Мектеппен танысу.Бекіттілген сыныппен және сынып жетекшілік танысу.
1.1 Мектеппен танысу. Мен Рақымбай Динара Николайқызы, 06.02.-17.02.2023ж.ж аралығында 1 курстағы үздіксіз педагогикалық тәжірибемді СҚО, Тайынша ауданы, Мәдениет ауылында орналасқан Мәдениет негізгі мектебінде өткіздім. («Мектептің құқықтық және нормативтік құжаттар» жайлы 1-қосымшада көрсетілген)
Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында.
Әрбір елдің болашағы, қазіргі жастардың қолында, яғни білімді жастардың қолында.
Н.Ә.Назарбаев
Мектепте оқу – тәрбие үрдісінде жағымды жағдай жасау, мектеп маңы мен мектеп өмірінде оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау, адами құндылықтарды сыйлауға, қоғамда өздерін таныта білуге дағдыландыратын мектеп оқушыларының тәртібі.
Мектептің мақсаты:
Білім берудің тиімді техналогияларын оқу үрдісіне енгізу және мұғалімдердің кәсіби өсуін қамтамасыз ету арқылы бәсекеге қабілетті,шығармашыл, білімді және тұлғаны қалыптастыру және дамыту
Мектептің міндеттері
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңын жүзеге асыру мақсатында жеке тұлғаның білім алу қажеттілігін, дағдысын қалыптастыру;
2. Білім беру сапасын жоғары деңгейге көтеру;
3. Өзін-өзі дамытуға құштар, икемді, ақпараттық, интеллектуалдық ресурстарды қолдануға қабілетті, жеке тұлға қалыптастыру;
4. Білім беруді басқаруды одан әрі ізгілендіру және демократияландыру;
5. Білім мазмұнын жаңалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасын дамытуды жүзеге асыру арқылы оқушылардың білім сапасының көтерілуіне ықпал ету;
6. Оқушылардың ғылыми жоба жарыстарына пәндік олимпиадаларға, түрлі танымдық байқауларға қатысуын қамтамасыз ете отырып, дарынды тұлғаны дамыту;
7. Мектептің білім беру мазмұнын жетілдіру мақсатында, материалдық-техникалық базаны жақсарту;
8. Оқушылар мұғалімдерді , өзінен жасы үлкен адамдарды «Сіз» деп атайды
9. Оқушылар үлкенге жол береді. Жоғары сынып оқушылары төменгі сынып оқушыларына, ер балалар қыз балаларға жол берулері тиіс.
10. Өзара түсініспеушілік жағдай болғанда ешқашан күш қолдануға, лас сөздермен балағаттауғаболмайды.
11. Сабақ уақытында мектептен және мектеп маңынан мұғалімдердің, мектеп әкімшілік мүшелерінің, сынып жетекшілерінің рұқсатынсыз кетуге;
12. Сыныптан тыс және спорттық, мәдени көпшілік іс-шараларды өз бетінше тастап кетуге;
13. Мектепке және мектеп маңына қару, өртке қауіпті жарылғыш, жанғыш сұйықтық, газ баллонын, темекі, спирттік ішімдіктер, есірткі, адамды жындандыратын, естен тандыратын, қанын қыздыратын құралдар, сонымен бірге улы және токсиндік заттар әкелуге;
14. Мектеп маңы мен мектепте шылым шегуге ;
15. Ұялы телефон әкелуге, сабақ үстінде, үзіліс уақытында ұялы телефонды пайдалануға
16. Басқыш сатымен және дәлізде, сынып бөлмесінде жүгіруге, ойнауға;
17. Бір-бірімен алысуға, әр түрлі затарды лақтыруға , дене күшін қолдануға
18. Айқайлауға, лас сөздер айтуға, шулауға, басқа оқушылар мен мұғалімдердің демалуына кедергі келтіруге болмайды
19. Ыстық және сұйық тағамдарды тұтыну кезінде сақтық пен абайлаушылықты басты назарда ұстайды.
20. Асханада дайындалған және үйден әкелінген барлық тағамдар мен шырындарды тек асханада ғана ішеді;
21. Аспазшылар мен мұғалімдер қойған талаптарға бағынады;
22. Тамақтану кезінде бір-бірімен сөйлеспейді, әңгімелеспейді;
23. Тамақтанып болғаннан кейін үстел үстін жиыстырады және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |