«КӨркем негізгі мектебі» мемлекеттік мекемесі ашық баяндама «білім беру жүйесінің дамуы және жағдайы»


ТАРАУ 4. БІЛІМ МЕКЕМЕСІНІҢ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІ



бет4/5
Дата01.08.2017
өлшемі0,74 Mb.
#22467
1   2   3   4   5

ТАРАУ 4. БІЛІМ МЕКЕМЕСІНІҢ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІ.

Мектепке дейінгі білім беру қазақ тілінде аптасына – 5,6 сабақтан қазақ тілінде өткізіледі. Мұғалім мен тәрбиеленушінің қатынасы-3%-ды құрайды.

Мектепке дейінгі білім мен тәрбие берудегі даярлық топқа келетін оқушылардың саны өсуде. Тәрбиеленушілер саны жыл сайын өсіп келеді.

Бастауыш мұғалімі мен оқушы арасындағы қатынас 1 қыркүйектен 2014 оқу жылында-7 %, жоғары буын мұғалімі мен оқушының қатынасы- 12 %-ды құрайды.



Кесте 11. Білім мекемесіндегі білім беру үрдісінің мінездемесі.


Көрсеткіш атауы

2013

2014

2015жыл

Бастауыш мұғалімі-оқушы қатынасы










Жоғары буын мұғалімі мен оқушы қатынасы










Бір балаға шаққандағы кітап саны

16

18

20

Мектептің жұмыс жасайтын әдістемелік тақырыбы :

«Сапалы оқыту мен тәрбиелеу арқылы қазіргі қоғам талабына сәйкес жеке тұлғаны қалыптастыру».

      Мақсаты: сапалы оқыту мен тәрбиелеу арқылы рухани бай, ел болашағын ойлайтын жеке тұлғаны қалыптастыру.

     Мектептің әдістемелік жұмысы 3 бағытта жүргізіледі:

Бастауыш сынып ӘБ – 5 мұғалім

Жоғарғы сынып ӘБ – 3мұғалім

Ғылыми жоба ӘБ – 3 мұғалім

       Әрбір әдістеме бірлестіктерінің 2014- 2015 оқу жылына жылдық жұмыс жоспарлары, сонымен қатар бірлестіктің, пән мұғалімдерінің жеке әдістемелік тақырыптары бар.Мектебімізде «Жас мамандар» мектебі жұмыс жасайды.Биылғы оқу жылындағы жас маман  бастауыш сынып мұғалімі Туякова Д.У.Жас маманға жыл басынан тәжірибелі мұғалімдерден тәлімгерлер бекітіліп, құрылған жылдық жоспарға сай жұмыс жүргізілуде.Қыркүйек айында жас мандармен дөңгелек үстел өтілді, онда жас мамандарға әдістемелік жағынан көмек көрсетілді.

20

Қыркүйек айының  24 -інен қазан  айының 24  күндері аралығында 5 сынып оқушыларының ортаңғы сатыға бейімделуін байқау мақсатында сабақтастық жұмысының   айлық жоспары құрылған болатын. Жоспарға сай барлық пәндер бойынша ашық сабақтар берілді және мектеп психологының өткізуімен жеке жұмыстар, сауалнамалық сұрақтар,суреттік сауалнамалар, жеке әңгімелесу жұмыс түрлерінің  реті жүргізілді.Мектеп психологы оқушылармен  сауалнамалық сұрақтар, диагностикалық сауалнамалар, жеке оқушылармен жұмыс түрлері жүргізілді.



  Аудандық пәндік олимпиадасының қорытындысы

Оқушының аты - жөні

пәні

орны

Абсаметова Мұхамед-Әли

Тарих

2


Республикалық «British Bulldog » интелектуаллдық марафонының жүлдегері 4 оқушысы 1 жүлделі Дипломмен марапатталды.


British Bulldog




10

40,0

Оралбаева Дана

Жақсылық Қасиет

Оралбаева Меруерт

Мухамеджанов Олжас

Оқу тоқсандары бойы бастауыш сыныптарда оқушылардың оқу жылдамдықтары жүйелі түрде тексеріліп отырды. Жыл  басындағы және оқу жылының аяғындағы көрсеткішке салыстырмалы түрде тоқталсақ қорытынды төмендегідей:

Сынып

Оқушы саны


Білім сапасы %


Үлгерім

1

3

  100%

100%

2

1

  100 %               

100%

3

3

100 %                   

100%

4

3

  67 %                    

100%

5

3

67%

100%

6

3

67%

100%

7

2

50%

100%

8

7

43 %

100%

9

3

33%

100%

21

Аудандық ХVІ Абай оқуында «Өлең - сөздің патшасы,сөз сарасы» номинациясында 1- орын ды 8 – сынып оқушысы Нурмағамбет Мақпал иеленді.Аудандық ХVІ аудандық Абай оқуында «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда »номинациясында 2- орын ды 8- сынып оқушысы Нұрмағамбет Мақпал иеленді.VI Махамбет оқуында «Ел құтқарар ер едім» номинациясында 1 – орынды 8- сынып оқушысы Қалабаева Толқын иеленді.Бұл жерде қазақ тілінің мұғалімі Бейсенова Айткүл Салыққызының ерен еңбегін айтпай кетуге болмайды.

  Аудандық ХVІ Абай , VI Махамбет оқулары

Оқушының аты - жөні

Абай оқулары

орын

Нұрмағамбет Мақпал

«Өлең сөздің патшасы,сөз сарасы»

номинациясы бойынша



1


Нұрмағамбет Мақпал


«Жүйріктен жүйрек озар жарысқанда » номинациясы бойынша

2

Қалабаева Толқын



Махамбет оқулары




«Ел құтқарар ер едім»

номинациясы бойынша



1

Облыс көлемінде өтілетін «Ең үздік авторлық бағдарлама» конкурсына мектебімізден 8 ұстаз өз бағдарламаларын ұсынды. Оқу тоқсанында гуманитарлық- қоғамдық пәндер  ӘБ мұғалімдерінің өткізуімен пән апталығы өткізілді. Апталықта түрлі іс-шаралар мен ашық сабақтар қатары өткізілді.2014 - 2015 оқу жылында Алакөл орта мектебінде ресурстық орталық ұйымдастырылды.Көркем негізгі мектебінің 8- 9 сынып оқушылары 3 сессиясына қатысып, білім және тәрбиені бірге ұштастырды.Сессия бойынша алған білімдерінің тексеру үшін тест алынды.Тест қорытындысы жақсы көрсеткіш көрсетті.

Мектебімізде Slach site бағдарламасы жұмыс жасайды.Мектептегі атқарылған іс-шаралар, жаңалықтар, құттықтаулар сайт беттеріне жарияланып тұрады.Аудандық « Үздік мұғалім – 2015 » байқауына мектебіміздің математика және физика мұғалімі Рахметова Г.А. -қызы қатысып, номинация бойынша марапатталды.«Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығы «Қазақстандық Интернет Олимпиадалар » гуманитарлық пәндер мен жаратылыстану пәндерінен аудан мектептерінің ішінде 5- орынды иелендік.Былтырғы оқу жылымен салыстырғанда ҚИО-на барлық пәндерден қатыстық.

22
  Облыстық Абай , Махамбет оқуларына қатысу туралы ақпарат



Оқушының аты - жөні

Абай оқулары

орын

Нұрмағамбет Мақпал

«Өлең сөздің патшасы,сөз сарасы» номинациясы бойынша

3

диплом


төсбелгі


Қалабаева Толқын



Махамбет оқулары




Белсенді қатысқаны үшін


сертификат

Сынып сағаттары, конференция, әр-түрлі конкурстар өткізіледі.Жұмыс жоспары бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу шараларына байланысты және патриотизмге тәрбиелеу мақсаттарында іс-шаралар жүргізілді.Мектептегі үйірме жұмысына қатысатын балалар саны 15%-ға өсті.

5.1. Мектептегі тәрбие жұмысы.

1.Білім беру ұйымдарында денсаулығы зор,рухани дүниесі бай,адамгершілікті, тәуелсіз және жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту.

2.Оқушыларды азаматылыққа,отансүйгіштікке,зиялылыққа,адам құқықтары мен бостандықтарын,мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу.

3.Жастарды қазіргі заманғы қоғамдық өмірге және тиімді кәсіби іс-әрекет пен жеке басының және әлеуметтік кәсіби тұрғыдан үздіксіз пісіп жетілуіне ықпал жасау,қоғамда орнықты қалыптасқан дәстүрлер негізінде этникалық және діни толеранттылықты тәрбиелеу.

Тәрбие жұмысының мақсаты: -Дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар – ожданы мол,еңбекқор,іскер, егеменді еліміздің ертеңін нұрлы етер барыс текті намысты ұрпақ тәрбиелеу.

Мектеп білім беруді іске асырмас бұрын өзінің алдына әр оқушыны төмендегі бағыттарда тәрбиелеу мақсатын қойды.


  • Адамгершілікті, адамзатқа тән құндылықтарды ұғындыру.

  • Еңбекке дайын, денесі шыныққан тұлға тәрбиелеу

  • Отан сүйгіш, ұлтжанды азамат болуға тәрбиелеу

  • Ата – аналарды мектеп оқу – тәрбие жұмысына тарту, мектептің басқа да байланыс бағыттарын кеңейту арқылы тәрбие мәселелерін шешу.

  • Салауатты өмір салтын уағыздау.

Жеткіншектер арасында құқық бұзуға қарсы жұмыстар жүргізу.

23


Жұмыс жоспары бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу шараларына байланысты және патриотизмге тәрбиелеу мақсаттарында іс-шаралар жүргізілді. Осы және басқа да көптеген тәрбие бағыттарын іске асыру мақсатында мектеп ұжымы жыл басынан түрлі іс – шаралар өткізді. Аға тәлімгердің дайындығымен оқушылар көптен күткен пионер қатарына өтіп, зор мақтанышпен мойындарына көгілдір галстук байлады.Осы іс – шара барысында 8 – сынып оқушылары «Мұрагерлер» қатарын толықтырды.Әр сыныптың өзіндік ұраны мен төсбелгілері белгіленген. Пионерлер ұжымы да өз алдына қызықты жұмыстар атқаруда. Еліміздің тарихын, мәдениетін, ұғынып, білу мақсатында 8 – 9сынып оқушылары үшін «Мұрагер» өзін - өзі басқару ұйымы түрлі тақырыптарда ойталас, пікірталас, шығармашылық кештер, конференциялар өткізеді. Қыркүйек айында мектепішілік кезекті отырыста Президенттің көмекшілері министрлер сайланды. Қыркүйек айының соңғы апталығында Тілдер күні мерекеленді. Осыған байланысты мектепте онкүндік жоспары құрылып, гуманитарлық пән мұғалімдері онкүндік бойы сынып сағаттары мен тәрбие сағаттарын және ашық сабақтар өткізді.Жоспар бойынша Тілдер күніне байланысты шығармалар жазылып, аудандық басылымға берілді. «Алтын күз» мерекесіне арналған бағдарламалар, байқаулар мен жәрмеңкелер дәстүрге айналған. «Мұғалімдер күні» мерекесінде мектеп оқушылары өзін - өзі басқару күнін ұйымдастыру арқылы ұстаздық еңбектің қыр – сырына қанығады.Мамандық таңдаудың бір тарауы осы күні ашылады. Әрі қарай «Тәуелсіздік күні», «Жаңа жыл», «Аналар мерекесі» де кезегімен келіп жетеді.Әр күннің өзіне тән ерекшелігі, ұмытылмас сәттері шәкірттеріміздің санасын кеңейтіп, ой - өрісін толықтырады.

Ата – бабамыздың асыл мұрасындай болып жеткен «Наурыз» мерекесін жыл сайын жаңа бағдарламалар құру арқылы жандандырып өткізуге тырысамыз.Әр сынып мерекелік дастархан жайып, салт – дәстүр көрсету, ән айтып, би билеуден бірінен - бірі асып жатады. Мектепте 5 – 8 сынып оқушыларынан құралған «Көңілділер, тапқырлар клубы» жұмыс істейді.

Халықаралық әйелдер күніне арналған сынып жетекшілер әр – түрлі тақырыпта тәрбиелік мәні бар сынып сағаттарын өткізді.Атап айтсақ: «Анам үшін мақтанам», «Ана өмірдің шуағы», «Ардақтайық ананы», «Қыз сыны», «Анамызға мың алғыс», «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған», «Ал, кәнекей қыздар», «Ана бақыты – бала бақыты» ата – аналармен сайыс сабағы, барлық сыныптар қатысқан концерт өтті.Оқу жылының басында 2014-2015 оқу жылына міндеттер айқындалды, ұйымдастыру шаралар іске асты: сынып жетекшілер тағайындалды, оқушылардың және ата-аналалардың әлеуметтік жағдайы туралы мәліметтер жиналды, тәрбие жоспарының бағыттары белгіленді, сынып бөлмелері бекітіліп, белгіленді. Сонымен қатар тәрбие шараларға бақылау-басшылық жасау іске асты. Оның ішінде сынып жетекшілердің тәрбие жоспарлары тексерілді, бекіттірілді, оқушылардың киім-киісіне, күн режиміне бірыңғай талаптар қойылды.
25

Сынып арасындағы рейтинг жүргізудің реттілігі мен мақсаттылығы және тоқсан сайынғы тәрбие жұмыстар бойынша есебі мен педагогикалық кеңесте талқыланатын мәселелер қамтылды.

Мектеп және сынып жетекшілердің тәрбие жұмыстары төмендегі бағыттарды қамтыды:

а) Адамгершілікке имандылыққа тәрбиелеу. Ақыл-ой тәрбиесі.

б) саяси-саналық, әскери-патриоттықтәрбие

в) дене тәрбиесін жетілдіру, салауатты өмір салтын насихаттау

г) құқықтық тәрбие беру

д) экономикалық-үнем, кәсіптікбағдар беру

е) экологиялықсанасын қалыптастыру, экологиялықтәрбиелілігін дамыту.

Ата- аналармен жұмыс

Мақсаты : Баланы қорғау-сауықтыру, бақылау іс-әрекеттерін жүзеге асыру және жүйелі тәрбие беру.

1 Ата-аналар кеңесінің отырысы.

2. Жаңа оқу жылында өткізетін іс-шаралар жоспарын құру.

3.Ерекше назардағы оқушылардың ата-аналарына психологиялық қолдау көрсету;

4. «Дені сау, рухани бай ұрпақ тәрбиелеудегі отбасы мен мектептің рөлі»

5. «Балаларымыздың жасырын әлемі»

6. Үлгілі отбасымен кездесу.

7. Мектептегі іс-шараларға ата-аналарды белсенді түрде қатыстыру

«Зорлық -зомбылықсыз балалық шақ» науқанының өткізілгені жайлы ақпарат.

1 Мектеп кітапханашылары «Балалар мен балалық шақты қорғайық!» атты көрме ұйымдастырылды.

2 . «Отбасында зорлық -зомбылыққа жол бермейік!» тақырыбында ата-аналармен тренинг өткізіліп , бала тәрбиесіне өте қатал немесе немқұрайлы қарауға жол бермеу керектігі жайлы әңгіме айтылып , түрліше сауалнамалар алынды. Интербелсенді тақтадан бейнежазба көрсетілді.

а/ Отбасында балаларға арнап тосын сый әзірлеу.

ә/ Балаңызды сынаудың орнына қолдау көрсетіңіз.

б/ Қуаныш пен қайғыңызды бөлісе біліңіз.

4. Балаңыздың алдына мақсат қоя білуіне көмек көрсетіңіз,дұрыс жолды нұсқаңыз.

26

Аталған тақырыптар бойынша әр ата-ана өз әрекетін айтып кейбірі көрініс ретінде жеткізе білді.



4. «Біз XXI ғасырдың балаларымыз. Біздің құқықтарымыз бен міндеттеріміз» «Біз әлемді өзгертеміз»  эссе жазылды 7-9 сыныптар арасында

5. Бала өз туған үйі жайлы тек қана жақсы естеліктерді өмір бойы есінде ұстайды. (бейнежазба көрсету)

6. «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» мектеп медбикесімен кездесу өтті

7. Кешкі рейд жүргізілді «Жасөспірім және көше»


Санитарлық – тазалық ,абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарының өтілуі жайлы ақпарат.

1 сәуір күні Көркем негізгі мектебінің ауласын абаттандыру жұмыстары жүргізілді. «Таза ауыл,таза аула!» ұранын оқушылардың бойына қалыптастыру. Экологиялық акциялар ұйымдастырылып, тазарту жұмыстары жүрді. Гүл көмбелерін гүл отырғызуға дайындап, ауланы сыпырып қоқыстан тазарттық.



Аудан бойынша ұйымдастырылған спорттық сайыстарға қатысып, көрсетілген нәтижелері.

Аудан бойынша «Былғары доп» футбол ойынына мектебіміздің оқушылары қатысып ,1-орынға ие болды.

1.Джусупов Сағадат Ұлы Отан соғысына арналған «Лучший тренер»

грамотамен марапатталды.

2.Нұрхатов Саржан шағын футбол дан 3- орын иеленді.

3.Топ : «Көркем» 3 – орын иеленді.

4.Оралбаев Ералы Президенттік сынама тапсыруда бір орында тұрып ұзындыққа секіруден ұлттық деңгейді орындағаны ,кермеге тартылудан

президенттік деңгейді орындағаы үшін 1 орынды иеленді.



5.2. Мектеп психологының есебі.

    1. оқу жылындағы мектеп психологының бастауыш сыныптармен

жүргізілген жұмыстары жайлы есеп. Қыркүйек айы ұйымдастырушылық кезеңі болғандықтан ең бірінші 1-4 сынып аралығында әр оқушыға педагогикалық – психологиялық карта толтырылып, папка ашылды.Қыркүйек айының 4-і күні 2014-2015 оқу жылында келетін 1-сынып оқушыларынан тест алынды.1 сынып оқушыларының мектепке бейімделу кезеңіндегі ойын әрекетінен оқу әрекетіне ауысуы бақыланды.2014 жылдың қазан айында 1 сынып оқушыларының мектепке бейімделукезеңіндегі ойын әрекетінен оқу әрекетіне ауысуын бақылау жүргізілді.Оқушылардың мектепке бейімделу деңгейін, бейімделуінде қиындықтары бар балаларды анықтау, баланың мұғаліммен қарым-қатынасының, құрдастар тобындағы әлеуметтік жағдайының қолайлы болуына жағдай жасау.Бірінші сынып оқушыларымен мектепке дайындықты анықтаумақсатында Керн- Йирасик тестісі алынды.Мақсаты-оқушылардың мектепке психологиялық дайындығымен мектеп өміріне бейімделуін байқау.

27

1-сыныптардан 3 оқушы сынақтан өтті.Сынақ қорытындысы бойынша оқушылардың мектепке психологиялық дайындығымен мектеп өміріне бейімделуін төмендегі кестеден байқауға болады.



Мектепке психологиялық дайындығы

1




Өте жоғары деңгей

-

Жоғары деңгей

100%

Орташадан жоғары деңгей

-

Орта деңгей

-

Төмен деңгей

-

3. 2014оқу жылында 1 сыныптар аралығында «Отбасымен білім ордасының бірлігі» атты ата- аналар жиналысы өтті.

Психологт ата- аналармен танысып, ата- аналарға «Баланың бірінші сыныпқа баруы» баяндама оқылып, кеңес беріліп, жаднама таратылды.

4. 1сынып оқушыларымен «Менің отбасым» тақырыбында проективтік тест алынды.

Мақсаты:Баланың отбасындағы жай-күйі мен баланың алатын орнын,басқа мүшелермен қарым-қатынасын анықтауға негізделген.

№5. 2014 жылдың қазан айында 1сынып оқушыларының мектепке бейімделу деңгейін арттыруда оқушылармен ойын жаттығулар жүргізілді.Ойын жаттығу барысында оқушылар бір- бірімен жақын қарым- қатынаста болды, ынтымақтастық атмосферасы орнады, ұйымшылдыққа, мейірімділік, тіл табысу қасиеттері дамыды. Ойын жаттығу барысында оқушылардың көңіл- күйі жоғары деңгейде болды.

6. 2014 жылдың қазан айында 5 сынып оқушылары арасында « Құпия дос» психологиялық ойыны жүргізілді.Ойынның мақсаты: оқушылар арасында ынтымақтастық атмосфера орнату.Ойын барысында оқушылар бір- біріне деген сенімділік, жанашырлық, ұйымшылдық, сынып арасындағы сүйіспеншілік арта түсті. Бұл ойын оқушылардың көңілінен шықты. Оқушылар сыйлық беру арқылы өз бойындағы жақсы қасиеттерді дамыта білді.

7. 2014 жылдың 5 сынып оқушыларынан Г. Айзенктің темпераментті анықтау ,есте сақтау қабілетін анықтау, зейінің анықтауға арналған сауалнамалар алынды. Сауалнама қорытындысы бойынша төмендегідей көрсеткіштер:



Мақсаты: оқушылардың темперамент типтерін анықтау. 5- сынып

р\с

Аты – жөні

Халерик

Сангвиник

Флегматик

Миланхолик

1

Оралбай М







+




2

Жақсылық Қ







+




3

Төлеубек Н

+










Есте сақтау қабілетін анықтау қорытындысы:

р\с

Аты –жөні

Жоғары

Орташа

Төмен







Көр.ес.с

Ес.ес.с

Көр.ес.с

Ес.ес.с

Көр.ес

Ес.ес.с

1

Оралбай М

+




+










2

Жақсылық Қ




+

+










3

Төлеубек Н













+

+

Зейінін анықтау қорытындысы:

р\с

Аты –жөні

Жоғары

Орташа

Төмен

1

Оралбай М

+







2

Жақсылық Қ

+







3

Төлеубек Н







+

№8.Оқушылардың мектепке бейімделуін анықтау.

2014-2015 оқу жылы.

Мақсаты: Сынып оқушыларының бір–біріне деген

коммуникативтік байланыстығын байқау.Мұғалімге үлкен құрметпен қарауды түсіндіру.Мектеп өмірі туралы айтып оқушылардың қызығушылығын арттыру.

Сабақ түрі: әңгіме.

Қолданылған көрнекіліктер: мектеп өміріне байланысты суреттер.

Оқушыларға қажетті құралдар: бояу қарындаштар, сурет дәптер,

таза қағаздар.

№9. 1- сынып оқушыларымен әңгіме өтілді.Сыныпта үш оқушы бар.

Екеуі қыз бала, біреуі ер бала.Біріншіден сыныппен таныстық. Олардың

өздерінің, ата – аналарының, мұғалімдерінің аты- жөндерін сұрадым.

Оқушылар ол сұраққа жақсы жауап берді.Отбастары туралы айтты.

Екіншіден оқушылармен білім алудың қайнар көзі « Мектеп» ұғымымен

таныстық. Мектеп өмірі жайлы айттық. Олар бұған дейін де мектеп туралы

естігендері, көргендері бар екен. Тіпті оқушылар мектеп суретін тақтаға тамаша, әдемі қылып салып берді. Онда оқушылар, мұғалімдердің тұратынын айтты, сонымен қатар тұрып қана қоймай білім алатындарында

түсіндіріп берді. Тақтада ілулі тұрған мектеп суреттері бойынша әңгіме

құрастырды. Әрі қарай оқушылармен « жануарлар мектебіне саяхат»

деген тақырыпта оқушылармен орманға саяхат жасадық. Орманда көптеген жануарларды, құстарды көрдік. Сол орманға саяхатта оқушылар

сурет дәптерге көрген құстардың, жануарлардың суретін салды. Сурет-

теріне қарап шыққан нәтижелері:

1.Алпысбаев Айзат – оқушы өзін жақсы сезінеді. Айналасындағыларға қызығады. Оқушыны мектеп өмірі көп қызықтырады. Яғни оқушы позициясы дұрыс қалыптасқанын білдіреді. Суретте жағымсыз ассоцация жоқ.

2. Рахметова Сымбат- оқушының суреті өте жақсы бейнеленген. Оқушы өзін жақсы сезінеді.Айналасындағыларға қызығады.Сыныптастарымен қарым- қатынасы жақсы.

Суретте жағымсыз ассоцация жоқ.Түстері ашық бейнеленген.

3. Габбасова - суреті ортаңғы жаққа орналасқан. Оқушының мінезі тұрақты. Айналасындағы адамдарға қызығушылықпен қарайды. Сыныптар арасында қарым- қатынасы жақсы. Суретте жағымсыз ассоцация жоқ. Түстері ашық бейнеленген.

Қорытынды:

1- сынып оқушыларынан алған тест, әңгіме бойынша нәтижелері

қанағаттанарлық Бірақ бұл бүлдіршіндер әлі де мектеп өміріне үйренеді

және өздерін жақсы, еркін ұстайтын болады.

10. Тақырыбы: « Біз 5 – сыныпқа барамыз»


Каталог: EB0419249EE41AD0
EB0419249EE41AD0 -> Сабақтың тақырыбы: М. Жұмабаев
EB0419249EE41AD0 -> Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. А сәлемдесу. Ә «Менің балам қане» ойыны
EB0419249EE41AD0 -> Тұрсынхан Әбдірахманова ″даналарым″
EB0419249EE41AD0 -> Мәуліт-пайғамбарымызға деген сүйіспеншілік
EB0419249EE41AD0 -> Көркем негізгі мектебінің 2015-2016 оқу жылында тәрбие жұмыстарының бағыттары бойынша өткізілген жұмыстарға аналитикалық есеп
EB0419249EE41AD0 -> Көркем негізгі мектебіндегі жазғы демалыс лагеріндегі өткізілетін іс- шаралар жоспары
EB0419249EE41AD0 -> Бір-бірімізге мына күннің нұры мен жылулығын ұсына отырып жылы
EB0419249EE41AD0 -> Сабақтың тақырыбы: Ә. Тәжібаев "Толағай" Сабақтың мақсаты : Білімділігі
EB0419249EE41AD0 -> "Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы"
EB0419249EE41AD0 -> Сабақ Тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Интернат наны» Пән:Әдебиеттік оқу Сынып: 3 Өткізген: Рахметова Д. И. 2014 2015 оқу жылы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет