Көру қабілеті зақымдалған балалардың сезім түйсігі мен ұсақ моторикасын қалытастыру атты әдістемелік құралына



бет10/10
Дата17.10.2022
өлшемі6,08 Mb.
#153378
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Қосымша-1. Әдістемелік құрал

Ш. Қорытынды

Қорыта келгенде, бала қандай жағдайда болмасын, баланың-аты бала. «Жақсы сөз,жан семіртеді.» (халық даналығы) Зағип және нашар көретін балаға мақтау, мадақтау арқылы көңілін көтере,еркіндікті сезіндіре, шабыт бере отырып,оқыту мен дамыту,тәрбиелеу барысында жұмыс нәтижелі болады. Әр баланың физиологиялық, психологиялық ерекшелігін ескере отырып, жеке тұлғаны дамыта,түзете отырып, жұмысты дұрыс және тиімді ұйымдастыру болып табылады.


Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беру «Қазақстан-2030» ұзақ мерзімді стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі болып танылды. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу.
Түзету-дамыту сабақтарында баламен танымдық қабілетін, сөздік қорын, қолдың ірі және ұсақ моторикасын дамыту,сипап-сезуге, қабылдау қабілеттерін жетілдіруге,ой-өрісін дамытуға арналған дидактикалық ойындар мен жаттығулар дың алар орны ерекше. Жаңа арнайы педагогикалық технологияен қатар қажырлы еңбектің арқасында зағип баланың өз бетінше әс-әрекет жасап, ақыл-ойының дамытуына арнайы мамандардың үлесі зор. Міне, мұндай жағдайда оқушы алға қойған жалпы мақсатқа белсенді араласу, топ пен ынтымақтастықта қызмет ету арқылы белсенді түрде оқу үдерісіне араласады, бір-бірін тексеру, талдау арқылы білім алуға деген ішкі қажеттілік сезім пайда болады.«Қазақстан - 2050» стратегиясында – Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты жолдауында тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаев «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз қажет. Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет » делінген.
Олай болса, көру қабілеті зақымданған бала қоғамнан өзінің мызғымас орнын тауып, білімді, ұлттық санасы оянған, мәдениетті, ойлау дәрежесі биік, елін сүйетін, Ата заңын орындайтын Мемлекетіміздің азаматын тәрбиелеп оқыту әрбір ұстаздың міндеті. Арнайы мамандармен біріге отырып, мүмкіндігі шектеулі баланың сапалы білім алуына, қоғамның тең дәрежелі жеке тұлға болуына нәтижелі түзетуе-дамыту жұмыстары жүргізілуде.
Зағип және көруінде ақауы бар балаларды тәрбиелеп, білім сапасын көтеру, қазіргі кезеңдегі педагогикалық жаңа технологияларды дұрыс пайдалану әрекеті көптеген тәжірбиелі мұғалімдер, педагог-психологтар, ғылыми ізденушілер, тифлопедагогтардың, әдіскерлердің жүйелі де тиімді әдіс-тәсілдерінен, талпынысынан туындады.
Оқу-тәрбие үдерісінде жаңа инновациялық технологияларды енгізіп,зағип оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жетелеу. «Қазіргі білім беру саласында, мұғалімдер жаңа педагогикалық технологияларды меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес!»-деп қорытындыға келемін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет