Көркем образ, оның түрлері. Жоспары: Образ туралы жалпы түсінік


«stichos»   латынның  «бұрылыс»   мағынасындағы  «versus»



Pdf көрінісі
бет4/11
Дата15.12.2021
өлшемі280,76 Kb.
#101402
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
k-rkem obraz
k-rkem obraz, k-rkem obraz, 6-МАЪРУЗА, 6-МАЪРУЗА, 6-МАЪРУЗА
«stichos»

  латынның  «бұрылыс»  

мағынасындағы 

«versus»

  сөздерімен  өзектес.  Енді  «өлең  дегеніміз  не?»  деген  сұраққа 

жауап қарастыралық. 

Белгілі  әдебиет  теоритегі,  академик  З.Қабдолов:  «…  өлең  –  еркін  сөйленетін  жай 

сөздер  тіркесі  емес,  ырғағы  мен  ұйқасы  белгілі  қалыпқа  түскен,  шумағы  мен  бунағына 

дейін  белгілі  қалыпқа  түскен,  шумағы  мен  бунағына  дейңн  белгілі  тәртіпке  бағынған 

нақысты    сөздер  тізбегі»  деп  тұжрымы  жасайды,  және  бір  тұста  «…  поэзия  дейтініміз  - 

өлеңді  шығармалар»  (Қабдолов  З.  Сөз  өнері.  –  Алматы,  1982.  254-255  беттер)  деген  ой 

айтады. 

1998  жылы  жарық  көрген  «Әдебиеттану.  Терминдер  сөздігінде»  «өлең»  терминнің 

бірнеше  мағыналық  қолданысы  көрсетілген.  «Біріншісі  -  ән  өлең,  ән  салып,  ән  шырқап 

айтатын  -  өлең,  яғни  музыкалық  өнер  мен  сөз  өнеріне  ортақ  туынды.  …  Екіншісі  – 

көбінесе жеңіл, ықшамды ғана әуенмен, мақаммен термелеп айтылатын өлеңдер, жырлар, 

яғни  ауызша  поэзияның  туындысы.  Үшіншісі  –  оқылатын,  сөйлеп  айтылатын  өлең,  яғни 

жазба поэзияның туындысы, әр алуан лирикалық шығармалар. Сонымен қатар, өлең деген 

сөзді  кең    мағынада  алып,  көлемі  қысқалау  келетін  поэзиялық  шығармалардың  бәріне 

ортақ  жалпылама  атау  ретінде    олдану  да  жиі  кездеседі».  Осы  еңбектің    «Өлеңші»  

терминіне  анықтама  берілген  тұсында:  «Өлең  деп  қазақ  поэзиясында  әнмен  айтылатын 

өлеңді  де  (песня),  белгілі  бір  әуеннің  сүйемелімен  айталытан  өлең-жырларды,  тақпақтап 

айтылатын, оқылатын өлең сөзді де  (стих) атай береді» деген пікір кездеседі. 

Өлеңге  байланысты  айтылған  бұл  пікірлердің    дұрыстығына  күмән  жоқ.  Дегенмен 

«өлең» терминіне байланысты нақтылай түсер жәйттер бар. 

Біріншіден, анықтамаларға негіз болып тұрған «өлең» сөзі «поэзиялық туынды» деген 

мағынада алынғанын аңғарамыз. Бұл  тұрғыда ол орыс тіліндегі    «стихотворение» деген 




түсінікпен мәндес келеді. Ал осы   «стихотворение» сөзіне  сөзжасам тұрғысынан талдай 

қарасақ,  оның  «стих»және  «творение»  деген  сөздердің  бірігуі  арқылы  жасалып,  «һлең 

туынды»  немесе  «өлеңмен    жазылған  туынды»  деген  мағына  беретінін  байқаймыз.  Бұл 

«өлең»  терминінің    жоғарыда  көрсетілген  мағыналардан  басқа  тағы    бір  мағыналық 

қолданыс иеленетінін аңғартады. «Ол қандай мағына?» деген сұраққа жауап іздер болсақ, 

гректің 


«stichos» 

сөзінен  өрбитін  «стих»  мәніндегі  терминдік  мағынасы  болып  шығады. 

Ал «стих» дегеніміз өлеңемес, өлеңнің құрамдас бөлшегі. 

«Өлең  дегеніміз  не?»  деген  сұрақтың  жауабын  да,  ең  алдымен,  осы      мағыналық 

қолданысқа қатысты  қарастырып, өлеңге негіз болатын бөлшекке назар  аудару қажет. Ал 

өлең негізі 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет