4) Иллюстрациялық материал: Схемелар, таблицалар, слайттар.
5)Әдебиет:
Негізгі:
1. Антология мировой философии. В 4-х т. М.: Мысль,
1993/2002
2. Алексеев П.В. Философия учебник. 2010 -592с.
3. Барулин В.С. Социальная философия. М., 2000.
4. Боженов А.З. Основы философии: Учебное пособие. 2009 -284с.
5. Бруно Дж. О бесконечности Вселенной и мирах //Бруно Дж. Избранное. Самара, 2000//
6. Ницше Фр. Веселая наука. М., 2002.
7. Сенека Луций Анний. О счастливой жизни // Римские стоики. М., 2000
8. Фромм Э. Искусство любви. М., 2004.
9. Фромм Э. Иметь или быть М., 2001
10. Фромм Э. Бегство от свободы. М., 2001.
11. Философия: учебник/ сост. Т. Х. Габитов. 2006 – 404с.
Қосымша:
1. Кішібеков Д. Сыздықов Ұ. Философия.- А.,2002 – 388б.
2. Бейсенов Қ.Ш. Философия тарихы. – А.,1994,2000
3. Алтаев Ж.А., Философия тарихы. – А., 2011- 468б.
4. Әбішев Қ. Философия.- А., 1998,2000
5. Философиялық сөздік. – А., 1996
6. Ғабитов Т.Х. Философия.- А., 2005.
7. Спиркин А.Г. Философия.- М. 2000
8. Философия;жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулық/ құраст. Т. Ғабитов, 2005 – 400б.
9. Хасанов М. Ш. Философия, оқулық. 2012 – 460б.
10. Мырзалы С. Философия, оқулық. 2011 – 672б.
Электронды ресурстар:
1. Алтай Ж. Философия тарихы(Электронды ресурс): оқулық-А.,1999- барлығы 1 экз.
2. Молдабеков Ж. Шығыс философиясы (Электронды ресурс): оқу құралы-
А 2001,- барлығы 1 экз.
3. Философия және мәдениеттану (Электронды ресурс) оқу құралы-
А 2001,- барлығы 1 экз.
6)Бақылау сұрақтары:
1. Қазіргі кездегі глобалдық мәселелерге не жатады?
2. Экологиялық апат қаупін жоюға болады ма?
3. Адам құндылықтарсыз өмір сүре алады ма?
4. Глобалдық сана қалыптасуы мәселесіне не жата
1) Тақырыбы: 9. Қазақстан Республикасындағы саяси модернизация Қоғамды демократияландыру және саяси жаңару.
2) Мақсаты: Демократияның және саяси қайта жаңарудың экономикалық, әлеуметтік мәдени дамуын көрсету.
3) Дәріс тезистері
1. Демократия туралы ұғым және оның белгілері
Осы жылдары біз еліміздің «әуелі экономика содан кейін саясат» деген айқын қағидатын ескере отырып, демократияландыру бағытында алға жылжыдық. Бұл өзін өзі ақтады. Байсалдылықтан жамандық көргеніміз жоқ. М. Тэтчердің «... мен мүмкіндігі әрі тәжірибесі жоқ кез келген елде, мейлі ол азиялық немесе азиялық емес ел болсын ешбір проблемаларға ұшыраспай бір деммен демократияны енгізу мүмкін дегенге сенбеймін» деген сөздерін еске түсірген орынды.
Басқа елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, демократия дегеніміз қоғамның барлық топтары үйренуге тиіс- барынша ұзақ процесс. Көптеген елдердің ғасырлар бойы қалыптасқан либералдық дәстүрлері бар, алайда олар шырқау биігіне әлі де жете қойған жоқ. Біз бәрін жоқтан бастаған едік қой және демократияның өзі – адамның ой-санасы мен мінез-құлық мәдениеті екенін ұмытпағанымыз жөн. Осы пікірлер құрметтеуге лайық деп санаймын. Біздің шығыс даналығы, сабырлылығы мен сақтығы дәстүрлеріне адал болғанымыз абзал.
Саяси реформалардың жалпыұлттық бағдарламасы Біздің ортақ жетістіктеріміз саяси жүйені одан әрі жаңарту және демократияны дамыту жөніндегі жүйелі және көп бағытты жұмысқа көшуімізге мүмкіндік беріліп отыр. Мен бүгін бастамалар дестесін – Саяси реформалардың жалпыұлттық бағдарламасын ұсынып отырмын. Бұл бағдарлама мемлекеттік, саяси және қоғамдық институттарды реформалауға бірыңғай әрі біртұтас тұрғыдан келуді көздейді. Мұндай қадамның мәні- Қазақстанды батыс демократиясының дәстүрлері мен қағидаттарына және Оңтүстік Шығыс Азияның іргелі мемлекеттерінің тәжірибесіне, біздің көпұлтты және көпдінді халқымыздың дәстүрлеріне сәйкес одан әрі демократияландыру.
Батыстық демократия елдері мен серпінді дамып келе жатқан Азия (Малайзия, Сингапур, Оңтүстік Корея, Түркия және басқалары) мемлекеттерінен сыртқы сарапшы мамандар, сондай-ақ беделді саяси қайраткерлерді ынтымақтастық үшін шақыру мүмкіндіктерін жоққа шығара алмаймын. Саяси реформалардың жалпыұлттық бағдарламасының талқылануын үйлестіруді
2. Демократияның даму тарихы
Бүкіл әлемде демократия мен заңды сақтау ажырағысыз болып танылады. Халқымыз қабылдаған ел Конституциясы бізге не берді? Тиімді жұмыс істеп жатқан қос палаталы Парламент - еліміздің заң шығарушы билігі. Конституция оған ел бюджетін бекіту мен оның орындалуын бақылау құқығын берді. Парламент көпшілік дауыспен Премьер-Министрдің, Ұлттық банк төрағасының тағайындалуына келісімін береді, Үкіметке сенімсіздік білдіруге, оны орнынан түсіру қажеттілігін мойындатуға құқылы, сондай-ақ кез келген министрді қызметінен босатуды талап ете алады. Парламентте саяси партиялардың фракциялары өкілдік етеді. Парламент ел Конституциясына өзгерістер енгізу құқығына ие. Үкімет мүшелері Парламент палаталары алдында тұрақты есеп беріп отырады. Сенат Жоғары сот судьяларын сайлайды, Бас прокурор мен ҰҚК төрағасын тағайындауға келісімін береді. Біздің елімізде Президент, Парламент депутаттары мен мәслихат депутаттары баламалы негізде еркін және жасырын дауыс беру арқылы сайланады.
Конституциялық Кеңес, Есеп Комитеті сияқты маңызды мемлекеттік органдар тең негізде Президент, Мәжіліс және Сенат құрады. Орталық сайлау комиссиясын өз кезегінде Мемлекет басшысының ұсынысы бойынша Мәжіліс сайлайды. Бұл тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесінің айқын белгісі. Мұндай жағдайда әңгіме Конституцияда берілген құқықтарды анық пайдалану жайында болуға тиіс. Сондай-ақ заңдардың бұзылмауы нақтылы сақталуы жайында болуға тиіс.
3. ҚР-да демократияның қалыптасуы және дамуы
Конституцияның тұрақтылығы – қоғамның тұрақтылығы екеніне кәміл сенемін. Ойланбай жасалған өзгерістер ел ішінде берекетсіздік туғызады. Конституцияның қандай да бір ережелеріне түзетулер енгізуді ұсынбас бұрын, қолымыздағы нұсқасын зейін қоя зерделегеніміз жөн. заңға .
Қазақстан қазіргі әлемде
Тарихымызда тұңғыш рет біз өзіміздің стратегиялық әріптесіміз Ресеймен заң жүзінде ресімделген мемлекеттік шекараға ие болдық. Осылайша біз соңғы жылдары ұзына бойы 14 мың километрден асатын шекараны толығымен межелеуге қол жеткіздік. Бұл біздің мемлекеттік құрылыстағы жоспарларымызды жүзеге асыруға қолайлы жағдай туғызатын ұлттық қауіпсіздігіміздің маңызды кепілі. Біз стратегиялық тұрғыдан Қазақстанның мүдделері толығымен ескерілген жағдайда Бүкілдүниежүзілік Сауда Ұйымына тезірек кіруге ықыластымыз. Қазақстан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына , ТМД, ЕурАзЭқ- ті реформалауға, БЭК -ті құру жөніндегі жұмыстарға да ерекше мән береді. Біздің еліміз үшін барлық бағыттар бойынша ЕҚЫҰ -мен бұрынғысынша іс-қимыл жасау маңызды болып қала береді. 2009 жылы осы ұйымға төрағалық етуге біздің кандидатурамыздың ұсынылуына барынша жауапкершілікпен қараймыз . Бүгінгі бастамалар сонымен қатар осы мақсаттарға қол жеткізуді көздейді. Қазақстанның әлемде қуатты экономикасы бар әрі халықаралық қоғамдастықтағы тұғыры берік өңірлік держава ретінде қабылданатынын да естен шығармағанымыз абзал. Бұл мәртебені қастерлеуіміз және еліміздің қазіргі әлемдегі беделін нығайту үшін қосымша күш-жігер жұмсауымыз керек. Реформаларды жүргізу тактикасы, оларды жүзеге асырудың мерзімдері мен тетіктері жөнінде біздің көзқарастарымыздың әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ мен барша қазақстандықтарды, барлық саяси бірлестіктерді ортақ прогресс пен еліміздің болашағы жолында бірлесуге шақырамын. Біз баршаға барынша мүмкіндіктер беретін қоғам : әрбір адамның жеке басы мен бостандығын құрметтейтін, өзіне өзі қызмет етуге жағдайы жоқ жандарды қамқорлыққа бөлейтін, қандай еңбекті болса да қадірлейтін, ана мен баланы қорғайтын, зейнеткерлерге қамқор болатын, ардагерлер мен отан қорғаушыларды ардақ тұтатын қоғам құруды аяқтауға тиіспіз. 4) Иллюстрациялы материалдар: кестелер, слайд
5) Әдебиеттер:
Әбсаттаров Р.Б. Саясаттану – ғылым // Хабаршы. Қоғамдық және тарихи ғылымдар сериясы.- Алматы: Абай атындағы АлМУ,2001.
Балғымбаев А.С. Саясаттану.Оқу құралы.-Алматы, 2003
Жамбылов Д.Ә. Саясаттану.Оқулық.- Алматы,2003
Назарбаев Н.Ә. Бейбітшілік кіндігі. – Алматы: 2001
Қапесов Н. Саясаттану. Оқу құралы- Алматы. 2000
Қазбеков Н.А. Саяси процестер: Оқу құралы. – Қарағанды.2004
И.Г.Хан. Саясаттану. Оқу құралы. А.2003
Масатов Б. Демократия әліппесі. А.Жеті жарғы. 1999
6) Қорытынды сұрақтары : ( кері байланысы)
1. Демократия терминіне түсінік және оның мәні
2. Демократияның белгілері
3. Демократияның түрлері: тура, плебисцитарлық, өкілдік және т.б
Қазақстанды өңірдің көшбасшысына, халықаралық құрметті әріптеске, сондай-ақ халықаралық лаңкестікке, есірткінің жайылуы мен ядролық қарудың таралуына қарсы белсене күресетін мемлекетке айналдырдық. Қаруланбау мен ядролық қарусыздану жолын таңдап алып, әлемдік қауымдастықтың алдында өңірлік қауіпсіздік факторына айналдық. Қазақстан Семей ядролық сынақ полигонын өз еркімен жапты. Әлемдегі төртінші ракеталық-ядролық әлеуетінен бас тартып, күллі дүниеге үлгі көрсетті. Қазақстан Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық процестердің бастамашысы әрі белсенді қатысушысы болды. Біздің еліміздің әлемдік аренадағы есімі Азиядағы Өзара іс-қимыл мен сенім шаралары жөніндегі кеңесті шақыру туралы ұсынысымен тікелей астасып жатыр десек асыра айтқандық емес. Өзіндік төлтұма құжат – Сенім шараларының каталогын қабылдаған Сыртқы істер министрлерінің Алматыдағы соңғы кездесуі - мен 1992 жылдың өзінде БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында жасаған бастаманың ойдағыдай іске асуының жақсы айғағы. Егер 1991 жылы әлемдік қоғамдастықтың іс жүзінде Қазақстанға қандай да бір ықыласы аумай келсе, бүгінгі күні Қазақстанды әбден танып, құрметтеп отыр. Таяуда белгілі Ресей ғалымы академик А. Аганбегян атап көрсеткендей, «Қазақстан мен Қытай сияқты екі ел бүгінгі таңда жоғары экономикалық даму қарқынына жетіп отыр».
2. Қазақстан Республикасындағы саяси модернизация
Сондықтан да алдағы уақытта - мемлекеттілікті нығайтуға, Қазақстанды осы заманғы демократиялық және құқықтық мемлекет ретінде дамытуға; - еліміздегі және өңірдегі бекем тұрақтылықты нығайтуға; өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға; - жаһандану талаптарына сәйкес экономиканы серпінді дамытуға және шикізаттық емес секторларды ілерілетуге баса ден қоя отырып, жаңа технологияларды дамытуға; - білім беруді, кәсіптік даярлық пен әлеуметтік саланы 21 ғасырдың деңгейіне көтеруге; - азаматтық қоғамды дәйекті дамыта беруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге; - қазақ халқының моральдық және рухани құндылықтарын одан әрі дамыта беруге; - діни негіздегі жатсынбаушылық пен конфессиялар аралық келісімді қамтамасыз етуге; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске; - лаңкестікке, есірткі саудасына, кез келген түрдегі экстремизмге қарсы жаһандық күреске бағытталады. Ендігі бір айтқым келетін жәйт: Қазақстан бүгін Еуропа мен Азия арасындағы коммуникациялар легінің түйіскен тұсында тұр. Біздің міндет - осынау бірегей геосаяси жағдайымызды өз еліміз бен халықаралық қоғамдастықтың мүддесі үшін ұтымды пайдалану. Бүгін мен өзіміздің бұдан былайғы жаңғыруымызды жеделдетудің нақтылы жоспарын ұсынғым келеді.
4) Иллюстрациялы материалдар: кесте, сызба
5) Әдебиеттер:
1 .Жамбылов Д. “Саясаттану негіздері” Алматы “Жеті жарғы” 2000.
2.Қуандық Е.С. “Саясаттану негіздері” Астана “ Елорда” 2000.
Хан И.Г. “ Саясаттану” Алматы ҚазГЗУ 2003.
Байдельдинов Л.А. “Политология” Алматы. 1997.
Борисов Л.П. “Политология” М., 1998.
Ирхин Ю.В., Зотов Л.В. “Политология” М., 1999.
Козлов Г.Я., БулуктаевЮ.О. “Политология” Алматы 1995.
Мальцев В.А. “Основы политологии” М., 1997.
Радугин А.А. “Политология” М., 1998.
“Основы политической науки” под. ред. В.П. Пугачева Москва, 1994.
Назарбаев Н.Ә. “Ғасырлар тоғысында” Алматы 1996.
Қуандықов Е.С. “Саяси партиялар: Әлемдік тәжірбие” // Астана ақшамы. 1998, 17, 20 қараша.
Шәмшатов И., “Мемлекет деген не ?” // Ақиқат. 1993. №6. 7-10-б.
Достарыңызбен бөлісу: |