Өлең және өлең сөз.
Жоспары:
1.
Өлең және өлең сөз туралы түсінік.
2.
Өлең жүйелері.
3.
Өлең және лирика.
Қай халықтың әдебиетінде де поэзиялық туындылардың алар орны айрықша. Поэзия
дегенде ойымыз өлеңге ойысатыны да түсінікті. Сонда, өлең дегеніміздің өзі не?
Бұл сұраққа жауап беру ұшін төмендегідей сұрақтарға жауап іздеуге тура келеді: 1
/
Өлеңнің прозадан айырмашылығы қандай? 2/ Бір тілге немесе бір дәуірге тән өлеңнің
басқа тілге немесе дәуірге тән өлеңнен айырмашылығы қандай? 3/ Бір өлеңнің екінші
өлеңнен айырмашылығы қандай?
Бір қызығы осылардың ішіндегі ең қиыны – алғашқы сұрақ. Егер оны түрлі жастағы
адамдарға қояр болсақ, мектеп жасына жетпеген балдырған: «Өлең қысқа-қысқа
жолдармен жазылады», оқушы: «Өлеңде ырғақ пен ұйқас болады», студент: «Өлең –
лирикалық қаһарманның сан қилы көңіл күйін танытатын ой-сезімдерді бейнелеген
поэтикалық тілдің ерекше құрылымы» деп жауап берер еді. Айтылған үш пікір де дұрыс,
ал соның ішінде өлең анықтамасына мейлінше жақын келетіні балдырғанның жауабы
болып шығады. Өйткені біздің түсінігімізде қалыптасқан «өлең» ұғымының түп мағынасы
грек тілінде «қатар, жол» деген мағына беретін
Достарыңызбен бөлісу: |