінің ата-бабаларының ертеден қалыптасқан мәдени қазыналарын сақтап қалды. Әрине, мәдениеттің дамуы Қазақстанның барлық жерінде біркелкі жүрген жоқ. Атап айтқанда, мәдени даму отырықшылық-қалалық жерлерде көшпелі және жартылай көшпелі аудандармен салыстырғанда күштірек жүрді. Сығанақ пен Сауранның, Ясы мен Отырардың архитектуралық кешендері, Жәнібек пен Қасымның Сарайшықтағы, Қазанғаптың Ұлытау жеріндегі кесенелері, Маңғыстаудағы, Сырдария алқаптарындағы және Қаратау қойнауларындағы мазарлар өзіндік сәулет-сипатымен, архитектуралық формаларының жинақылық әрі айқыншылығымен ерекшеленеді.
Ұлан байтақ кең далада мал бағып, күндерін табиғат құшағындағы мал өрісінде, түндерін жұлдызды аспан астындағы мал күзетінде өткізген қалың қазақ, әлемдегі табиғат құбылыстарын үнемі бақылап отырған. Осы бақылаудың нәтижесінде халықтың көпжылдық тәжірибелері қорытылып,жұлдызды аспан туралыастраномиялық түсініктер мен білімдер жинақталған. Және оның негізінде байырғы қазақ күнтізбегі қалыптасты. Қазақ халқы аспан әлемін бақылау арқылы «құс жолы», «құйрықты жұлдыз», «ақпа жұлдыз» және «кемпір қосақ» жайында ұғымын кеңейтті.
Қазақтар көктемде 22-наурызды күн мен түннің теңелетін кезеңін «наурыз тойы» –деп атап өтуді ертеден әдетке айналдырған. Бұл тойда қазақтар ағайын-тума, ауыл-аймағын аралап, жаңа жылмен құттықтап, молшылық пен егіндіктің түсімді болуына тілектестік білдіріп, бата берді.
XV-XVII1 ғасырларда қазақтар арасында ислам діні кеңінен тарады. Оны таратуға Сығанақ, Түркістан, Хорезм, Бұқара, Самарқанд сияқты қалалар айрықша рөл атқарды. Алайда, ислам діні көшпелі халық арасында терең тамыр жайған жоқ. Оған себеп дүркін-дүркін жүргізіліп отырған қақтығыстар, соғыстар және түрлі саяси қарама-қайшылықтар еді. Сондықтан халықтың бір бөлігі ислам дінін көпке дейін қабылдамай, тәңірге, күнге, аспанға, жерге, суға табынуға негізделген нанымды ұстады. Қазақтар өмірінде отты қасиеттеу үлкен рөл атқарды.
XVI-XVII ғасырларда қазақ халқының арасында тақырыбы мен жанры жағынан алуан түрлі ауыз әдебиеті кең өріс алды. Қазақтың ауыз әдебиетінің асыл қазыналарын жасаған да , оны ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырған да халық арасынан шыққан дарынды адамдар - ақындар, сал- серілер, жыраулар еді.
Ақындар халықтың поэтикалық мұраларын сақтап, айтып берушілер, лирикалық жырларды жасаушылар болды. Сал, серілердің арасынан көптеген атақты сазгерлер мен жезтаңдай әншілер шықты. Әншілер, күйшілер, ұлттық ат спорты ойындарының шеберлері, алуан түрлі сауыққойлар, күш иелері балуандар, құсбегілер, жалпы халықтық тойларда өздерінің даңқын шығарып жүрді.
Қазақ халқының поэзиясында жыраулардың орны ерекше бағаланды. Жыр толғауларында қанатты сөздер, ғибратты нақылдар кең орын алды. Өмір мен өлім, қазіргі мен келешек туралы ойды өрбіте келіп, жырау өзінің моральдық-этикалық көзқарастарын жеткізді, өз тұсындағы қоғамға, табиғатқа өзінің көзқарасын білдірді. Жауынгер жыраудың туындылары әдетте шабытты романтизмге, ерлік пен азаматтық пафосқа толы болды. Қазақтың батырлар жырын туғызушы да осы жыраулар еді.
Сол кездегі қазақ поэзиясының аса ірі тұлғалары – Шалкиіз (XV ғ.), Доспамбет (XVI ғ.), Жиембет (XVIIғ.), т.б. жыраулар. Олар Әбілхайыр хан мен Жәнібек хан заманында өмір сүріп, сол кездегі шиеленіскен саяси күрестің қиын-қыстау кезеңдерін жырға қосып көрсете білген адамдар. Қазақтың батырлар жыры: Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қамбар дастандары тарих шындығымен қабысып жатқан шығармалар. Қазақтың әлеуметтік – тұрмыстық дастандары да (Қозы Көрпеш-Баян сұлу, Қыз-Жібек т.б.) феодалдық-рулық қоғамның өмірін үлкен шеберлікпен көрсетеді.
Бұл кездегі Қазақ хандығының мемлекеттік құрылысы мен халық өмірінің ерекше жағдайларын өзіндік өзгешелігімен қамтитын қоғамдық уклад «билер сөзі», «билер айтысы», «билер дауы», «төрелік айту», «шешендік сөздер» деп аталатын көркемдік мәдениеттің бірегей түрін туғызды. Әдебиеттің бұл түрін шығарушылар негізінен ХV-ХV111 ғасырларда қазақ қоғамында сот ісін жүргізумен айналысатын билер болатын. Олар тек сот ісін жүргізумен ғана айналысқан жоқ. Билер хан кеңесінің мүшелері болып, мемлекеттік істерге белсене араласты. Сонымен бірге атақты билер тайпалар мен рулардың басшылары болып, ел басқарды, жиындарда солардың атынан сөз сөйлеп, айтыс-тартыстар кезінде олардың мүдделерін қорғады.
Қазақтың атақты билері поэтикалық таланты зор және суырып салма айту мен шешендік сөз арқылы өзара айтыстың тамаша шеберлері болған. Би-шешендердің әдеби шығармашылығы түрі жөнінде, мазмұны жөнінен де ерекше, прозаны поэзиямен ұштастырып отырған. Олардың поэтикалық туындылар жанры, тақырыбы және жасалу себебі жағынан да алуан түрлі болып келген. Сондай-ақ би-шешендер әдебиетінің тақырыбы да өте кең, ал олар қозғайтын проблемалар қоғамдық жағынан да маңызды орын алды. Олар: әділеттік-озбырлық, достық-жаулық, ізгілік-зұлымдық, ұжымдық-бытыраңқылық, ақылдылық-топастық, батырлық-қорқақтық және тағы басқалары.
XVI- XVI11 ғасырлардағы би-шешендер арасында мемлекеттік және қоғамдық қызметінің маңыздылығы, шешендік өнерінің күшімен поэтикалық шеберлігі жағынан Төле би Әлібекұлы (1663-1756), Қазыбек Келдібекұлы (1665-1765) және Әйтеке Байбекұлы (1682-1766) ерекше орын алды. Олар тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Ресейде, Хиуада, Жоңғария мен Қытай империясында танымал болған.
Бұл кезде қазақ тіліндегі жазба әдебиеттер діни және аңыздық мазмұндағы кітаптар түрінде таралды, сондай-ақ тарихи шығармалар мен рулар тарихы (шежіре) жасалды.Олардың ішінен Заһир-ад-дин Бабырдың «Бабырнамасын», Камалад-дин Бинайдың «Шайбани-намесін», Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и-Рашидиін», Қожамқұл бек Балидың «Тарих-Қыпшағын», Қадырғали бектің «Жамих-ат-таварихын» және басқа да шығармаларды арнайы бөліп көрсетуге болады.
“Тарихи-и Рашиди” – Орта Азия мен Қазақстанның XIV ғ. екінші жартысынан XVI ғ. басына дейінгі тарихы баяндалған шығарма. Бұл шығарма 1541-1546 жылдары жазылған. Оның қолжазбасы екі дәптерден құралған. Бірінші дәптерде Шағатай әулетінің тарихы баяндалады, екіншісінде XV-XVI ғ. Шинжаң өлкесінде, Орталық Азияда, Индия мен Ауғанстанда өткен тарихи оқиғалар баяндалады. Онда қазақ тарихына қатысты құнды деректер бар. XV ғасырдың ортасында Батыс Жетісуда қазақ хандығының құрылуы, қазақ-қырғыз, өзбек халықтарының қатынасы, Шығыс Қазақстанның қоғамдық шаруашылық жағдайы берілген.
Ол еңбекті жазған Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551) тарихшы, әдебиетші. Ол араб, парсы тілдерін жетік білген. Хан сарайында сақталған құжаттарды пайдаланған.
“Жамих ат-тауарих” (Жылнамалар жинағы) – ерте кездегі қазақ тілінде жазылған тарихи шығарма. Онда: ерте кезден бері қазақ даласын мекендеген қаңлы, жалайыр, қыпшақ, найман, керей, қоңырат, алшын, т.б. тайпаларының шежіресі беріледі.
XI ғ. Орта Азия мен Қазақстан территориясында өмір сүрген қарахандар әулетінің, оғыз-қыпшақ тайпалар одағының дәуірінен бастап 1600 жылға дейінгі тарихы баяндалады.
Әсіресе XIII ғ. мен XVI ғ. арасындағы қазақ жерінде болған ірі тарихи оқиғалар баяндалады.
Қазақ қоныстанған жерлердің жағдайы, ондағы қалалар, қазақ хандығы мен хандардың өмірбаяны, қазақ хандығының заңды ережелері жайында деректер берілген.
“Жамих ат-тауарих” кітабыныің жазушысы Қадырғали Қосынұлы Жалайыр (1530-1605) Сырдария бойын мекендеген жалайыр тайпасынан шыққан, сол себептен “Жалайыр” аталған.
Ол қазақ хандығының орда-сарайында ханның ақылшысы және ханзадалардың тәрбиешісі болып қызмет істеген. Бұл еңбек алғаш рет 1854 ж. Қазанда жарық көрген.
Қазақ хандығы көршілес мемлекеттермен, Орта және Таяу Шығыс елдерімен үздіксіз араласып отырды. Мұның өзі араб-мұсылман мәдениеті мен ғылымының таралуына әсерін тигізді. Қазақ жерінде мектептер мен медреселер ашылып, оларда оқу араб-парсы және түрік тілдерінде жүргізілді. Қазақтар жазуда араб әліп-биін тұтынды. Мектептер мен медреселерде ғылымның әр түрлі салалары (дін ілімі, математика, логика, философия) бойынша білім беріліп, Шығыстың ұлы ақындарының классикалық туындыларымен таныстырылды. Сарай маңындағы шонжарлар, ірі феодалдар, бектер мен басқа да дәулетті адамдар өз балаларын Бұхараға, Самарқанға, Бағдадқа және мұсылман дүниесінің басқа да мәдени орталықтарына оқуға жіберіп отырды. Мұның бәрі қазақ халқының жалпы дамуына, бүкіл қоғамның рухани өмірі мен мәдениетіне игі ықпал жасады.
Сонымен, ХV- ХVІІІ ғасырларда Қазақ қоғамында шаруашылықтың және мәдениеттің дамуында елеулі ілгерілеушілік орын алды. Оның басты бір себебі, қазақ халқының біртұтас мемлекетке бірігуімен байланысты еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет