Курсының бағдарламасы «Биология» 050113 мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын



бет64/214
Дата05.02.2022
өлшемі3,16 Mb.
#12199
түріБағдарламасы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   214
Техникалық оқу құралдары: сызба-кестелер (әртүрлі көпклеткалы жануарлар, жануар клеткалары, ұлпалар, жыныс клеткалары,қандауыршаның эмбриональды дамуы, насекомдардың, бақаның т.б. эмбрионнан кейінгі дамуы, Мечниковтың Metazoaның шығу тегі т.б.)
Тірек сөздер:
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:
1. Көпклеткалы жануарларға жалпы сипаттама.
Көпклеткалы организмдердің жануарлар дүниесінде пайда болуы – эволюцияның ерекше этапы. Metazoa – ның денесі 2-3 қабатты клеткалар жиынтығынан тұрады. Көпклеткалы жануарлардың клеткалары құрылысы және атқаратын қызметі (фунуциясы) тұрғысынан жіктелген клеткалар жабын, бұлшық ет, жүйке, без, жыныс , т.б. болып бөлінеді. Көпклеткалы жануарлардың клеткалары мамандануына байланысты бірклеткалы организмдер сияқты, жеке тіршілік етуге қабілетсіз. Бірыңғай қызмет атқаратын, құрылысы біртекті клеткалар – ұлпа түзеді: эпителиаль, дәнекер, бұлшықет, жүйке. Бұл ұлпалардан жануарлардың тіршілігін қамтамасыз ететін мүшелер мен мүшелер жүйесі қалыптасады. Көпклеткалы жануарлар ірі, дене мөлшерінің ұлғаюына байланысты – құрылысы күрделі, зат алмасу жетілген, ішкі орта қалыптасқан. Көпклеткалы организмдер – жануарлардың эволюциялық дамуын кеңейтіп, олардың басымдылығын қамтамасыз етті. Зат алмасудың жетілуі көпклеткалы жануарларда тұрақтылықты (гомеостаз) жеке тіршілік процесін және ұзақ өмірді қамтамасыз етеді.
Көпклеткалы жануарлар жынысты жолмен көбейеді. Жыныс клеткасы – гамета мейоз жолымен пайда болады. Мейоз кезінде хромосом саны азайып, редукцияға ұшырайды. Сондықтан жыныс клеткалары (жұмыртқа клеткасы, сперматозоид) гаплойдты. Жұмыртқа клеткасымен сперматозойдтың қосылуы – ұрықтану процесі нәтижесінде диплойдты ұрық (зигота) түзіледі. Ұрық бөлшектеніп, көпклеткалы организмнің бастамасын береді.
Metazoaға тән ерекшелік - олардың тіршілік цикліндегі күрделі жеке даму (онтогенез) процесінде - ұрықтанған жұмыртқадан ересек организмнің қалыптасуы. Көпклеткалы жануарлардың онтогенезі – жұмыртқаның бөлшектенуі, ұрық жапырақтарының (экто-энто және мезодерма) жіктелуі, мүшелердің қалыптасуына тұратын эмбриональды және эмбрионнан кейінгі дамудан тұрады.
2. Көп клеткалы жануарлардың шығу тегі туралы теориялар.
Көп клеткалы жануарлардың шығу тегі туралы сұрақ – жануарлардың ұйымдасу эволюциясын және олардың жеке дамуын түсіну үшін теориялық негіз.
Көпклеткалылардың шығу тегі туралы бірнеше гипотеза бар. Көптеген ғалымдар Metazoa Protozoaдан шықты деп есептейді. Protozoa клеткасының құрылым компонентерінің көбі Metazoa клеткасымен индентивті. Protozoa шегінде көпклеткалы жануарларға өтуде 2 тенденция байқалады: 1-көпядролы полиэнергидті қарапайымдылар (опалина, инфузория, радиолярия , фораминифера т.б.). 2-колониальды формалар (вольвокс, тағы басқа талшықтылар).
1. Metazoaның пайда болуында колониальды гипотеза – колониальды Protozoaға негізделген.
Алғашқы Metazoaның шығу тегі туралы колониальды гипотезаны зоолог-эволюционист Э.Геккель (1874) өңдеді, ол «гастрей» деп аталды. Metazoa-ның ата –тегі шар тәрізді талшықтылар колониясы (көпклеткалылардың дамуындағы бластула стадиясына ұқсас) – «бластея» - деп есептеді. Эволюция барысында бластиден инвагиинация жолымен (ішкі майысу ) алғашқы екі қабатты энтодермамен астарланған ішек қуысы бар көпклеткалылыаар шығуы мүмкін. Э.Геккель «гастрея» (гаструла стадиясына ұқсас) деп атады. Гастрея – ауызы бар, екі қабатты еркін жүзетін жануар. Сыртқы қабаты талшықты клеткалардан тұратын – эктодерма қозғалыс, ал ішкі қабат (энтодерма) - ас қорыту қывзметін атқарады. Геккель бойынша гастреиден екі қабатты – ішекқуыстылар шыққан.
2. «Гастрея» ториясын әрі қарай дамытқан О.Бючли (1884 ж. ) – «планула» гипотезасын ұсынды. Ол көпклеткалылардың ата-тегі – қарапайым жалпақ бір қабатты қарапайымдылар колониясын алады. Одан екі қабатты - «планула» (көпклеткалылардың ата-тегі) шығып гастреяға айналды. Қарапайым екі қабатты көп клеткалы жануар трихоплакс (Trichoplax) талшықтылардың жалпақ колониясына жақын. Трихоплакстың төменгі клеткалар қабаты сыртқы ас қорытуға қабілетті. Кейін эволюция барысында төменгі клеткалар қабатынан гастреяның энтодермасы, жоғарғы клеткалардан эктодерма пайда болады.
3. Кең тараған И.И.Мечниковтың (1882) теориясы. Төменгі сатыдағы Metazoa-ның онтогенезін зерттеп, олардың энтодермасы ішкі майысу жолымен емес, жеке клеткалардың бластула қуысы – бластоцельге көшу жолымен (алғашында борпылдақ, кейін тығыз ішкі қабат бастамасы пайда болады) тзілетінін байқады. Нәтижесінде осы тығыз клетка массасында ішек қуысы (гастраль) және алғашқы ауыз (бластопор) қалыптасады. Мұндай энтодерманың түзілуі губканың дамуында (паренхимула) және ішекқуыстыларда байқалады. Мечников та Геккель сияқты, Metazoa колониальды талшықтылардан дамиды- деп есептейді. Филогенезде ішкі қабат колония қабырғасынан бөлінген жеке клеткалардың ішкі қуысты толтыру нәтижесінде түзіледі. Бұл процесс колония қуысына енген клеткаларда жүрген клетка іші ас қорытуымен (фагоцитозбен) байланысты. Мечников ішкі клетка қабатын – фагоцитобласт, ал филогенетикалық стадияны – «фагоцителла» деп атады.
Metazoa-ның ата-тегінде екі клетка қабатының түзілуі, олардың клеткаларының әртүрлі бағытта маманданумен қатар жүреді, яғни талшықтылар колониясы тұтас көпклеткалы организмге айналады. Сыртқы қабат қозғалыс, сезім, ал ішкі ас қорытуі және жыныс қызметін атқарады. А.В.Иванов (1967) ірі зоолог көп кклеткалы жануарлардың шығу тегі туралы қазіргі заман ұғымын тұжырымдады. Ол Мечниковтың фагоцетелла гипотезасына сүйенді. Metazoa-ның колониальды ата-тегі – голозоилы қоректенетін жағалы талшықтылар колониясы типті – деп есептеді. (А.А.Захваткиннің көзқарасы сияқты). А.В.Иванов фагоцтиелланың моделі - губка дернәсілі паренхимуладан гөрі фагоцтиоллеға құрылысы жақын трихоплаксты алады. Эволюция процесінде фагоцитолла – губка және тақталылар типінің (клетка іші асқорыту – фагоцитоз тән) басып береді. А.В.Ивановтың көзқарасына сәйкес екі қабатты, ішек қуысы , ауыз және қуыстың ас қорыту тән жануар кейін дүниеге келді.
ІІ. Полиэнергидті гипотеза - Metazoa-ның ата-тегі – полиэнергидті қарапайымдылар. Бұл гипотезаны Иерини кейін Иован Хаджи (1963) ұсынды. Хаджи бойынша Metazoa-ның ата-тегі – инфузория, ал алғашқы көпклеткалы – жалпақ құрттар (планария). Қазіргі кезде гипотезалар арасында И.И. Мечниковтың «фагоцителла» гипотезасы дәлелді. Оны кейін А.В.Иванов толықтырды.

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет