II Негізгі бөлім
II.1. Көрнекілік және дидактикалық материал
Баланың сезім түйсігін және ұсақ моториканы дамытуға бағытталған түзету жұмысын жүргізу үшін қажетті заттарды қамтыған заттық – кеңістікті дамыту ортасы қажет. Оның ішінде:
көрнекілік заттар және олардың үлгілері (модельдері);
түрлі материалдардың үлгілер жиынтығы ()ағаш, пластмасса, темір, резеңке, елтір, әйнек, (шыны), қағаз, мата, жүн, қатты қағаз, қауырсын және т.б.);
әртүрлі материалдардан жасалған заттар жиынтығы;
пішіні, көлемі,құрылымы, салмағы әртүрлі заттар жиынтығы;
жылылығы, кедір – бұдырлығы әртүрлі кесінді үлгілері;
тегіс және көлемді пішіндер;
конструкторлар, құрылыс материалдары;
көлемі және пішіні әртүрлі өрнектер, мозайка;
қағаздың әртүрлі сорттары, түрлері;
санақ таяқшалары, текшелер, жіптер, орауыш, қалыңдығы және ұзындығы әртүрлі баулар;
ойыншықтар (матрешка, стакандар, бөшкелер, текшелер және т.б.);
нүктелер, сызықтар, геометриялық пішіндер, қарапайым заттар рельефті түрде салынған суреттер;
тактильді панно ойыны;
табиғи материалдар;
моншақтар, әртүрлі түймелер;
бетіне ермексаз жабыстыратын тақта, рельефті сурет салу үшін қажетті заттар;
алты нүктелі шрифтің қалып құралы (үлгісі);
алты нүктелік (Брайлдың жүйесі бойынша) жазуға арналған құрал, грифель;
сырмалар, ысырмалар;
бау байлау,түйіндеу, шытырлақ салу, түйме салу, жабысқақтар;
пішіні, серпінділік деңгейі және сыртқы құрылымы әртүрлі массажды доптар, біліктер;
ішіне майда, ұсақ шарикпен толтырылған жұмсақ ойыншықтар;
әртүрлі рельефті жолдар (тегіс, бұдырлы, қырлы - ойлы), әртүрлі сипаттағы дала жолдары (асфальт, шөпті жамылғы, құм, ағаш жамылғы, ұсақ жұмыр тастар және т.б.).
әртүрлі сипаттағы еден жамылғылары (линолиум, ағаш, плитка, кілем т.б.).
Көру қабілеті зақымдалған балалардың көбінің жанасып сезуі мен қол және саусақ моторикасы төмен деңгейде дамыған. Бұл жағдай, көруі жартылай балалар толық визуальдық бағдарға сеніп, жанасып сезудің көру құрал ретіндегі рөлін сезінбегендіктен пайда болады. Көру қабілетінің төмендігінен, немесе мүлдем жоқтығынан балалар айналасындағыларға еліктеп, заттық – тәжірибелік іс – әрекет қимылдарын сау баладай жасай алмайды. Көру қабілеті зақымдалған (әсіресе зағип) баланың қол бұлшық етінің қозғалу белсенділігі аз болғандықтан, әлсіз және қиналып жұмыс атқарады. Осының бәрі қол моторикасын және тактильді сезімталдықтың дамуын тежейді және баланың заттық – тәжірибелік іс – әрекетінің қалыптасуына ықпал етеді.
Ұсақ моториканы дамыту - түзету сабағының мақсаты, көру қабілеті зақымдалған балалардың қоршаған ортадағы заттарды жанасып сезу қабілеті арқылы білуі мен машықтануын қалыптастыру және сақталған анализаторлар көмегімен заттық – тәжірибелік іс – әрекетті орындау әдістерін үйрету. Жанасып сезу және ұсақ моториканы дамыту тек арнайы сабақтарда ғана емес, жалпы білім алу сабақтарында да айналысу қажет. Әртүрлі пәндерді оқу барысында, түзеу – дамыту сабақтарында игерген әдіс – тәсілдері балаларға пайдалы ықпалын тигізеді.
Сабақ мазмұнына байланысты, жанасып сезу сезімталдығының дамуына қарай жеке, топпен жүргізіледі.
Көру қабілеті зақымдалған оқушылар арасында екі мәселе белгіленеді: біріншісі, бала тек өзінің көруіндегі ақауына сүйеніп, жалған ақпарат алады; екіншісі, көру өткірлігі өте төмен бала, жанасып сезу негізіне сүйеніп, қалған көру қабілетін пайдалануды мүлдем ұмытады. Екі жағдайда да кеңістіктік бағдарлау мен тәжірибелік іс – әрекетті тану үрдісінде азап шегеді.
Жанасып сезу қабілетінің дамуы және көру қабілетінің зақымданғанына қарай түзеу-дамыту сабақтарында балаға дифферециялдық қатынас жасау қажет.
Бисенсорлық, полисенсорлық қабылдау мишықтары көру қабілеті зақымдалған балаларға қоршаған ортаны және нақты оқу пәндерін (туған тілін, математика, бейнелеу, дене тәрбиесі) тиімді білуге ықпал етеді.
Жанасып сезу қоршаған ортаны қабылдау барысында тиімді құрал болып есептеледі, өйткені ол арқылы қабылдаудың ұсақ дифференциялдары игеріледі. Осындай заттық – тәжірибелік сабақтар тізімі бағдарламаның мазмұнына енгізіледі.
Баланың жанасып сезу және ұсақ моторикасының даму деңгейіне қарай, педагогикалық тәжірибесіне қарай тифлоұстаз өз қарауына байланысты кейбір тақырыптарды өзгертіп, басқа күрделі тақырыптармен толықтыруына құқығы бар. Осы маңда бір мәселе есте болуы қажет: көру қабілеті зақымдалған баланың жанасып сезіп қабылдауын қалыптастыруда әртүрлі педагогикалық тәсілдер қолданылады.
Әрбір түзету сабағы аз дегенде екі бөлімнен құралуы керек:
1. Қолға арналған жаттығулар (өзін-өзі уқалау, саусақтар ойыны т.б.) Онда, қол бұлшық еттерін және қол саусақтарын босатып, олардың белсенділігін, нәзіктігін дамытады.
2. Оқушыларды тактильдік сезінуі мен ұсақ моториканы дамытатын, заттық – тәжірибелік іс-әрекеттердің түрлерінің орындалу әдістерімен таныстыру (заттарды сезіну, көріп сезіну арқылы тексеру, илеу, құрастыру, илеп жапсыру және т.б.).
Баланың дамуына қарай, заттармен әрекетін және түйсік қабылдау дағдысын тифлопедагог бір сабақта іс – әрекеттің әр түрін біріктіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |