Көркем образ, оның түрлері. Жоспары: Образ туралы жалпы түсінік


өлең сөз     (стих)  болып табылады.  Өлең сөз



Pdf көрінісі
бет5/11
Дата15.12.2021
өлшемі280,76 Kb.
#101402
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
k-rkem obraz
k-rkem obraz, k-rkem obraz, 6-МАЪРУЗА, 6-МАЪРУЗА, 6-МАЪРУЗА
өлең сөз

    (стих)  болып табылады. 



Өлең сөз

  -  өзара  байланысты,  әрі  шамалас  

бөліктерге    бөлшектеуге    келетін  жүйелі  көркем  сөз.  Шартты  түрде  алар  болсақ,  өлеңге 

қарсы  мәндегі  әдеби  құбылыс  проза  екені  түсінікті.  Проза  тілі  де  іштей    бөлшектерге 

бөлінеді.  Прозадағы  дыбыстық-ырғақтық  бөлшектерді 

колон

  дейміз.  Ал  өлең  сөзге  тән 

дыбыстық    бөлшектерге  шумақ,  тармақ,  бунақ,  ырғақ  жататыны    белгілі.  Прозамен 

салыстырғанда  өлеңдегі  дыбыстық    бөлшектеудің  екі  түрлі    ерекшелігі  бар:  1/  прозалық  

мәтінді  мүшелеуде  синтаксистік  паузалар  басты  роль  атқарса,  өлеңдегі  бөлшектеуші 

паузалардың    синтаксистік  паузалармен  ұдайы  сәйкес  келуі  шарт  емес;  2/  прозада 

бөлшектеуші  паузалар    белгілі  бір    дәрежеде    еркіндікке  мүмкіндік  берсе,  өлең    сөздегі  

паузаларды жүйелілік қатаң сақталадыв. Аталмыш жүйелілікке  тәуелді өлең  бөлшектерін 

мәтіннің  қағазға    түскен    көрінісінен  де  айқын  көре  аламыз.  Осы  тұста 

мәтіндегі 

синтаксистік  және    поэтикалық  бөлшектеуші    паузалардың    сәйкессіздігіне  білдіретін 

жеке  термин 

бар    екенін  де  ескерте  кеткен  орынды.  Ол  –  француз  тілінде    «тасымал» 

деген мағына білдіретін 

«enjambement» 

 («анжамбман») деген термин сөз. 

Әдебиеттануда  «өлең  құрылысы»  немесе  «версификация»  деген  де    түсінік  бар. 

«Versus» сөзінен өрбитін «версификацияның» мағынасы «өлең құрастырушылық» дегенге 

саяды.  Қалай  болғанда  да,    өлең  құрылысы  дегенде  өлең  тіліндегі  дыбыстық  құрамды 

үйлестіру тәсілін түсінеміз. 

Өлеңге берілген анықтаманы  жіктей қарастырар болсақ, біріншіден, 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет