Курсы: 1 Тобы: гик221дк (дот) Мамандығы



бет7/9
Дата21.02.2023
өлшемі1,1 Mb.
#169640
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ПРАКТИКА ОТЧЕТ 2023 ГОТОВЫЙ[

«Білейік, танысайық!» кезеңі. Ауған соғысы туралы презентация көрсетіледі.
- 1979 жылы 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы : Л.И.Брежнев, Ю.В.Андропов, М.А.Суслов, Д.Ф.Устинов Ауғаныстанға Кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады.
- 1979 жылы 25 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғаныстан шекарасынан өтіп онда 1989 жылдың ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді.
- Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761-і қаза тапты. 21 адам хабарсыз кетті.
- Бүгінгі таңда Қазақ елінде 10000–ға жуық ауған ардагерлері бар. Олардың 3000–дайы мүгедектер қатарында.


«Батырлардың ғұмыры қысқа, даңқы ұзақ»
1. Сыздықов Сүндет Қырғызбайұлы (1978-1980 жылдары Кеңес әскері қатарында Ауған соғысына қатысқан.)
2. Солтиев Серікбек Тілеужанұлы (1979-1980 жылдары Кеңес әскері қатарында Ауған соғысына қатысқан.)
3. Аманбаев Жомарт (1985-1987 жылдары Кеңес әскері қатарында Ауған соғысына қатысқан.)
4. Рысмендиев Қайрат Сейпенұлы (1986-1988 жылдары Кеңес әскері қатарында Ауған соғысына қатысқан.)
«Макал-мәтелдер» кезеңі. Ерлік, батырлық, достық туралы
Мұғалім: Қазіргі таңда Ауған жерінде қару асынып, мұң арқалаған, сын сағаттарда бірін-бірі бауыр дескен азамат ағалар еліміздің түкпір – түкпірінде еңбек етіп, өз үлестерін Отан үшін қосуда. Үкіметіміз ардагер ағалардың ерлігін ескеріп, жеңілдіктер жасап келеді. Ал біздер, Тәуелсіз елдің жарқын болашағымыз. Ел тыныштығы үшін, бірлік үшін соғысқа қатысқан ардагер ағаларымызды құрмет етіп, ерлігін жырға қосып, есімдерін естен шығармауға міндеттіміз.
«Мен еліме тілеймін ...» кезеңі. Әр оқушы ақ көгершінге ақ тілегін жазып, көгершінді жоғары көтереді.



Қорытынды

Мен өткен тәжірибе нәтижесінде мектептегі ұстаздық жұмыс - бұл, ең алдымен, жеке тұлғалармен жұмыс істеу деген қорытынды жасадым.


География мен Қазақстан тарих пәнінен беретін мұғалімдері мектепте тәрбие мен оқыту бойынша, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес балаларды оқытуды жоспарлайды және ұйымдастырады. География, Қазақстан тарихын меңгеру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ететін балалармен ұйымдастырылған оқу қызметі жүргізіледі. Мектепте балалардың тілдік мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету, олардың жеке қабілеттерін анықтайды. Оқытудың әртүрлі формаларын, әдістерін, тәсілдері мен құралдарын сауатты пайдалану, инновациялық технологияларды меңгергуін. Жоспарлауға ғылыми-әдістемелік көзқарасты жүзеге асырады, дамытушылық оқытуға орната отырып,сабақтарға бағдарламалық материалдарды пысықтайды және түзете алады. Бағдарламалар, оқу-әдістемелік кешендер әзірлейді . Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне, білім беру ұйымдарында балаларға арналған іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысады, кәсіби құзыреттілігін арттырады.
Сабақты өзіндік талдау окушылардың көтерілуін, жетістігін ескере отырып іс-жүзінде орындалған мсн жоспарланғанды салыстыру аркылы өз іс-әрекетінің соңғы нәтижесін бағалау максатында жүргілген максаттың мазмұны мен міндеттеріне шын жүректен ой -тұрғысында жүйелеп орналастыру болып табылады. Мұғалімдердің ата-аналарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Ұйымдастырылған оқу қызметі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жауапты. Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді. Сабақ талдау типтері-толық .
Мұғалім іс-әрекетінің стилін анықтау мен іс-тәжірибесін, оқу –тәрбие үрдісін сапалы ұйымдастыруды бақылау мақсатында жүзеге асырылады.
Қысқа жалпы оқу сапасын бағалау максатында жэне негізгі дидактикалык категорияларды айкындайды; · кешенді - сабақты ұйымдастыру формасы, әдісі, мазмұны, мақсаты арасындағы байланыс пен бірлігін жан —жақты қарастыруды болжайды. Көп жағдайда бір тақырыпқа байланысты бірнеше сабақтарды талдауда және жас мамандарды оқытуда колданылады
Қорытындылай келе, осы практика барысында біраз мағлұматтар алып оны іс-жүзінде қолдануға үйрендім. Жинақтаған тәжірбиемді алдағы уақытта жетілдіріп өз біліктілігімді одан әрі арттыратын боламын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет