Көрнекті журналист, қаламгерлердің шығармашылық жолға келуіндегі алғы шарттар


Орыс тілді баспасөзде ұлттық идеология тақырыбының насихатталуы



бет38/55
Дата19.05.2022
өлшемі0,62 Mb.
#143968
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   55
Байланысты:
АХОНОВА СЕССИЯ-1
3 кл БЖБ қазақ т 30-09, Æèûíòû áà àëàó à àðíàë àí ä³ñòåìåë³ê ñûíûñòàð äåáèåòò³ê î ó , пример расчета налога на имущество. Практика по бухучету
Орыс тілді баспасөзде ұлттық идеология тақырыбының насихатталуы.

«Қазақ тілді журналистер ешкімнен кем емес. Бірақ, дегенмен, қазақ тілді ақпарат құралдары орыстілді ақпарат құралдарымен салыстырғанда төмен деген қоғамдық пікір, психологиялық стереотип қалыптасқан. Және оны өзгерту қажеттілігі де бар. Бұндай стереотипті өздері қазақша білмейтін адамдар қалыптастырды. Өздері оқымай, бірақ, осындай пікірді ұстанған адамдар бар. Бұл мәселе кез келген ресми, ресми емес отырыстарда да айтылып жатады. Бәрін білмеген бір жағынан жақсы да шығар. Өзара ішімізде ғана айтылатын изотериялық мәселелерді өзіміздің ана тілімізде талқылап аламыз. Тағы бір байқағаным, шетелден келген ғалымдар айтылғанды көп тыңдамайды. Әуелі, сол елдің баспасөзін оқып, өздері көреді. Сөйтіп өздерінің пікірін қалыптастырады. Олар ғылыми атақ, не дәрежеге мән бермейді. Алдымен, ақпарат сапасына қарайды. Айталық, біз интеллект сөзін айтқанда, оны ақыл-оймен байланыстырамыз. Мысалға, Қытайда бұл еліктеу деген мағынаны қамтиды. Сондықтан, меніңше, қазақ журналистикасының еліктегенінде тұрған ешнәрсе жоқ. Әлемдік озық әдебиеттерге еліктеп, өзімізге керегін алып, репродукциялық сатыдан өту керекпіз. Кейіннен,шығармашылық сатыға өтуіміз де табиғи құбылыс. Өзіміз білеміз, Қытай әуелі кез келген нәрсенің көшірмесін жасап алады.Кейіннен, өз нәрселерін шығарады. Бұл продуктивті көшіру. Өйткені, олар сол сатыда қалып қоймай, келесі сатыға көтерілетіндей дамыта көшіреді. Ал, бізде өкінішке орай, еліктеп, көшіру бар. Бірақ, ары қарай дамытып, жаңа өнім шығару жоқ. Жүйелі саясат жоқ, бәрі энтузиазм тұрғысында деп жатырмыз. Бәлкім, осы жүйелі саясатты қалыптастыру өзіміздің азаматтық позициямызға, есікті қағуымызға байланысты шығар. Қақпаса есік ашылмайды. Бүгін осындай тақырыпты көтеріп жатқандарыңыз өте дұрыс».

«Қазақстандағы жалпы БАҚ саны – 1973. «Қазақстан» мен «Балапан» телеарналары таза қазақ тіліне ақпарат таратса, өзге республикалық телеарналардың 50 пайызы мемлекеттік тілде. Эфирлік уақыттың 80%-ға жуығы орыс тілді телебағдарламалар мен орыс тіліндегі өзге де көрсетілімдермен толтырылуы ұлттық мүддеге қайшы».[20]


Бүгінде телеарна – әлемді жаулаған ғаламтор серіктесі, тіпті кейде оған бәсекелес болуға жарарлық қызмет атқарып келе жатқан бірден-бір ақпарат құралы болып табылады. Кез келген елдің, мейлі мемлекеттік немесе жеке телеарналары болсын, халық үшін, сол елдің мүддесі үшін қызмет ететіні айқын. Оның ішінде тілге жасалған қызметін ерекше атаған жөн. Өйткені телеарналар ұлттық сипаттағы бағдарламаларды дәстүрге сай етіп көрсете білгенде ғана олардан алар тәрбиеміз көп болмақ. Ал егер де мазмұны мен мақсаты айқындалмаған бағдарламалардан құралса, онда оның әсері қандай болары айтпаса да түсінікті.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет