Композиция мен сюжет
Жоспары:
1.
Сюжет пен фабула.
2.
Сюжеттің бөлшектері.
3.
Композиция туралы түсінік.
4.
Композицияның бөлшектері.
Өмірдегі шындықтың шынайы әдеби шығармаға айналу, әдебиеттегі мазмұнның
пішінге көшу, тақырыптың идеялық-көркемдік шешім табу процесінде сюжет пен
композициялық атқарар рөлін еш нәрсемен ауыстыру мүмкін емес.
Фабула – бұл латынша-әңгімелеу, баяндау, тарихтап айтып беру-көркем шығармада
суреттелген оқиғаны рет-ретімен жүйелеу, мазмұндау. Біз шығарманы алғаш оқығанда
оның жалпы фабулалық желісін тез қабылдаймыз. Ал, сол шығарманы қайтадан оқитын
болсақ, шығарамадағы суреттелген әрбір әрекеттің, оқиғаның, құбылыстың мәніне
тереңдеп үңіле бастаймыз, соның нәтижесінде санамызда сюжет жайлы түсінік пайда
болады.
«Сюжет» нақты бір заттық мәнге ие бола алады. Яғни сюжет – авторлық мақсат та,
фабула-сло мақсатқа жетудің құралы. Егер фабуланы әңгімелеп беруге болатын болса,
сюжеттің көркемдік мәнін шығармада көрінетін авторлық баяндау ерекшеліктері ғана
жеткізе алады. Кейде жазушы пайдаланған даяр фабула сюжетке айналған кезде
көркемдік өңдеуге ұшырайды. Біріншіден, мұндай даяр фабулалар өмірдегі, нақты
оқиғаларға негізделген шығармаларда жиі кездесуі мүмкін. Екіншіден, бір жазушының
жасаған фабуласы екінші жазушының шығармасында мүлде жаңасападағы сюжетке
ұласып жатуы да ықтимал. Бір ғана фабула әр жазушының шеберлігіне байланысты әр
түрлі сюжеттік сипатқа ие бола береді. Сюжет шығарма стилімен, көркем дүние
құрылымның ортақ заңдылықтарымен тығыз байланысты. Демек, шығарманың көркемдік
маңызы фабулаға емес, фабуланың шығармашылықпен игерілген көркемдік сипатының
сюжетте тереңдетіле бейнеленуіне қатысты.
Сюжет – француз тілінде «зат» деген ұғымды білдіреді. Ол-эпикалық және драмалық,
кейде лирикалық шығармаларда қозғалыс үстінде көрінетін оқиға барысы, әрекет дамуы.
Сюжет дегеніміз дейді Горький, - «жалпы алғанда, адамдардың өзара қарым –
қатынасы, байланысы, қайшылықтары, жек көру, жақсы көру, әр характердің типтің өсу,
жасалу тарихы». «Сюжет» терминін алғаш рет XVII ғасырда классицистер П.Корнель мен
Н.Буало қолданды. Олар сюжет ұғымын Аристотель ізімен ежелгі дүние
қаһармандарының өміріндегі оқиғалармен байланыстырды. Көбіне сюжет шығармадағы
оқиғалар жүйесі ретінде көрінеді. Оның сыры сюжетті шығарманың басым бөлігі аса
маңызды қоғамдық конфликтілерді көркемдік тұрғыдан қарастырады және оларды
қаламгер жасаған біртұтас өмір көрінісінің ішінде бейнелейді.
Сонымен бірге сюжет дегеніміз өнер туындысының мазмұнына айналған өмірлік
оқиғалардың өзара байланысы, өрбуі, өрістеуі. Бір-бірмен қарым-қатынастағы адам
тұлғалары өзекті оқиғалар арнасында, тұтасқан қимыл-әрекет үстінде, шиеленіскен күрес,
қақтығыс, қарама-қарсылық ішінде қалыптасады. Сюжетті шығармалардың мазмұнында
көбіне күрделі қайшылықтар, өмірлік тартыстаржеп, тартып жату себебі де соған
байланысты. Тартыс - (латынша конфликтус) –қақтығыс, айқас деген мағына білдіреді.
Ол өмірдегі қайшылықтардың өнердегі көрінісі, адам тіршілігіндегі түрліше қарама-
қарсылықтардың, адамға тән әр алуан көзқарастағы, идеядағы, сезімдегі, нанымдағы, іс-
әрекеттегі, мақсат-мүддедегі кереғар құбылыстардың өнер туындысында жинақталып,
суреттелуі. Өнердегі өмірлік тартыс – көркем шығарманың идеялық мазмұнындағы
үзілмес желі, арқау, керек десеңіз күллі өнер туындысына тіршілік беріп тұрған жүйке,
дейді З.Қабдолов, олай болса, әдеби шығармадағы табиғи тартыс, оның сюжеті мен
композиясын өрбітер, қозғаушы күш. Сюжетте қоғамдық тартысты қозғалыс үстінде, яғни
дамуы, шешілуі арқылы көрсету қоғамдық даму тенденцияларын, оның заңдылықтарын
түсінуге ықпал етеді. Осыған орай, шығармадағы сюжеттің алуан сипатты ролін дұрыс
түсінуге қажетті кейбір негізгі сәттерді атап өткен жөн. Қаламгер тартыс мәніне тереңдей
бойлауы арқылы сол конфликтіге қатысушы адамдардың жан-дүниесіне үңіледі.
1. Қаламгер өз шығармасының мазмұнын құрайтын конфликтілерге ақыл-ойымен де,
сезімімен де бірдей өз араласуына тура келеді.
2. Әрбір үлкен қаламгер өз дәуірі мен халқы үшін асамаңызды орын алатын тартысқа
ғана назар аударады.
Шығармаларға өзек болған қоғамдық тартыс өткен дәуірлерден де алынуы ықтимал.
Алайда, тартыстың түпкі мәні қаламгер өмір сүрген кезеңдегі қоғамдық талап-тілектермен
орайласып жатады. Сонымен бірге қаламгер өз бейнелеп отырған характерлер мен
жағдайлар, адамдар арасындағы байланыстар мен қарама-қайшылықтардың шынайы
сипатын ашып танытуда сюжеттің мүмкіндігіне сүйенеді. Осылардың бәрін бейнелеу
шығармада алға тартылған проблемалардың мәнін ашуға, идеяға ықпал етеді. Сюжет
желісіндегі образ-характерлер негізгі идеяға, негізгі оқиғаға байланысты бола отырып,
өзіндік даралығын да сақтап қалуы да шарт. Классикалық үлгідегі туындыларда күрделі де
тұтастық сипатта көрінетін сюжеттің басталуы (экспозиция), байланысы (завязка), дамуы
(ситуатция), шарықтау шегі (кульминация), шешімі (развязка) сияқты бөлшектерден
тұрады. Кей шығармаларда пролог пен эпилогта кездеседі.
Сюжеттің басталуы – оның кіріспесі іспетті мұнда әдеби қаһармандар өзара қарым-
қатынасқа көшпестен бұрынғы хал-жағдай, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ қақтығыстар
алаңы, оқиғалар орны суреттеледі. Экспозицияның бір ерекшелігі – ол шығарманың
сюжеттік желісіндегі өмірлік тартысқа тікелей ықпал жасамайды, тек мезгіл мен мекенге
мегзеу, дерек, дәйек ретінде ғана қалады. Экспозиция үнемі шығарма басында кездесе
бермей, кейде шығарма соңында да беріледі.
Сюжеттік байланыс – адамдар арасындағы әрекеттің басы, тартыстың басталуы,
шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі. Байланыс, экспозициядай
емес, шығарманың сюжеттік желісіндегі өмірлік тартысқа тікелей ықпал жасайды,
оқиғаны өрбу жолына салады.
Сюжеттік даму шығарма мазмұнында аса үлкен мәнге ие. Бұнда адамдар арасындағы
байланыстар мен қарама-қайшылықтар анықталады, адам м-інезінің түрлі қырлары
ашылады, кейіпкерлердің қалыптасуы мен өсу тарихы беріледі. Яғни байланыс
оқырманды шығармадағы проблеманы түсінуге бағыттаса, әрекет дамуы сол проблеманың
шешілуіндегі мүмкін жолдарын аңғартады.
Шығармада суреттелген сюжеттік дамудың ең жоғарғы шиеленіс биігіне жеткен тұсы
шарықтау шегі деп аталады. Шарықтау шегінің мазмұндық мәні шығармадағы
проблеманың ең жоғарғы ұшығына келіп тірелуінде жатыр. Өмірдегі қандай да бір
проблеманың шешімін табатыны сияқты, шығармадағы шарықтау шегіне жеткен
проблемалар да көркемдік тұрғыдан шешімін табуды керек етеді. Бұл тұста образдар да
айрықша танылып, адам мінездері жан-жақты ашылады. Шығарма сюжеттің күллі
кезеңімен тұтастырып, белгілі бір бүтіндікке әкеліп тұрған композицияның аса жауапты
тұсы да – осы.
Шешім – шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі. Суреткердің өзі суреттеп
отырған өмір шындығына шығарған «үкімі», адамдар арасындағы қарама-қарсы тай-
таластардың, күрделі күрестердің бітуі, түрліше тағдырлар тартысынан туған нақты
нәтиже, оқиға ға қатысушылардың ең ақырғы хал-күші, күллі құбылыс-көріністердің
соңғы сахнасы.
Сюжеттің құрамдас бөлшектері қатарында пролог пен эпилогта аталады. Бұлар –
кейбір шығармаларда ұшырасатын бөлшектер.
Пролог – шығармадағы негізгі сюжет дамуына өзінше кіріспе іспетті. Алдағы әрекет
дамуынан алдын–ала хабардар ете отырып, пролог шығармадағы әрекет, оқиғалардың
алғашқы себептерін ашып көрсетеді. Бұл себептер кейде уақыт жағынан тым ертеде болуы
да ықтимал. Қалай болғанда да, прологта баяндалған себептер белгілі бір дәрежеде
шығармада өрістейтін оқиғалар мен жағдайлардың басты мәнін ашуға бағытталады.
Эпилог- шығармада көрінген әрекет, оқиғалардың ең ақырғы шешімінің бейнеленуі.
Эпилогты қаламгер шығарма шешімі кейіпкерлер әрекеттерінің даму бағытын,
олардың кейінгі тағдырларын түркілікті толық аңғартам деп есептеген кезде көбірек
пайдаланады. Сонымен қоса эпилог арқылы жазушы өзі бейнелеген жағдай туралы
авторлық үкімін ерекше айқын сездіре алады. Сюжеттің аса маңызды элементтері
осындай. Алайда бұлардың бәрі бірдей барлық шығармада болуы шарт емес. Бірі болған
жағдайда бірінің болмауы әбден мүмкін.
Композиция – латынша«құрастыра, қиыстыру» деген мағына береді. Бұл көркем
шығарманың құрылысы. Композиция тек формаға ғана байланысты ұғым емес,
мазмұнмен де тікелей байланысты. Сонымен қатар көркемдік түрлердің орналасуы және
ара қатынасы, яғни шығарманың мазмұны мен жанрынан өрбитін туынды құрылысы.
Композиция шығарманы біртұтас дүниеге айналдыруға ықпал етеді.
Композиция пішіндік бөлшектерді тұтастырып, идеяға бағындырады. Композиция
қағидалары – эстетикалық таным: қорытындысы, олар ақиқаттың тереңде жатқан өзара,
байланысын танытады. Композиция өзіндік мазмұнға ие, оның құралдары мен тәсілдері
суреттелген құбылысты қайта жаңғыртып, мәнін тереңдетеді.
Бүларды және жеке-жеке емес, бір тұтас композициялық ұстаным негізінде шешуге
тура келеді. Кейбір ғалымдар мұндай ұстанымды «архитектаника» деп атайды. Бұл сөз
гректің «архитектура – сәулет өнері» беген сөзінен туындайды. Белгілі бір дәрежеде
жазушылар да сәулетшілер сияқты, олар да болашақ туындысының жоба-жоспарын алдын
– ала белгілейді. Архитектаника алдын –ала түйсіну арқылы пайда болса, ең жақсы
композициялық шешімнің өзі алдын-ала жасалған «есеп қиспақа» көне берместен,
шығармашылық үрдісте ғана толық шешімін табады.
Композиция – шығарманың сюжеттік – баяндаушылық жағымен қоса, оның образдық
бітімін, харктерлер сипатын да қамтитын ұғым. Әдеби қаһарман белгілі бір дәрежеде өзге
кейіпкерлермен композициялық салыстырулар жасау арқылы да ашылады. Әдебиеттің
түрлі тектері мен түрлеріне қатысты композициялық заңдарының айырмашылықтары
болуы да тосын жәйт емес. Мәселен, поэзиялық шығармаларда композиция бөлшектерінің
қатарына өлең, шумақ та жатады. Драматургия да басты роль диалог атқарады, сипаттау
мен мінездеулер қысқа ремарколарға сыйғызылады. Қалай болғанда да, кез келген
жанрдағы туынды да шынайы көркемдік тереңдік композиция құрылымына сөз
араласқанда ғана игерілмек. Ал, көркем шығармадағы сөз дегеніміз – автордың дара тілі,
өзіндік стилі.
Композицияның ішкі міндетіне көркем ой мен сезімнің үздіксіз қозғалысын реттеу
жатады. Ол үшін композицияның әрбір бөлшегі бір-бірімен тығыз байланыста болуы
шарт.
Эпикалық шығармада жиі кездесетін композициялық бөлшектердің бірі – лирикалық
шегініс.
Лирикалық шегініс – эпикалық шығарма авторының ойы мен сезімінің шығармада
тікелей көрінуі.
Кейде лирикалық шегініс арқылы жазушы кейіпкерлер мен олардың әрекетіндегі
өзінің бағалануына ең маңызды деген тұстарға оқырман назарын аударуға, әсерлілігін
арттыруға ұмтылады.
Кейде бір кейіпкерлерге бағытталған лирикалық шегініс басқа бір кейіпкердің ой-
сезімімен астасып жатуы мүмкін, бірақ оқырман бұл үлгідегі лирикалық шегіністі де
автордың ой мен сезімнің көрінісі деп қабылдайтыны белгілі.
Кейде автор лирикалық шегіністі өз шығармасының сипаты мен міндетін хабарлау
мақсатында пайдаланады.
Оқшау (кірме) эпизодтар – шығармада баяндалатын негізгі оқиғаға тікелей қатысы
жоқ көріністерді атайды. Кейде оқшау эпизодтарда лиракалық шегініс сияқты
шығарманың идеясын, паюосын түсңндңру үшін пайдаланылады.
Көркемдік аңдату – жазушы алда болатын оқиғаны барынша терең түсіндіру үшін
оны алдын-ала соған ұқсас көріністер арқылы аңғартатын тәсілді айтамыз.
Пейзаж – шығармада табиғат көрінісінің бейнеленуі. Мұнда қандай да бір көркем
шығармадағы өзге де көркемдік құралдармен қатар өзіне тән көркемдік-идеялық мән
атқаруға тиісті пейзаж туралы. Пейзаж шығарманың тұтас идеялық-көркемдік мәніне
қызмет ету үшін де, сондай-ақ шығармадағы жекелеген көріністерге, оқиғаларға,
кейіпкерлерге қатысты да қолданылы береді.
Интерьер – шығарма кейіпкерлерінің тұрмыс-тіршілігіне қатысты түрлі заттар мен
құрал-жабдықтардың бейнеленуі. Интерьер, көбінесе тар ауқымда, яғни жекелеген
кейіпкерлерге қатысты ғана қолданылады.
Сонымен қорыта айтар болсақ, композициялық бөлшектер мен сюжеттік дамудың
кезең-кезеңдерін тәртіпке салып, реттеп тұратын нәрсе – шығарманың композициясы. Ал,
композициялық шеберлік - шығармадағы барлық бөлшекті бір ғана бүтінге тұтастыру,
бәрін бір ғана нәрсеге- негізгі идеяға-бағындыру.
Әдеби шығарма туралы әңгімені тақырптан бастаған жөн. Өйткені тақырып - өнер
туындысының ірге тасы. Жалпы шығармаға атау болып тұрған сөзді немесе сөз тіркесін
тақырып деп білу қарапайым түсінік. Себебі «тақырып» ұғымының мәні одан гөрі
әлдеқайда кең. Мәселен, қазіргі кезеңнің өзінде «тақырып» деген термин екі түрлі
мағынада қолданылады: 1) Шығармада бейнеленген өмірлік материал ұғымында
қолданылады. 2) Шығармада көтерілген негізгі қоғамдық проблема ұғымында. Міне
осының ішінде екінші анықтама «тақырып» ұғымының мәнін неғұрлым дәл береді. Оның
сыры, біріншіден, бұл анықтама бойынша тақырыпты өмірлік материал деп қабылдай
отырып, өмірлік материалды танып-білу шығармадағы бейнеленген құбылыстарды
талдауға негізделеді. Екіншіден, тақырыпты шығарманың басты проблемасы деп түсінуге
тақырап пен идеяның органикалық бірлігі себепкер болады. Көркем шығарманы тұтас
дүние ретінде мұқият қарастырғанда ғана тақырыпты дұрыс анықтауға қол жекткізуге
болады.
Суреттелген өмірлік шындықты жан-жақты танып алмайынша, шығармада көтерілген
мәселелердің мәніне тереңдеп үңіле алмаймыз. Мәселелердің мәнін айқындау арқылы
ғана шығарма тақырыбын нақты ажыратуға болады. Қандай шығармада болса да,
қаламгер бейнелеген оқиғалар, жағдайлар, мінездер, іс-әрекеттер т.б. барлығы
шығарманың бүкіл мазмұнын қамтитын ең негізгі проблеманы шешуге бағытталады.
Қаламгер мақсаты өз шығармасында әлде бір проблемаларды көтерумен шектелмейді.
Сонымен бірге сол проблемаларды шешу жолдарын да қарастырып, қоғамдық иделдардан
өрбитін ой-пікілерін де аңғартады. Сондықтан да шығарма тақырыбы оың негізгі
идеясымен тығыз байланысты.
Көркем шығарманың тақырыбы авторлық суреттеудің өзегіне алынып, шығармада
көрініс тапқан ақиқат болмыстағы заттардың, құбылыстардың, оқиғалардың жиынтығы
болып табылады. Немесе жазушының шындық шығармасына негіз, арқау еткен өмір
құбылыстарының тобын тақырып дейді.
Өнер өмірден тұратын болса, суреткердің өмірден ең алдымен іздеп табары - өз
шығармасының тақырыбы. Тақырып табу – бір күннің не берер әрекеттің шаруасы емес,
жазушының күллі қаламгерлік қимылының өн бойында жататын, творчестволық
процестің барлық кезеңдеріне бірдей ортақ жұмыс. Егер творчестволық процестің 3 түрлі
1. Материал жинау, 2. Жинақталған материалды қорыту, 3. Қорытылған материалды жазу
кезеңі бар десек, тақырып осынау 3 кезеңнің өн бойында тұтас желі тартып жатады.
Әдеби проблемалардың авторлық шешімдерді өзара ұштаса келіп, туындыдағы
көркем идеяларды құрайды. Егер тақырып – жазушының суреттен отырған өмір
құбылысы болса, идея – жазушының сол өзі суреттеп отырған өмір құбылысы туралы
айтқысы келген ойы, көзқарасы берген бағасы болады.
Мазмұн мен пішіннің байланысы секілді тақырып пен идея, әрқашан бірлікте болады.
Тақырыптан идея, сондай-ақ идеядан тақырып туып жатады. Кез келген көркем
шығарманың негізінде бірін-бірі туғызып, бірін-бірі дамытып жатқан тақырып пен идея
болады. Жазушы өмір шындығын көркем образдарға жинақтап, өз шығармасының тек
идеялық-тақырыптық негізінде ғана суреттеп көрсете алады. Кейде, шартты түрде,
шығарманың тақырыбы – сауал да, идеясы – жауап деуге болар еді. Сонымен қатар 1
тақырыптан бір емес, бірнеше идея тууы мүмкін. Кейде шығарма идяесы тақырып,
сюжет, образдар арқылы нақты көрінуі де мүмкін. Көркем шығармада түрлі деңгейде
көрініс табатын философиялық, әлеуметтік, діни, моральдық, гуманистік, педагогтік т.с.с.
идяелардың қандайы болса да, образдар арқылы, шығармадағы нақты қаһармандар қарым-
қатынасы арқылы өнерге тән идеяға айнала алады.
Өнерде, әсіресе, әлеуметтік идеялар маңызды роль атқарады. Автор өз туындысында
әлеуметтік идеяларды бейнелеуді мақсат тұтса да, қарымды қаламгерлердің көркемдік
дүниесінде бұл идеялардың болуы заңды құбылыс. Көркем шығарманың идеялығы
дегенде, негізінен, әлеуметтік идеяның басты назарда болатыны да сондықтан. Әдебиеттің
әлеуметтік идеялығы оның халықтық сипатынан танылады.
Бір әдеби шығармада бір ғана тақырып және бір идея болуы шарт емес. Проза мен
поэзияның шағын түрлерінде, солай болуы мүмкін. Ал көлемді, кесек шығармаларда,
әсіресе орта, немесе кең көлемді эпикалық түр туындыларында бір емес, бірнеше
тақырып, бірнеше идея болады.
Алайда көркем шығарманың тақырыптар мен идеялар қанша көп болғанымен,
олардың бәріне ортақ желі, бәріне дәнекер бірлік болады. Ол бірлік – идеялық бірлік.
Оның өзі шығармаға арқау боп отырған шындықтан туады. Сонымен, осындай бір
шығармадағы бірнеше жәгне әр алуан жеке тақырыптар мен идеялардың басын бір жерге
қосып, бір арнамен өрбітіп тұрған бірегей, өзекті мәселені негізгі идея дейміз.
Жазушының ой өзегі әрқашан қаз-қалпында көркем идеяға айнала қоймайды. Осыдан
келеді де әр шығармадағы авторлық және объективтік идеялар туралы ұғым туады.
Авторлық идея – суреткердң о бастағы ой өзегі, объективтік идея – нақты шығармадан
туатын смақсатты нәтиже. Бұл екеуі ылғи бірдей бола бермейді. Кейде тіпті авторлық
идеяға объективтік идея керағар кеп, қарама-қарсы шығуы да мүмкін. Ал оқырманға
керегі – автордың идеялық мақсаты ғана емес, шығарманың идеялық нәтижесі.
Тақырып пен идея - әдеби шығарманың мазмұны.
Әдебиеттануда көркемдік әдіс ұғымымен ұқсас бағыт, ағым, стиль, әдеби мектеп,
әдеби топ деген түсініктер бар. Бұлардың барлығы да түптеп келгенде бірнеше
суреткер шығармашылығына тән ортақ сипат белгілерден туындайды. Ал ортақ
белгілер дегенде, жазушының әлеуметтік, идеялық, позициялық, тұрғыдағы ұқсастығы.
Жалпы алғанда стиль – бір жазушыға тән творчестволық ерекшелік болса, ағым,
бағыт – бірнеше жазушыға тән творчестволық бірлік.
Әрбір әдеби ағымды әр қоғамдағы жағыдай туғызады сонымен қатар әдеби ағым - әр
дәуірдегі идеологиялық күрестің әдебиеттегі көрінісі.
Әдеби ағым – тарихи категория жалпы қоғамдық дамудың белгілі бір кезеңіндегі
саяси-әлеуметтік сипатына сәйкес туады да, сонымен бірге дамып, бірге жоғалып
отырады.
ХҮІІ ғасырда туып, ХІХ ғасыр бас кезіне дейін ұласқан өнер атаулының бәрінде,
әсіресе Батыс Еуропа әдебиетінде кең өріс алған әдеби ағым-классицизм латынша
классикус – үлгілі, өнегелі бағыт дегенді білдіреді. Классицизм ағымының ХҮІІ ғасырда
Францияда көрінуі – бұл кезеңде осы мемлекетте абсолютизм нығайып, мемлекеттік
билік бір қолға шоғырланып, ұлттық тұтастық идеясы нығая бастаған болатын.
Елдің қоғамдық өмірінде жаңа әлеуметтік топ – буржуазияның ықпалы арта түсті де,
аталмыш әлеуметтік топқа абсолюттік монорхия да, дворян қауымы да бірдей қатысты
болды. Қоғамдық өмірде пайда болған жаңа талап-тілектер өнерге де жаңа талаптар қоя
бастады. Нәтижесінде осыған дейін өнер әлемінде үстемдік еткен барокко стилімен күрес
үстінде жаңа бағыт дүниеге келді. Бағыт өкілдерінің өз шығармаларында антикалар
әдебиеттің озық үлгілерін өнеге етуіне байланысты классицизм деп атады.
Классицизм поэзиясы мен поэтикасының бастаушысы Ф.Маларб болды.
Алайда күрес үстінде қалыптасып, таныла бастаған француз классигінің поэтикасы
Н.Вуалоның «Поэтикалық өнер» аталатын еңбегінде жан-жақты жүйеленген сипатқа ие
болды. Еңбекте ХҮІІ ғ. Француз әдебиетінің тәжірибелері жинақталып, қортындыланды.
Классицизмге тән сипат – асқақ азаматтық тематика, шығармашылық нақты қағидалар
мен ережелерді қатаң сақтау болып табылады.
Классикалық үлгідегі ежелгі өмір классицизм дәстүріндегі туындыларда кемел де
жарасымда өнер үлгісі ретінде көрінеді. Сол себепті классицистер, антикалық миф
бейнелеріне жиі оралады.
|