ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ Үйірме жұмысы барысында оқушыларға математикалық есептердің маңызын түсіндіру Мен «Математиканы оқытудағы есептің ролі» зерттеу тақырыбы аясында Дипломалды практика уақытында Әли Мүсілімұлы атындағы №101 мектеп- лицейінің 7сынып оқушыларының қатысуымен «Есеп шығару – мидың гимнастикасы» үйірме жұмысын ұйымдастырдым. Үйірме жұмысын жүргізу барысында оқушылар әртүрлі сипаттағы есептерді шығару жолымен танысты.
Үйірме жұмысы 6 апта уақытқа созылды. Жұмыс әр аптаның сенбі күні 7сынып оқушыларының қатысуы арқылы жүргізілді. Әр сабақ 90 мин созылады. Сабақ барысында есепті шығару жолымен танысады және есептерді шығарады. Үйірме жүмысының мақсаты менміндеттері:
Математиканың өмірмен байланысын ашып көрсету;
Оқу материалымен байланыстыра отырып оқушының білімділіктерін арттыру;
Оқушының дәстүрлі емес есептерді жүйелеп шығара білуін қамтамасыз ету;
Есеп шығарудағы ойлау қабілеттерін дамыту.
Күрделі есептерді шығару жолдарын көрсете отырып, өз беттерімен есепті жүйелі шығаруға баулу.
Үйірме жұмысынан күтілетін нәтиже:
Есептердің себебі мен салдарын айқындай білу, дәстүрлі емес есептердің шығару жолын жүйелей білу;
Есептерді құрастыру, өзін-өзі тексеру, өзін-өзі бағалау, логикалық есептерді жылдам есептеу және есепті шығару жолының ретін сақтау;
Матаматиканы өмірмен байланысын анықтау, есептерін шығару жолындағы маңызды орнын түсінуі керек.
Берілген есепті класификациялау, қарапайым есептерді құрастыру.