Көру қабілеті зақымдалған балалардың сезім түйсігі мен ұсақ моторикасын қалытастыру атты әдістемелік құралына



бет1/10
Дата17.10.2022
өлшемі6,08 Mb.
#153378
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Қосымша-1. Әдістемелік құрал









Садыкова Динара Орманбекқызынығың «Көру қабілеті
зақымдалған балалардың сезім түйсігі мен ұсақ
моторикасын қалытастыру» атты әдістемелік құралына


П І К І Р
Арнайы білім беру жүйесінде ерекше білімді қажет ететін балалардың жеке тұлға ретінде оқытып-тәрбиелеу және дамыту бүгінде күн тәртібінің басты мәселелерінің бірі.
Ерекше білімді қажет ететін балаларды оқытып-тәрбиелеу мен жетілдіру – білім берудегі және меңгерудегі іс-әрекет дағдыларын, еңбекке және өмірге тәрбиелеудегі негізгі құрал мақсаттық үрдіс болып табылады.
Ерекше білімді қажет ететін балалардың, соның ішінде зағип және нашар көретін оқушылардың белгілі бір қасиеттерін, көзқарастарын, сенімін қалыптастырумен қатар, ақыл-ойы, сана-сезімдері, ой еңбегі, өнегелік, эстетикалық тәрбиелік сұрақтарға байланысты нақтылы бір тәрбиелік міндеттерді шешуді қарастыру көптеген ғалымдарды, оқытушылар қауымын алаңдатуда.
Көру қабілеті зақымдалған баланың дамуында түйсіну сезімі маңызды роль атқарады. Бұл балаларда көбінесе қолдың ұсақ моторикасы мен сезім түйсігі төменгі деңгейде қалыптасқан болады. Қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған жаттығу жұмыстары көзі көрмейтін балалардың сезу мүмкіншіліктерін қалыптастырады, нүктелік шрифті қабылдауын жетілдіреді, ойлау әрекеті мен сөздік қорын дамытады, әлеуметтік - тұрмыстық ортаға бейімдейді. Көзі көрмейтін балалардың қоршаған ортаны танып білуі үшін сипап-сезу, түйсіну арқылы жүзеге асырылады.
Ұсынылып отырылған Садыкова Динара Орманбекқызының «Көру қабілеті зақымдалған балалардың сезім түйсігі мен ұсақ моторикасын қалытастыру» атты әдістемелік құралына мүмкіндігі шектеулі көру қабілеті зақымдалған оқушылардың ұсақ моторикасын дамытудың тиімді жолдары көрсетілген. Бұл автордың арнайы білім беру үрдісіндегі ізденісінің нәтижесі деп білеміз. Әдістемелікте нашар көретін баланың психикалық даму мүмкіндігін анықтау, зағип балаға арналған сезім түйсігі мен ұсақ моторикасын дамыту жолдары, көру қабілеті нашар балаларға арналған түзету жаттығулары, тіл дамыту, заттардың сапасын ажырата білу мен жаңартылған бағдарламаға сәйкес сабақ жоспарларының үлгілері берілген. Бұл өз кезегінде әдістемеліктің арнайы білім беру ұйымдарына қажеттілігін айқындайды.
Ұсынылып отырылған әдістемелікті арнайы білім беру мектептерінде кеңінен қолдануға болады деп есептеймін.

Педагогика ғылымының кандидаты; доцент - Санай Гаухар Ералықызы


«Бала кемістігінің даму деңгейі неғұрлым төмен болса,
соғұрлым мұғалімнің білім деңгейі жоғары болу керек»


П. Шуман неміс педагог-дефектологы.

  1. КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының білім беру саясатының өзекті міндеті«2011-2020 жылдарға Қазақстан Республикасының білім беружүйесін дамыту стратегиясында» көрсетілгендей, білім беру сапасын жоғарылату болып табылады. Негізгі міндеттердің бірі, барлық білім алушыға сапалы білім беруді жеткілікті қамтамасыз ету болыптабылады. Бұл ережелердің барлығы мүмкіндігі шектеулі балаларғақатысты, оның ішінде «Білім беру туралы» және «Кемтар балаларғаәлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзете қолдау туралы» заңданда атап көрсеткендей оқуға, еңбекке қабілетті тұлғаларды белсенді өмірге тартуымыз керек.


Мұқтаж жандарға қамқорлық қоғам алдындағы парыз.
Оқу қиындықтарының себептеріне байланысты бірінші топты әртүрлі психикалық функциялардың (ақы-ой әрекеті, қабылдау, зейін, есте сақтау) жеткіліксіздігінен мектептегі белгілі бір дағдыларды меңгеруде қиындықтары бар балалар.Осы топардың арасындағы тәжірибемдегі көздері көру қабілеті зақымдалған (көзі көрмейтіндер) балалардың түзете-дамыта қолдың ұсақ моторикасын дамыту жұмыстары болмақ.
Балада көру анализаторының бұзылуы қоршаған ортаны таны-білуге айтарлықтай қиындықтар туғызады, қоғамдық ортада байланыстарды тарылтады және іс-әрекеттің көтеген түрімен айналысуын шектейді.
Көру қабілеті терең зақымдалған баланың дамуына түйсіну сезімі жетекші фактордың бірі.Көру қабілеті терең зақымданған балалардың көбінің сезім түйсігі мен моторикасы төменгі деңгейде қалытасқан.Олар түрлі заттық – тәжірибелік іс-әрекеттерді еліктеу арқылы меңгере алмайды.Қимыл қозғалыс белсенділігінің төмендігінен қол бұлшық еті солғын, әлсіз.Осының бәрі сиап –сезу мен ұсақ моториканың дамуына және заттық – тәжірибелік әс-әрекеттің қалытасуына кері әсерін тигізеді.
В.А.Сухомлинский «балалардың қабілеттері мен дарындылығының бұлағы – олардың саусақ ұшында. Неғұрлым бала қолының қозғалысында ширақтылық болса, соғұрлым қолының еңбек қаруымен өзара іс-қимылы жіңішкерек болады, бала ақыл-ойының шығармашылық сұрапылдығы көрнекті болады. Ал бала қолында шеберлік көбірек болса, бала ақылды болады...» деп жазған.Ұсақ қол моторикасы термині саусақтар қозғалысы және қолдың буындарын үйлестіру дегенді білдіреді. Ұсақ моториканы дамытудың маңыздылығы неде? Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз.
Баланың бойындағы кемістіктердіңкөрінуінің негізгісі – толық қарым-қатынасқа түсу дағдыларыныңқалыптаспағандығы, ол өз алдында, көру қабілеті зақымдалған балалардың ұсақ моторикасының жетілмегендігінің әсерінен пайда болады. Нәтижесінде, бұл топтағы балаларда екіншілік дәрежедегіинтеллектуалдық процестердің кешеуілдеуі, танымдық мүмкіндіктерітөмендейді, бұл жағдайлар баланың жеткіліксіз әлеуметтенуіне әкеледі.
Түзету педагогикасының оқыту және тәрбиелеу мақсаты ерекше білім беруді қажет ететін зағип балаларды әлеуметтік бейімдеу болғандықтан, негізгі міндеттіңжүзеге асуы оқу-тәрбие процесінің барлық кезеңдерінде қолдың ұсақ моторикасын дамыту басты назарында болуы керек.
Ойын іс-әрекеті (ойыншықтарды сабақта тосын сый сәті ретіндеқолдану, ойыншықтарды сипаттау, ойындықтар туралы әңгімеқұрастыру, сюжеттік-ролдік ойындар) балаларды баяндап, әңгімелеугеүйретеді. Қалдық көру және сипап сезу балаларға зат, іс-әрекет, оқиғалартуралы ойларын байытуға және оларды сөйлеу тілінде жаңғыртуғакөмек береді. Сабақ барысында баланың жолдасының сөздіне дегензейініні белсендендіріледі, оның сөзін қадағалауға мүмкіндік туады.
Осы сапамен ол, тек қалық көруге негізделген суреттермен өткізілетінсабақтардан ерекшеленеді. Жиі мұндай тапсырмалар, тіпті ересек бейнелеу үлгісін берсе де (заттардың бірі бойынша), шығармашылық мәнгеие болып келеді. Тапсырмалар ойыншықтары сиппаттау, сюжеттікәңгіме (қойылым типтес) құру түрінде болуы мүмкін.
Көру қабілеті зақымдалған оқушылар үшін әртүрлі заттықпрактикалық іс-әрекет түрлерін (жабыстыру, үлгілерді дайындау,әртүрлі суреттерді құрастыру) қолдану маңызды, себебі олар, ең алдымен, сөздің мазмұнын түсінуге әсер ететін сезім және өмірлік тәжірибенітолықтырады, байытады. Мұндай жұмыс ойды, қиялды, баланыңшығармашылық қабілеттерін белсендендіреді, ал ол өз кезегінде сөз
орамдық, логикалық сөйлеу тілімен ұсақ моторикасының дамуына септігін тигізеді.
Оқытуда баланың жеке тұлғалық ерекшелігін есепке алу қағидасы.
Көру қабілеті зақымдалған балаларды оқытуда тұлғалықерекшеліктерін есепке алу қажетті алғышарттарын ескереді:
- балалардың көру патологиясын есепке алу, яғни офтальмологиялық
аспектісі;
- оқушылардың әр қайсысының психикалық даму ерекшеліктері;
- көру қабілеті зақымдалған балалардың жеке-типологиялық
ерекшеліктері;
- сабақ барысында фронтальді, топтық және жеке жұмыстарың
үйлесімділігі;
Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс. Ерте жаста және мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуды жасауда өлеңмен, тақпақ айту, жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Сонымен бірге өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын қалыптастыру, ілгегін өзі салу, өзі ағыту, бауын байлау, т.б. Ал мектепке дейінгі балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулары мектепке дайындық, яғни, жазу, сурет салу, түрлі түсті қағаздарды бояп үйренудің алғашқы бастамалары. Саусақ ойындарының нәтижесінде бала нені үйренеді: Баланың сөйлеу тілі жетіледі; Қимылды қозғалысы артады; Икемділігі артады; Логикалық ойлауы дамиды; Танымдық деңгейі артады. Ұсақ моториканы дамытудың маңызы неде? Ұсақ моторикаға адамның бас миында саусақ қимылдарды дамыта отырып, сөйлеуге жауап беретін орталықты дамыта аламыз. Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады. Саусақ ойынын ойнай отырып, бала саусақтарының қимыл-қозғалыстарына қарап қуанады, шаттанадаы, сөзді айтуға тырысады, үйренген өлең шумақтарын қайталап айта отырып, есіне сақтайды және бала екі қолын қимылдата отырып, оң – сол, жоғары – төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алады.
Сол сияқты «Саусақтар сәлемдеседі» ойыны да, мұнда бас бармақ ұшы әр саусақтың ұшымен кезекпен түйіледі. Оң қолдың сұқ саусағы мен ортаңғы саусақтарын жүгірген тәрізді етіп қимылдатады. Балалар осындай саусақ ойынын ойнай отырып, өлең шумағын қызыға айтады. Мысалы: «Моншақ» ойыны: Қызыл, сары, көк моншақ, Мен жасаймын көп моншақ. Мұнда қатар екі қолдың бар бармағымен сұқ саусақтарының ұшын түйістіре отырып, моншақ тәрізді бейнелейді. Әрі оларды тізбектеп жасау бала үшін өте қызықты әрекет, әрі қол бұлшықетін дамытуға көп көмегін тигізеді. Сол сияқты: санамақ «Саусақ ойыны» да тақпақтай отырып санауға, саусақтарымен отбасын айта білуге, сөйлеу тілін дамытуға да әсерін тигізеді. Бас бармағым – әкем, Балаң үйрек – анам, Ортан терек – ағам, Шылдыр шүмек – мен, Кішкене бөбек – сен. Бір үйде біз нешеуміз?
Бас бармақ – бұл атам, Сұқ саусақ — бұл әжем, Ортан қол – әкем, Аты жоқ – анашым, Шынамақ – бұл мен. Сонымен қатар саусақ қимылын дамытуда саусақ бассейні және құм терапиясы әдістемесі өте пайдалы. Сол жіппен, баудың көмегімен орындалатын «Жіпті өткіз», «Әткеншек», «Штрихта», «Ілгекті өткіз» , т.б. ойын жаттығуларда баланың саусақ қимылын дамытуда үлкен рөл атқарады.
Балалардың еркін өзіндік қызметі баланың жеке қабілеті мен мүддесіне сай таңдалған жаттығулар баланың өз бетімен дамуына септігін тигізді. Жұмысымның негізгі әдісіне саусақ ойыны әдісін қолдандым. Бірлескен және жеке жұмыста саусақ жаттығуын массаж (саусақтың басынан қол буынына дейін сипау) және жаттығу (әр саусақты жеке –жеке бүгу және бүктеу) түрінде жүзеге асырдым. Массаж - пассивті гимнастиканың бір түрі болып табылады. Массаж - бұлшық ет жүйесінің тонусын, бұлшық ет икемділігі мен әрекет жасау қабілетін арттыруға көмектеседі. Сондай –ақ, балаларға табиғи материалдармен массаж жасау ұсынылды (шырша бүршігі, жаңғақ, доптар т.б. Осындай жаттығу нәтижесінде баланың қызығушылығы артты, саусақ гимнастикасы тақпақ оқумен жалғастырылды. Тақпақты тыңдаған балалар саусақ қозғалысының көмегімен тыңдалған тақпақтар мен мазмұнын және бейнелер арқылы сахналады. Сюжетті материал ретінде тақпақтар пайдаландым. Жаттығуға ұласқан тақпақ – сезім ритмін қалыптастыратын және жетілдіретін негіз болып табылады, қолайлы эмоционалды жағдай пайда болады, соның арқасында бала ойынмен айналысады, орындайтын қозғалысты қызғушылықпен орындайды, ал бұл саусақ қозғалысын жақсартады. Тақпақты бейнелеу, тыңдау және түсіну дағдысын дамытады. Ұсақ қол саусақтарын дамытуға арналған картотека құрастырдым: «Саусақтық жаттығулар», «Жолшықпен жүру», «Физминуткалар». Бірлескен және өзіндік әрекет кезінде саусақ театр қозғалыстарын қолдандым. Ол балаға бір мезетте сценарист, режиссер-постановщик болуға мүмкіндік береді. Театрландырылған қойылым шығармашылық потеницалды ғана емес сөйлеуді және оған саусақ белсенділігін дамытуға көмектеседі. Саусақ театрының тағы бір жағымды жағы – бала ойын нысанында кеңістік және санау түсінігіне үйренеді. Саусақ театрына арнап ертегілер кейіпкерлері бойынша қуыршақтар әзірледім: «Қоян мен түлкі», «Бауырсақ» және т.б.
Мүлдем көрмейтін немесе қимыл-қозғалысы жетісейтін бала үшін «Хандз әдісі» өте жақсы- методика. Баламен педагог бірлесіп әрекет ету,баланың қозғалысын басқару.Жұмысымның нәтижесі ретінде түрлі жұмыстар атқару барысында көзі терең зақымдалған баланың қозғалыс іс-әрекеті,өзіне сенімділігін,қызығушылығының артқанын байқадым.
Көрнекті ғалым - Мария Монтессори: «Жұмыс жасамас бұрын баланы үйретудің амалын табу, қайталама жатығулар арқылы қозғалыстар дайындау қажет деп айтқан. Бала затты алғанда жаман қылық жасағанын байқаса, өзін жеке қателік жасадым деген сезімге бой алдырады, сонымен қоса баланың алғашқы әсері немесе ойы – өте анық және күшті» екенін естен шығармау керек деп жазған болатын. Міне, сондықтан да шығармашылық процесстен, өзі жасаған істен, әр жұмысты немесе әр қимылды жоғары қызығушылықпен жасауға үйретемін. Бұдан әрі де түрлі қызметке деген қызығушылықты қалыптастыратын ұсақ қол және жалпы моториканы дамытуға септігін тигізетін жаңа әдістемелік қабылдаулар іздеcтіру жұмысын жалғастырамын.Сухомлинский айтқандай: «Қабілет бастауы мен балалар дарыны – саусақ ұштарында. Содан шығармашылық ойдың бастаулары пайда болады. Бала қолының қозғалысында еңбек құралына деген сенімділік пен тапқырлық орын алса, қиындық туындайды, ол үшін бала ойының шығармашылық анықтық қабілетінің өзара әрекеттестігі қажет. Балада қаншалықты шығармашылық қабілет болса, бала соншалықты ақылды келеді».


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет