Көркем образ, оның түрлері. Жоспары: Образ туралы жалпы түсінік


Лекция  бойынша студент меңгеруге тиісті мәселелер



Pdf көрінісі
бет11/11
Дата15.12.2021
өлшемі280,76 Kb.
#101402
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
k-rkem obraz
k-rkem obraz, k-rkem obraz, 6-МАЪРУЗА, 6-МАЪРУЗА, 6-МАЪРУЗА
Лекция  бойынша студент меңгеруге тиісті мәселелер. 

1.

 



Өлең және өлең сөз туралы түсінік. 

2.

 



Өлең жүйелері туралы түсінік. 

3.

 



Метрикалық өлең жүйесі 

4.

 



 Силлабикалық өлең жүйесі 

5.

 



Тоникалық өлең жүйесі 

6.

 



Силлабо-тоникалық өлең жүйесі 

7.

 



Өлең және лирика. 


Көркем шығарманың идеялық мазмұны 

Пафос және оның түрлері. 

Жоспары: 

1.

 

Пафос туралы түсінік.  

2.

 

Пафостың түрлері.  

3.

 

Жанр. 

Әдебиетке  тән  негізгі  сипаттардың  бірі  –  оның  идеялылығы.  Идеялылық-  өнер 

туындыларындағы  көркем  образдар  арқылы  бейнелегнен  оқиғалар  мен  характерлердің 

мәні жайындағы ой-пікірлердің көрінісі. 

 

Демек,  идеялылық  ұғымын  қаламгер  позициясы,  авторлық  идея  мәселелерінен 



бөле-жара қарастыру мүмкін емес.  

Көркем  шығарма  тек  қоғамның  жарқыраған  «айнасы»  ғана  емес,  сол  қоғамдағы 

болып жатқан реалды оқиғаны сырттай бейнелеу де емес, жанды образдарды тудыруы мен 

қым-қиғаш  оқиғаларға  деген  автордың  көзқарас  –  бағасын  білдіруі  немесе  терістуі  мен 

ризашылығын  қоса  сезініп,  түйсінуі.  Яғни,  кез  келген  көркем  дүние  табиғатынан 

автордың  бейнелеп  отырған  туындысына  деген  нақты  қарым-қатынасы  мен  ой-пікірін 

анықтап,  түсіну  деген  сөз.  Ал,  оны  біз  көркем  шығарма  мазмұнындағы  автор 

позициясынан  айнытпай  тани  аламыз.  Егер  авторлық  позиция  оқырманның  іздеген 

ойларымен  дөп  келсе,  аңсар  сезім  күйімен  үйлесе  кетсе,  онда  көркем  шығарманың  да 

құндылығының  артқаны.  Өйткені  көркем  шығармадан  адамның  рухани  жақтан  тілеген, 

белгілі  бір  жайға  көзін  анық  жеткізілген  позициялары  табылып  жатса,  сонда  ғана 

шығармашылық  позицияға  сай  автордың  да шығармашылық  тұлғасы  анық  бой  көтереді. 

Себебі  өнер  дүниесінен  адам  өзіне  эстетикалық  ләззат  алуды,  танымдық  қажеттілікті 

іздейді.  Ал,  көркем  туындыағы  авторлық  позиция  оқырманның  рухани  танымын 

тереңдетуге,  эстетикалық  талғамның  өсуіне  ерекше  ықпал  етері  де  сөзсіз.  Сондықтан 

Ф.М.Достоевский: «Адам бойында адамдық образды қалпына келтіру керек» дей отырып, 

«Эстетика  дегеніміз  адам  баласының  өзін-өзі  кемелдендіру  кезінде  жан  дүниесінде 

ашылатын  ғажайып  сәттер»  екенін  ой  жібереді.  Авторлық  позицияның  тағы  бір  тылсым 

қыры  тап  осы  арада  анықтала  түседі.  Автор  шығармасы  арқылы  адамгершілік  пен 

ізгіліктің құдіретін оқырманына айқын таныта түсіп, оқырман болмысына сіңіре түсу үшін 

жан дүниесіндегі ғажайып эстетикалық сезім күйін сомдап отырған образдың табиғатына 

еріксіз  «сыйлауға»  мәжбүр  болады.  Сол  арқылы  оқырманға  аса  қуатты  эстетикалық-

эмоциональдық позиция тұрғысынан әсер етеді.  

Әдебиеттің  идеялылығы  және  оның  қаламгердің  тәрбиелеушілік  сипаттағы  ұлы 

парызын жүзеге асырудағы маңызы жайында сөз еткен кезде көркемдік ойлаудың өзіндік 



ерекшеліктерін білмейінше, әдебиеттің идеялылығы мәселесінің күрделілігін дұрыс түсіну 

мүмкін емес.  

Идеялылық  бағыттылықтың  жақсы  немесе  жаман  болуы  тек  қана  мазмұнға 

қатысты  емес,  сонымен  қатар  бейнелеу    пішіні  арқылы  да  анықталады.  Көркем 

туындылардағы идеялар сөз арқылы тікелей берілмей, негізінен, көркем образдар арқылы 

жанама түрде көрінетіндіктен, олар көзге ұрып тұрмайды, туындының өне бойында тұтас 

күйінде, шығармадағы тілдік – бейнелік образдар байланысы арқылы ашылады.  

Идеялылық  –  көркем  туынды  мазмұнына  тән  сипаттарды  ,  яғни  тақырыптың 

әлеуметтік, саяси, философиялық немесе этикалық маңызын, қоғамдық бағыттылығы мен 

идеологиялық  тенденциялығын,  көркем  идеяның  шынайылығын  біріктіре  бағалайтын 

эстетикадағы өнердің жалпы өлшемі.  

Пафос    түсінігінің  шығарманың  идеялық-эмоциональдық  бағыт  ретіндегі  ғылыми 

тарихы  және «пафос» терминінің тарихы бір-біріне сәйкес емес. Мұндай жағдай ғылымда 

жиі  кездеседі.  Өнертану  және  әдебиеттану  эстетикасына  «пафос»  термині  Белинский 

заманынан бері қолданыстағы әдеттегі  «поэтикалық идея» мағынамын бірден ала қойған 

жоқ.  «Пафос»  сөзі  этимологиялық  тұрғыдан  басқа  барлық  тілектерді  адам  кеудесінен 

ығыстыратын, одан асқақ болатын және оның еркіне бағынбайтын, бәрін де жеңетін қатты 

құмарлықты  білдіреді.  Осыған  байланысты  пафос  көбінесе  азап  шегумен  тоғысып,  ым, 

ишарада,  жоғары  эмациональдық  сөйлеуде  және  т.б.  көрініс  береді.  Пафос  –  Кипрдегі 

қала. Онда аңыз бойынша, теңіз көбігінен махаббат құдайы Афродита жаралған («Пафия», 

«Пафос  құдайы»).  Б.д.д.  ҮІ-Ү  ғ.ғ  Афрадита  Пандемос  пен  Афродита  Уранияны 

философтар  ажырата  бастаған.    Әдеби  жанр  (французша  –  тек,  түр)  термин    ретінде  

шартты  2  мағынада  қолданылады:  1/  әдебиеттердің  тектері  эпос,  лирика,  драма;  2/әдеби  

шығармалардың түрлері - әңгіме, роман, баллада, поэма, комедия, трагедия т.б. 

Жанр  мәселесінің  маңында  шартты  пікірлер  көп.    Әдебиет  теориясына  арналған 

еңбектерде  көбіне  әдебиеттің  тегі  –  жанр,  әдеби  шығарма  –  жанрлық  түр  деп  танылып 

жүр. 

Әрбір  әдеби  туындының  жанрлық  табиғатына  әр  алуан.  Эпикалық  шығармада 



қаламгердің өзін қоршаған дүниені көркемдік пен  суреттеуміне қатар, өмір шыныдығын 

әдеби образға  жинақтап, олардың өзара қарым-қатынастарынан туған қат-қабат оқиғалар 

арқылы  ашылса,  лирикада  өмірдің    түрлі  құбылысмтарынан  туындаған  ой-сезімдерді 

ақынның тікелей бейнелеуіне бағытталады. Драмада алғашқы екеуінің  мүмкіндіктерін өз 




бойына біріктіреді. Яғни пьесадағы түрлі кейіпкерлердің мінездері өздерін-өздері тікелей  

көрсетуі арқылы ашылады. 

Аталмыш  үш    тектің  негізгі    ұстанымдары  өзгеріссіз  қалпында  ғасырлар  бойына 

әдебиет туындысының  сипатын айқындап келеді. 

Әдебиет   тектерінің тұрақтылығын былай түсіндіруге болады. Адам нақты бір қоғамдық 

жағдайларда  дамиды,  белгілі  бір  әрекеттер,  ойлар  мен  толғаныстар  арқылы  өзін-өзі 

танытады. Эпос, лирика, драма өзара ұштаса отырып, халықтар өмірінің тұтастай дәуірін 

қамтитын  аса  күрделі  қоғамдық  үрдістерді  бейнелеуден  бастап,  бір  ғана  адамның 

толғаныс-толқыныстарын  көрсетуге  дейінгі  адам  санасы  мен  өмірді  терең  де  жан-жақты 

суреттеуге шексіз мүмкіндіктер ашады. 

Өнер  өмірден  туады.  Эпос,  лирика,  драманың  әрқайсысы  осынау  күрделі,  қиын 

өмірдің өз қажетінен рпайда болған. Сынның туу, қалыптасу, даму тарихын білу қажет. 

Әрбір  әдеби  шығарма  –  белігіл  бір  дәуірдегі  қоғамдық  шыдықтың  сәулесі.  Әр 

дәуірдің  өз  шындығы  бар.  Бұлар  бірін-бірі  қайталамайды.  Тектері  мен  түрлері  ұқсас 

болғанымен Шкспир трагедиясы  Мүсірепов жазған трагедиядан, Бальзак романы Әуезов 

романынан,  Абай  поэзиясы  Жансүгіров  поэзиясынан  өзге  екені  даусыз.  Осы 

өзгешеліктерді,  ажырату  әрекетінің  өзі  жанр  мәселесін  тарихи  тұрғыдан  қарастыруға 

әкеледі. 

Жанр  -  даму    үстіндегі  ұғым.  Әрбір  тарихи  дәуір  әр  түрлі    жанрдың  түп  негізін 

сақтай  тұра,  оның  табиғатына  өз  ерекшеліктерін  енгізеді.  Мұндай  ерекшеліктер,  бір 

жағынан,  әр әдебиеттің ұлттық сыр-сипатымен тығыз байланыста болса, екінші жағынан 

әр  жазушының  әлеуметтік  орта  мен  әдеби  процесті  атқарар  роліне  алар  орнына 

байланысты.  Жнарлық  дамудың  өзі  –  тірі  поцесс.  Жанрлар  туады,  өседі,  өзгереді, 

жоғалады,  жаңадан  пайда  болады.  Бұл  да  әр  әдебиеттің  тарихи  тағдырлары  мен 

ерекшеліктеріне ұштасып жатады. 

Жанр  –  нақты  тарихи түр.  Қазақ  эпосы  бр  кезде  батырлар  жыры  түрінде  көрінсе, 

кейін  аралық  сипаттағы  лиро-эпосқа  көшті,  одан  келе  жанрлық  табиғатына  мүлде 

жаңартқан жаңа сападағы  поэмаларға ауысты. 

Дәстүрлі  түрде  әдеби  тектер  үшке  бөлініп,  әрқайсысы  сөздің  белгілі  бір  қызметіне  сай 

келеді де, оның эстетикалық ерекшелігін белгілейді. 

1. Эпос, болмысты белгілі бір ауқымда, көлемде, уақыт пен кеңістік аясында және 

оқиғалар шеңберінде, сюжеттік желі негізінде қамтиды. 

2.  Лирика,  жеке  адаманың  ішкі  дүниесін,  сезімнің  қалыптасып,  өзгеруімен,  мұң-

қиялымен, көңіл ауанымен, қайғғы-қуанышымен ашып көрсетеді. 




Драма,  сөздік  әрекеттерді    эмоционалды  ерікті    ұмтылысымен,  әлеуметтік-

психологиялық сипатымен,  ішкі  еркіндігімен және сыртқы  шектеулілігімен, қысқасы екі 

жақты  экспрессивті  –сюжеттік    қатынастарымен  танытады.  Сол  арқылы  әдебиеттің  бұл 

тегі  өз  бойында  лирика  мен  эпостың  сипаттарын  ұштастырады.  Кең  суреттейтін,  адам 

мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты танытатын іргелі, күрделі жанр. 

Эпостың  туу,  қалыптасу  тарихы  адам  санасының  алғаш  ояну  дәуірлеріне  тамыр 

тартып жатыр. 

Белинский  эпикалық  шығарманың  ерекшелігі,  мәселен,  драмадағы  басты  нәрсе  – 

адам  болса,  эпостағы  басты  оқиға    екенін  ескертеді.  Бұдан  шығатын    қорытынды-  эпос 

жан-жақты  жанр:  эпикалық  шығармада  адамның  өмір  жолы  кеңінен  баяндалады,  оның 

басынан кешкен тағдыр мен тіршілік толық  жинақталады, ол жасаған оқиғалар молынан 

суреттеледі,  ол  жасаған  іс-әрекеттер  тұтас  бейнеленеді,  адамдар  арасындағы  қарым-

қатынастар  әр  қырынан  айқын  көрсетіледі.  Өмір  шындығын  қамту,  адам  мінезін  ашу 

мүмкіндіктеріне қарай эпикалық жанр 3 түрге бөлінеді. 1/ шағын көлемді эпикалық түр. 2/ 

орта  көлемді  эпикалық  түр.  3/  кең  көлемді  эпикалық  түр.  Қандай  эпостық  шығарма 

болсын, бәрібір осынау 3 түрдің біріне жатады. 

Шағын  көлемді    эпикалық  түрге  жататын  әдеби    туындыларда,  негізінен,  өмір 

шындығы  бір  немесе  бірер  ықшам  эпизод  мөлшерінде,  адам  тағдыры  бір  немесе  бірер 

жинақы  оқиға  көлемінде  ғана  көрсетіледі.  Оқиғаға  қатысатын  қаһармандар  санаулы, 

олардың басынан өтетін құбылыстардың бәрі емес, кейбір үзіктері ғана суреттеледі. Адам 

мінезі мұнда көбіне қалыптасқан дайын қалпында көрінеді. 

Шағын  эпикалық  шығармалар  әдеби  тарихның  әр  кезеңінде  әр  сипатта  болған. 

Мысалы:  ежелгі  көне  дүниедегі  бұл  тектес  көркем  туынды  –  мия,  одан  кейін  –  аңыз, 

ертегі, мысал, новелла т.б. 

Миф – табиғат құпияларын, адам  не қоғам өмірінің сан алуан сырын қиял ғажайып 

оқиғаға  айнадыра  бейнелейтін фантастикалық баян. Бұл байырғы халықтардың бәрінде 

бар, бірақ түпкі туған жері ежелгі Греция. 

Эпостың көне түрлерінің бірі – аңыз. Бұл да миф секілді әсіре қиял  аралас фантастикалық 

қиял. 

Бірақ  мифтен  өзгешелігі  –  аңыздың    негізінде  шындыққа    жөн  асымды,  көбіне 



өмірде  болған  халық  есінде  сақталған  оқшау  оқиғалар  жатады.  Шағын  көлемді  эпикаға 

тән  жанрлық  түрлердің  бірі  –  ертегі.  Бұл  да  миф  пен  аңызға  ұқсас,    адам  өмірін  де,  не 

хайуанат  дүниесінде  болуға  лайық  әр  алуан  қызық,  кейде  ғажайып  оқиғаларды  ойдан 

шығарып, өсіре  әңгімелейтін көркем хикая. 

Ертегінің тақырыбы ғана емес, табиғаты да әр алуан.  



Мысал – эпостық шығарманың ішіндегі ең қысқа түрі. Әрқашан сатиралық сипатта, 

көбіне аң, хайуанат,  кейде зат  туралы  жазылады да, сол  арқылы адам  бойындағы  мін, 

әлеуметтік ортадағы кемшілік күлкіге келекеге, мазаққа айналдырып, сықақпен сыналады. 

Мазмұны бүкпелі болғанымен, идеясы астарсыз, ашық, тура, тілі өткір болады.  

Новелла -  итальянша-жаңалық, соңғы сөз деген мағына береді.  

 

 



 

 

 



 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет