Каратан(Әли)-Тобық ойнаймыз деші
Айгүл өзенге жүгіріп түсіп, доп-домалақ әдемі үш тас теріп әкеледі де, үлесстіріп береді.
Айгүл(Мадина)(қолын ұсынып).- Келістік қой осыған, жігіттер!
Қаратан мен Ақтан: «Келістік» деп дауыстайды. Үшеуі бірінің қолынан бірі кыса ұстайды.
Айгүл(Мадина)-Ант етейік! Тау кул! Орман кур! Көпір кур!
Қаратан(Әли) (қолын күйгізіп алғандай жұлып алады).- Ал, сол антты бұзған адам қандай жазаға тартылар еді?
Айгүл(Мадина)- Әкем айтып отыратын, қазақтын ең жаман карғысы «Күлін шашылмасын, шалғынын басылмасын», - деп, Осы карғысқа жолықсын
Ақтан(Батырхан)- Тым қатал үкім емес пе, Айгүл?
Айгүл(Мадина)- Қатал болғандықтан да, қасиетті үкім
Қаратан(Әли) (ыржалақтап). Егер антты бұзсам сол қарғыска мен-ақ жолығайын… Тіпті осы сөзіне қарғыс па, алғыс па түсіне алмай тұрмын.
Айгүл(Мадина)- «Күлін шашылмасын» - «күлінді шашып ойнайтын балан болмасын» дегені. «Шалғынын басылмасын»,- дегені «Есігінді жан адам ашпасын, сіздін үйге келер жолға шөп өсіп кетсін» дегені.
Ақтан (Батырхан) (сүйсіне қарап). -Ән айтшы, Айгүл! Көп болды даусынды сағындық қой.
Қаратан(Әли) -Рас сағындық. Сендей Алтайдың ақмаралын жар еткен жігітте не арман бар екен, тәңірім. (Күрсінеді) Айтшы, Айгүл, сен махаббат деген мантырақ сөзге сенесің бе?
Ақтан(Батырхан)- Әрине, әлімсақтан бері белгілі.
Қаратан(Әли)'>Қаратан(Әли) -Бұл фәни жалғанда сүйгеніне қосылған ғашықты естісем, кұлағым керең болсын.
Ақтан(Батырхан)-Естімесең естисін.
Қаратан(Әли) -Басқаны кайдам, дәл екеуіміздің қолымыздан келмес.
Ақтан(Батырхан)-Әттен, бұғы боп жаралмағаныма өкінем. Егер бұғы болсам, өз бақытымды жекпе-жекте жеңіп алар едім.
Қаратан(Әли) –Бірақ, ол бұғы да шаршайды гой. Дәл сол кезде келесі бұғы бүйірінен бір сүзіп, маралды тартып алады екен.
Айгүл(Мадина)- Қойындар, жігіттер, менін ертеңгі тағдырым жайлы бал ашу ерте шығар.
Айгүл ән айтады.
Мұңға толы, қоңыр әуен
Карағай басын кессем, мол-ақ екен,
Дүние ойлап тұрсам, шолақ екен.
Он бес пен жиырма бесін-ей,қайран отыз
Үшеуі уш кун қонған қонақ екен
Акай акай-ай
Айгүл(Мадина)- Неге екенін білмеймін, жерден жеріп, аспанда ұшып жүргім келеді, екі қанат емес, шұбатылган қол-аяқ бергеніне өкінемін. Қызық, кеше түс көрдім. Аппақ бұғы жеккен ақ шанада Ақтан, ал қара бұғы жеккен қара шанада Қаратан ақша қардың бетімен ағыза жарысып барасыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |