Көркем образ, оның түрлері. Жоспары: Образ туралы жалпы түсінік



Pdf көрінісі
бет10/11
Дата15.12.2021
өлшемі280,76 Kb.
#101402
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
k-rkem obraz

хорей, 

ямб;  үш  буындыларға  дактиль,    амфибрахий,  анапест 

жатады.  Ал  буын    саны    бірдей 

аталмыш өлең түрлері бір-бірінен екпін түскен  буын арқлы ажыратылады. Мысалы, қос 

буынды  ямб  мен  хореді  алайық.  Ямб  үлгісінде  екпін    екінші  буынға,  хорейде  бірінші 

буынға  түсіп  отырады.  Ал  үш  буынды  өлең  түрлеріне    тоқталсақ,  дактильдегі  екпін  – 

бірінші, амфибрахийда – екінші, анапесте үшінші буынға түсіп отырады. 

Силлабо-тоникалық  өлең  құрлысы  көптеген  тілдерде  тоникалық  және  силлабикалық 

жүйелер  аралығында  тұрғандай  қабылданатын  өтпелі  өлең  түрлерінң  жасалуына  да  жол 

ашты. Бұл орайда 

логаэд, дольник, тактовик, ерікті өлең,

 т.с.с. түрлерді атауға болады.  

Қорыта  айтар  болсақ, 

өлең 



өлең  сөзбен  жазылған  және  лирикалық  сипаты  басым 



шағын  көлемді  әдеби  туынды

.  Осы  мағынасында  өлең  әр  халықтың  әдебиетінде  түрлі 

жанрларда көрініс тапқан. Мысалы,  сонет, элегия, ғазал, бәйіт, рубаи, т.с.с. 

«Өлең»  ұғымы  ХІХ-ХХ  ғасырларда  нақты  мазмұн  иелене  бастады.  Яғни  өлең  сөз 

лириканың  аса    маңызды  пішіні  (форма)  ретінде  қабылданып  үлгерді.  Оның  сыры  өлең 

сөздің  адамның  ой-сезіміндегі  сан  алуан  құбылыстарды  бейнелеуге  мейлінше 

бейімділігінде жатыр. Өлең сөз бен лиризм арасындағы байланыс тым әріден басталады. 

Белгілі  бір  ырғақ  арқылы  дыбыстық  бөлшектерге    бөлініп  айтылатын    өлең  сөздің  әсері 

тура  сол  үлгідегі  сөйлемнің  қара  сөзбен  айтылған  сәттегі    әсерінен  мүлдем  басқаша 

болатынын аңғару қиын емес. Мысалы, «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын...» 

Өлең    сөздің  лирикалық  құбылыстарды  бейнелеуге  бейімдігі  нәтижесінде  уақыт  өте 

келе,  «өлең»  ұғымы    лириканың  әмбебап  түрі  ретінде    санада  қалыптасып  кетті.  Қазіргі 

таңда өлең мен лириканы  бір ұғым деп  түсінуіміздің сыры осында. Шындығында лирика 

- әдеби тектің бір түрін білдіретін сөз. Ал әдеби тек жайында кейінірек әңгімелейміз. Өлең 

–  көркем  сөз  құрылымының  белгілі  бір  тілдік-дыбыстық  жүйесіне  негізделген  әдеби 

туынды.  Бұл  пікірімізге  дәлел    ретінде    «лирикалық  проза»  немесе  «прозадағы  өлең» 

мәселесін  алуға    болады.  Мұндай    шығармаларға    құрылымында    өлеңге  тән  басты 

сипаттар,  яғни  көлемнің  шағындығы,  оқиғаға  қарағанда  сезімнің  басымдығы,  бейнелеу 

тәсілдерінде  объективтіліктен  гөрі  субъективтіліктің  үстем  болуы  сияқты  белгілер 



айрықша  байқалатын  әдеби    туындылар  жатады.  Бұл  шығармаларда  өлшем,  ырғақ, 

ұйқастардың сақталуы шарт емес. 

Әрине, өлең – ұзақ әңгімелеуге болатын мәселе. Әдебиеттануда өлең мәселесін әдеби 

туындының  дыбыстық  құрылымы  тұрғысынан  арнайы  қарастыратын  «Өлеңтану  деген 

сала да бар. Яғни  өлеңтану әдеби туындыны өлең сөз (стих)  тұрғысынан зерттеп, сөздер 

құрамындағы  дыбыстар  құрылымына    баса  назар    аударады.  Соған  сәйкес,  өлеңтанудың 

өзі    іштей  үш  арнаға  таралады  да,  1/  фоника  дыбыстар  үйлесімін,  2/  метрика  өлең 

тармақтары құрылымын және 3/ строфика тармақтар үйлесімін қарастырады. 

Әдеби шығарма туралы әңгімені тақырптан бастаған жөн. Өйткені тақырып - өнер 

туындысының ірге тасы. Жалпы шығармаға атау болып тұрған сөзді немесе сөз тіркесін 

тақырып деп білу қарапайым түсінік. Себебі «тақырып» ұғымының мәні одан гөрі 

әлдеқайда кең. Мәселен, қазіргі кезеңнің өзінде «тақырып» деген термин екі түрлі 

мағынада қолданылады: 1) Шығармада бейнеленген өмірлік материал ұғымында 

қолданылады. 2) Шығармада көтерілген негізгі қоғамдық проблема ұғымында. Міне 

осының ішінде екінші анықтама «тақырып» ұғымының мәнін неғұрлым дәл береді. 

Оның сыры, біріншіден, бұл анықтама  бойынша тақырыпты өмірлік материал деп 

қабылдай отырып, өмірлік  материалды танып-білу шығармадағы бейнеленген 

құбылыстарды талдауға негізделеді. Екіншіден, тақырыпты шығарманың басты 

проблемасы деп түсінуге тақырап пен идеяның органикалық бірлігі себепкер болады. 

Көркем шығарманы тұтас дүние ретінде мұқият қарастырғанда ғана тақырыпты дұрыс 

анықтауға қол жекткізуге болады. 

Суреттелген өмірлік шындықты жан-жақты танып алмайынша, шығармада 

көтерілген мәселелердің мәніне тереңдеп үңіле алмаймыз. Мәселелердің мәнін 

айқындау арқылы ғана шығарма тақырыбын нақты ажыратуға болады. Қандай 

шығармада болса да, қаламгер бейнелеген оқиғалар, жағдайлар, мінездер, іс-әрекеттер 

т.б. барлығы шығарманың бүкіл мазмұнын қамтитын ең негізгі проблеманы шешуге 

бағытталады. 

Қаламгер мақсаты өз шығармасында әлде бір проблемаларды көтерумен 

шектелмейді. Сонымен бірге сол проблемаларды шешу жолдарын да қарастырып, 

қоғамдық иделдардан өрбитін ой-пікілерін де аңғартады. Сондықтан да  шығарма 

тақырыбы оың негізгі идеясымен тығыз байланысты. 

Көркем  шығарманың  тақырыбы  авторлық  суреттеудің  өзегіне  алынып,  шығармада 

көрініс тапқан  ақиқат болмыстағы  заттардың,  құбылыстардың, оқиғалардың жиынтығы 

болып  табылады.  Немесе  жазушының  шындық  шығармасына  негіз,  арқау  еткен  өмір 

құбылыстарының тобын тақырып дейді. 

Өнер өмірден тұратын болса, суреткердің өмірден ең алдымен іздеп табары - өз 

шығармасының тақырыбы. Тақырып табу – бір күннің не берер әрекеттің шаруасы 

емес,  жазушының күллі қаламгерлік қимылының өн бойында жататын, творчестволық 

процестің барлық кезеңдеріне бірдей  ортақ жұмыс. Егер творчестволық процестің 3 

түрлі 1. Материал жинау, 2. Жинақталған материалды қорыту, 3. Қорытылған 

материалды жазу кезеңі бар десек, тақырып осынау 3 кезеңнің өн бойында тұтас желі  

тартып жатады. 




Әдеби    проблемалардың  авторлық  шешімдерді  өзара  ұштаса  келіп,  туындыдағы 

көркем  идеяларды  құрайды.  Егер  тақырып  –  жазушының  суреттен  отырған  өмір 

құбылысы  болса,  идея  –  жазушының  сол  өзі    суреттеп  отырған  өмір  құбылысы  туралы 

айтқысы келген ойы, көзқарасы берген бағасы болады.  

Мазмұн мен пішіннің байланысы секілді тақырып пен идея, әрқашан бірлікте болады. 

Тақырыптан  идея,  сондай-ақ  идеядан  тақырып  туып  жатады.  Кез  келген  көркем 

шығарманың негізінде бірін-бірі туғызып, бірін-бірі  дамытып жатқан тақырып пен идея 

болады.  Жазушы    өмір  шындығын  көркем  образдарға  жинақтап,  өз  шығармасының  тек 

идеялық-тақырыптық  негізінде  ғана  суреттеп  көрсете  алады.  Кейде,  шартты  түрде,  

шығарманың  тақырыбы  –  сауал  да,  идеясы  –  жауап  деуге  болар  еді.  Сонымен  қатар  1 

тақырыптан    бір  емес,  бірнеше  идея  тууы  мүмкін.  Кейде  шығарма    идяесы  тақырып, 

сюжет,  образдар  арқылы  нақты  көрінуі  де  мүмкін.  Көркем  шығармада  түрлі  деңгейде 

көрініс табатын  философиялық, әлеуметтік, діни, моральдық, гуманистік, педагогтік т.с.с. 

идяелардың қандайы болса да, образдар арқылы, шығармадағы нақты қаһармандар қарым-

қатынасы арқылы өнерге тән идеяға айнала алады. 

Өнерде, әсіресе, әлеуметтік идеялар маңызды роль атқарады. Автор өз туындысында 

әлеуметтік  идеяларды    бейнелеуді  мақсат  тұтса  да,  қарымды  қаламгерлердің  көркемдік 

дүниесінде    бұл  идеялардың  болуы  заңды  құбылыс.  Көркем  шығарманың  идеялығы  

дегенде, негізінен, әлеуметтік идеяның басты назарда болатыны да сондықтан. Әдебиеттің 

әлеуметтік идеялығы оның халықтық сипатынан танылады. 

Бір  әдеби  шығармада  бір  ғана  тақырып  және  бір  идея  болуы  шарт  емес.  Проза  мен 

поэзияның  шағын    түрлерінде,  солай  болуы    мүмкін.  Ал  көлемді,  кесек  шығармаларда,  

әсіресе  орта,  немесе  кең  көлемді  эпикалық    түр    туындыларында  бір  емес,  бірнеше 

тақырып, бірнеше идея болады. 

Алайда  көркем  шығарманың  тақырыптар  мен  идеялар  қанша  көп  болғанымен, 

олардың  бәріне  ортақ  желі,  бәріне  дәнекер  бірлік  болады.  Ол  бірлік  –  идеялық  бірлік. 

Оның  өзі  шығармаға  арқау  боп  отырған  шындықтан  туады.  Сонымен,  осындай  бір 

шығармадағы бірнеше жәгне әр алуан жеке тақырыптар мен идеялардың басын бір жерге 

қосып,  бір  арнамен  өрбітіп  тұрған  бірегей,  өзекті  мәселені  негізгі  идея  дейміз. 

Жазушының  ой  өзегі  әрқашан  қаз-қалпында  көркем  идеяға  айнала  қоймайды.  Осыдан 

келеді  де  әр  шығармадағы  авторлық  және  объективтік  идеялар  туралы  ұғым  туады. 

Авторлық  идея  –  суреткердң  о  бастағы  ой  өзегі,  объективтік  идея  –  нақты  шығармадан 

туатын  смақсатты  нәтиже.  Бұл  екеуі  ылғи  бірдей  бола  бермейді.  Кейде  тіпті  авторлық 

идеяға  объективтік  идея  керағар  кеп,  қарама-қарсы  шығуы  да  мүмкін.  Ал  оқырманға 

керегі – автордың идеялық мақсаты ғана емес, шығарманың идеялық нәтижесі. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет