Курбаналиев бауржан умурзакович



бет2/3
Дата01.04.2017
өлшемі0,61 Mb.
#13007
түріАвтореферат
1   2   3

Мұғалім әр сабақтың құрылымдық элементтерін түрліше бағытта іске асырды. Мысалы, жаңа материалдың өзіндік белгілері ауырлау болған кезде мұғалім оларды түрлендіріп, оқушыларды өз бетінше іздендіріп, дамытып шығармашылық тұрғыда орындауға жұмылдырды. Бастауыш мектеп оқушыларын шығармашылыққа баулу және қызықтыру әдістері мен дүниетанымдық шығармашылық қатынасты, танымдық белсенділігін және өз бетінше жұмыс жасай алатынын барлық педагогтар тарапынан оқушыларға қойылатын бірыңғай талап ретінде жүзеге асырылуы қажет.

Жалпы тәжірибе қорытындысындағы оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру деңгейі 9-кестедегі көрсеткіштермен салыстырмалы тексеруден өтіп, арнайы ұйымдастырылған тәжірибе сабақтары барысында балалардың бейнелеу өнері саласында жинақтаған білімдері мен түсініктері және түрлі көркем шығармашылық жұмыстары негізінде сапасын анықтауға мүмкіндік берді. Егер алғашқы бақылауда экспериментік топтардағы оқушылардың ішінен жеткілікті деңгейдегі бала саны тәжірибеге дейін «үздік» 15% болса, тәжірибеден кейінгі көрсеткіш 41% көтерілді. Бұдан жеткілікті деңгей көрсеткішінің екі есеге жуық артқанын көреміз. Сол

Кесте 9 - Бейнелеу өнері сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру деңгейі.

Баға




«А» тобы

«Б» тобы

Экспериментті топ

Бақылау топ

Экспериментті топ

Бакылау топ

%

%

%

%

«үздік»

41

15

43

20

«жақсы»

45

40

45

40

«қанағаттан»

14

45

12

40

сияқты, орта деңгейдегі көрсеткіш, 4,1% дейін көтерілді. Бұл көрсеткіштер балалардың шығармашылық қабілетінің қалыптасу дәрежесінің бірте-бірте жоғарылағанын және жалпы бейнелеу өнерін қабылдау үдерісі оқушылардың көркемдік шығармашылық қабілетін қалыптастыру «жақсы» 40% дан 45% артқан көрсеткіші анықталды ал «қанағаттанарлық» деңгейдегі балалар санының, 45 % дан 14 % дейін кемуі біздің эксперимент жұмысымыздың алдына қойған мақсат пен міндеттеріміздің сабақта пайдаланған әдіс-тәсілдеріміздің сонымен бірге арнайы дайындалған бағдарламамыздың жалпы мазмұндық жүйесінің дұрыстығын айқын көрсетіп берді.



Жалпы оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру көрсеткіші тәжірибеге дейін «А»тобы бойынша 3,7% болса, тәжірибеден кейін 4,1% көтерілді, ал «Б» тобы бойынша тәжірибеге дейін 3,5% болса, тәжірибеден кейін 4,3% көтерілді. Эксперимент нәтижелері бейнелеу өнері сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетінің қалыптасуы және бейнелеу өнерін өз түсінігі бойынша талдай білуіне шығармашылық іс-әрекеттерінің жүйелі түрде дамуына тікелей байланысты екенін дәлелдейді. Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру көркемдік бейнелеу іс-әрекеттерінің дамуы негізінде жалпы білімге деген ынтасын, қызығушылық қатынасын өнер туындыларын өз қолымен жасауға деген шығармашылық белсенділігін, көркемдік талғамын көтеруге ықпал еткенін айқындай түсті. Бастауыш мектеп оқушыларын бейнелеу өнері арқылы шығармашылық қабілетін қалыптастыру, өнер туындыларын бағалай білуге, әсемдікті сезінуге баулитын шығармашылық іс-әрекеттерді қамтитын дидактикалық әдіс-тәсілді тиімді пайдалану, көркемдік талғамды дамытуға ықпалын тигізетіні анықталды (2,3 суреттер).


Бастапқы көрсеткіш Аралық көрсеткіш Соңғы көрсеткіш

Сурет 2 – Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудың пайыздық көрсеткіштер диаграммасы (бірінші кезең)



Бастапқы көрсеткіш Аралық көрсеткіш Соңғы көрсеткіш


Сурет 3 – Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудың пайыздық көрсеткіштер диаграммасы (екінші кезең)
Қорыта келгенде, дайындалған теориялық қағидалар мен тәжірибелік – эксперименттік жұмыстар ғылыми болжамның растығын дәлелдеді.
ҚОРЫТЫНДЫ

1. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін бейнелеу өнері сабақтарында қалыптастыру мәселесінің қазіргі кезеңдегі әлеуметтік-педагогикалық жағдайы мен бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін бейнелеу өнері сабақтарында қалыптастырудың ғылыми теориялық негіздері айқындады.

2. Шығармашылық – бұл жеке тұлғаның қойылған міндеттерді шешуде немесе бір нәрсені жетілдіруде белсенділік пен дербестік таныта отырып, өмірде болмаған тың жаңалықтарды туындататын мақсатты іс-әрекеті.

3. Бастауыш мектепте оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудың маңыздылығы мен мүмкіндіктері бейнелеу өнері сабағы тұрғысында анықталды.

4. Оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру келесі міндеттердің жүзеге асырылуын көздейді: шығармашылық ұғым-түсініктермен, көркем-шеберлік, дағды, іскерлікпен қаруландыру; шығармашылық іс-әрекет, жаңаша педагогикалық технология, интербелсенді оқыту әдістерін пайдалану; көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие жұмысының үздіксіздігін, сабақтастығын қамтамасыз ету.

5. Тәжірибе кезеңінде бастауыш мектепте бейнелеу өнері сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудың педагогикалық технологиясы түрлі бағыттарда қарастырылды.



6. Тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының нәтижелері ұсынылған ғылыми -әдістемелік жұмыстары оқушылардың шығармашылық қабілеттілігі, танымдық көзқарастарының өсуіне, рухани-интеллектуалдық, тұлғалық қаситтерінің дамып жетілуіне көмегін тигізді.

Зерттеу мәселесі күрделі болғандықтан, оның барлық салаларын жеткілікті дәрежеде қамту мүмкін емес, сондықтан қарастырылып отырған мәселе толығымен шешімін тапты деуге болмайды. Осыған сәйкес зерттеу болашағы, біздің ойымызша, мынадай мәселелерді қарастыру бағытында дамуы қажет:

  • педагогикалық оқу орындарындағы болашақ мұғалімдерді бейнелеу өнері сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға даярлау;

  • бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін өнер түрлерін ықпалдастыру негізінде қалыптастыру;

  • бастауыш сыныпта кіріктірілген бейнелеу өнері мен көркем еңбек сабақтарын ұйымдастыру, сонымен қатар оларды шығармашылық жоба жұмыстарына баулу және т.б.



Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған еңбектер тізімі:

  1. Бейнелеу өнері және еңбек сабақтарындағы эстетикалық тәрбие. Әдістемелік құрал . - Жетісай, 2004. 40 б.

  2. Ағаш қолөнері. Әдістемелік құрал. - Шымкент, 2005. - 191 б.

  3. Развитие творческих способностей учащихся начальных классов на уроках изобразительного искусства. Әдістемелік құрал. (Д.Ә.Кемешевпен авторлық бірлестікте). - Шымкент, 2008.- 96 б.

  4. Психологические барьеры в инновационной деятельности учителя. «Узлуксиз таълим тизимида маънавий-касбий баркамол шахс тарбияси» Гулистан, 2007. - Б.18-19.

  5. Бейнелеу өнері сабағында оқушыларға ою-өрнекті салдыру тәсілдері. Ғылыми әдістемелік журнал «Оралдың ғылым жаршысы», №3. - Орал, 2008. - Б. 66-69.

  6. Формирование готовности студентов к инновационной педагогической деятельности Научно-теоретический и практический журнал «Современный Научный Вестник», №7. - Жетісай, 2008. - Б.59-63.

  7. Занятие в начальных классах по изобразительному искусству. Труды международной научно-практической конференции «Казахстан в новом мире и проблемы Национального образования», посвященной 10-летию университета «Сырдария». Том ІІ, - Жетісай, 2008. - Б.471-473.

  8. «Халықтық қолөнер арқылы мектеп оқушыларының отбасы тәрбиесін ұйымдастырудың негізі-қазақ отбасының дәстүрлі тәрбиесі. «Сырдария» университетінің 10 жылдығына арналған «Жаңа әлемдегі «Қазақстан және Ұлттық білім беру проблемалары» халықаралық ғылыми-практикалық конференция еңбектері. ІІ том, - Жетісай, 2008 - Б.474-476.

  9. Условия развития творческих способностей учащихся начальных классов. Научно-теоретический и практический журнал «Современный научный вестник». №2. - Шымкент, 2008. – Б.15-20.

  10. Рухани байлықты жетілдіретін-өнер. Научно-теоретический и практический журнал «Оралдың ғылым жаршысы», №5. - Орал,2008.-Б.60 63.

  11. Бейнелеу өнері сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. Научно-теоретический и практический журнал «Оралдың ғылым жаршысы » № 5. - Орал, 2008. - Б.64-69.

  12. Возможности развития творческих способностей учащихся начальных классах. «Динамика исследования» - София, 2008. – Б.57-59.

  13. Дамыта оқыту технологиясы арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулудың әдіс-тәсілдері. Научно-теоретический и практический журнал № 7. - Орал, 2008. - Б.54-57.

  14. Бейнелеу өнері және сызу пәндерін оқытудың тәрбиелік міндеті. Қазақстан Республикасы Заң ғылымдары академиясының академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор Төкіжан Ағдарбековтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ мемелекеттілігінің хронологиясы, құрылымы және қалыптасу заңдылығы туралы мәселелер» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конферениция. - Түркістан, 2008. - Б.582-284.

  15. Инновациялық білім берудің педагогикалық шарттары. Научно-теоретический и практический журнал «Оралдың ғылым жаршысы», № 7. – Орал, 2008. - Б.58-60.

  16. Әдептілік пен сұлулыққа тәрбиелеу бастауыш мектептен басталады. Научно-теоретический и практический журнал «Оралдың ғылым жаршысы».

№ 7. – Орал, 2008. - Б.61-65.

  1. О методах воспитания и путях их реализации. Гулистон давлат университети «Бошланғич синф уқитувчиларини тайерлаш жараенида замонавий касбий таълим муаммолари» Республика илмий анжуманининг материаллари. – Гулистан, 2008. - Б.129-131.

  2. «Иновациялық білім берудің педагогикалық шарттары» білім беруді реформалау: ұлттық басылымдылықтар және олардың шемімін табу жолдары Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының еңбектері - Тараз, 2008, - Б.17-19.

  3. Қазақ халқының ұлттық құнды мұраларымен оқушыларды сауаттылыққа тәрбиелеудің маңызы. - София: «Бял градбг оод».2009,-с.52-58.

  4. Ою-өрнектер сыр шертеді. MATERIALY 5 MIEDZYNARODOWEJ NAUKOWI-PRAKTYCZNEJ KONFERENGJI NAUKOWA MYSL INFORMACYJNEGO WIEKU. Volume 9. Pedagogiczne nauki 32-34.

  5. Бастауыш сыныпта бейнелеу өнері сабағында оқушылардың шығармашылық көркем өнерін байыту. // «Бастауыш мектеп» Республикалық ғылыми-әдістемелік және педагокикалық журнал. №10, 2009.- Б.70-71.

  6. Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастырудың педагогикалық аспектілері //«Қазақ тілі мен әдебиеті» Республикалық ғылыми-педагогикалық басылым. 2009.- №11.- Б. 97-100.

  7. Бейнелеу өнері пәнінде оқушылардың шығармашылық жұмыстарында дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді пайдалану тиімділігі. //«Бастауыш мектеп» Республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журнал. (Д.Кемешевпен авт.бірлестікте). №12 2009.- Б.61-62.

  8. Бейнелеу өнері сабағында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық таным белсенділігін қалыптастыру//«Қазақстанның ғылыми әлемі»Халықаралық ғылыми журнал.Желтоқсан-Шымкент,2009,№6.-Б.55-56.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет