Көру қабілеті зақымдалған балалардың сезім түйсігі мен ұсақ моторикасын қалытастыру атты әдістемелік құралына


Заттарды сипап – сезу арқылы тану



бет4/10
Дата17.10.2022
өлшемі6,08 Mb.
#153378
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Қосымша-1. Әдістемелік құрал

Заттарды сипап – сезу арқылы тану.
Ойын: «Өз ойыншығыңды тап»
Мақсаты: Таныс заттарды сипап-сезу арқылы тануға, затты қолға ұстап қана қоймай, оны сезіну, яғни саусақтармен затты ұстап, оны алақанда қозғауа үйрету.
Ойын «Хат жәшігі»
Мақсаты: Жазық және көлемді кескіннің байланысы; сипап-сезу арқылы кескінін ажырату.
II.3 Кескінді, көлемді, кеңістіктік орналасымды және заттық қатынасты қабылдауды үлгі бойынша тактильді қозғалыспен таңдап алуда қалыптастыру.
Тактильді қозғалыспен үлгі бойынша таңдау, яғни үлгінің қандай кескінде болатындығы көру қабылдаумен тығыз байланысты. Бала көруді пайдаланбай, тек тактильді-қозғалыс үлгісін пайдаланған жағдайда ғана тактильді-қозғалыспен қабылдауға сүйенеді. Бірақ ереже бойынша, үлгі көру арқылы, немесе тактильді көрудің түрлі амалдары арқылы беріледі. Балаға үлгіні бүтіндей қабылдау-заттармен қарым-қатынаста болғанда көмектеседі, мұндай жағдайда яғни, затты таңдап алуда, көру белсенді қызмет атқарады. Балаға көру арқылы жүзеге асыруды үйренуден бұрын, сипап-сезумен үлгі бойынша таңдауды ұсыну жөн емес.
Обьектідегі заттарды сипап-сезуі мен айналдыра қозғауы және қолмен дұрыс тексеріп, содан кейін, бала осы сезінуін уақытысында жалпы түрде (көлемін, кескінін, заттық қатынасын), сол сияқты жеке (барлық негізгі бөліктерін, олардың бүтінге қатынасы т.б.) белгілерін ажыратуды қалыптастыру үшін барлық ойында міндетті түрде қадағалау қажет.
«Ғажайып қап»
Мақсаты: Үлгі бойынша заттарды сипап-сезу арқылы таңдап алуға үйрету, зейінін дамыту, ойынға деген эмоциональді-жағымды қатынасын қалыптастыру.
Ойын үш нұсқада жүргізіледі.
1-нұсқада үлгі-көру арқылы беріледі.
2-нұсқада: үлгі-тек көру арқылы ғана емес, тактильді-көрумен беріледі.
3-нұсқада: үлгіні бала көрмейді, тек сипап-сезеді.
Ойын: «Қапта не жатыр»
Мақсаты: Затты тануға тактильді-қозғалысқа сүйену, үлгі бойынша таңдап алуды орындауын жалғастыру, заттарды атап, олардың кескіні, көлемі жайында бңлімдерін бекіту.
«Дүкен»
Мақсаты: әр түрлі маталарды және басқа да заттарды түрлі маталардан жасалғандығын сипап-сезу арқылы ажырату.
Ойын бірнеше нұсқада жүргізіледі: «Киім-кешек дүкені», «Шаруашылық дүкені», «Ойыншықтар дүкені» және т.б.
Кіші жастағы балалардың заттармен іс-әрекеті үрдісінде қол моторикасын дамыту басталады. Ол баланың физиологиялық және психикалық дамуымен тығыз байланысты.
Алғашқыда ұстап алу қозғалысы пайда болады. Бала төсегінде ілінген затты ұстайды және біртіндеп әрекет етуді үйренеді, кеңістіктегі заттың орның дұрыс анықтайды (бағытын және арақашықтығын), өзінің әркетімен заттың кескіні, көлемі ескеріледі. Балада мұндай бейнеде қабылдау және көру қозғалыс үйлесімділігінің дамуы жүреді. Мұнымен қатар бір уақытта қолдың ептілігі дамиды, екі қолменде әрекет етеді. Ұстап алудың түрі-жұдырықпен, саусақ ұшымен (үш саусақпен), саусақ және үлкен саусақтар бірге.
Ерте жаста балалардың қол моторикасын дамытуда байланыс әрекеті үлкен рөл атқарады, мұндай әрекет екі затты немесе заттың екі бөлігін біріктіргенде қажет. Дидактикалық ойыншықтармен ойнай отырып, баланың қол икемділігі, көзөлшемі жетіледі.
Ақыл ойының жетіспецшілігі бар балаларда, ұстап алу, арнайы үлкендердің араласуынсыз пайда болмайды. Сондықтан, көру қозғалыс үйлесімділігін дамытуда ұзағырақ жүйелі бақылау түзету жұмысы ақыл ойының жетіспеушілігі бар кіші жастағы балаларға қажет, себебі, жазуда, еңбек тапсырмаларын орындауда, ал болашақта өзіне лайықты мамандық алуға дайындық ретінде. Қол моторикасын дамытуда дидактикалық ойындар үлкен үлес қосады:

  • Ұстап алуды дамыту;

  • Байланысу әрекетін дамыту;

  • Қол қозғалысына еліктеу;

  • Саусақ қозғалысын дамыту;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет