Курстық жұмыс Тақырыбы: Математиканы оқытудағы есептің ролі мазмұНЫ



бет13/17
Дата23.05.2023
өлшемі0,73 Mb.
#177570
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Êóðñòû æìûñ Òàûðûáû Ìàòåìàòèêàíû îûòóäàû åñåïò³ ðîë³ ìàçì

Принцип қандайда бір теорияның негізгі, бастапқы жағдайы, жетекші идея, қызмет ережесі [53;65;72].
Келесі принциптер есептердің дидактикалық жүйесін құрудың негізі болып табылады: тұтастық, көпфункционалдық, көпдеңгейлік және жиынтық.
Енді осы жүйелік принциптердің есептердің дидактикалық жүйесін құруда қалай өзгеретінін қарастырайық.
Тұтастық өзінің мазмұны және құрылымы жағынан күрделі объектілердің жалпы сипаттамасы болып табылады. Біздің жағдайда объект есептер жүйесінің ішкі жүйесі математикалық есеп ретінде қарастырылады. Жүйенің қасиеттері жүйені құрайтын өзара бөлек есептердің қасиеттерінің қосындысы түрінде болмайтындығы оның тұтастығын анықтайды. Ішкі жүйені құрайтын әрбір есеп оқу процесінде белгілі бір функция атқарады. Тұтастық – құрылымдылықты, өзара байланыстылықты, өзара шарттастықты, өзара тәуелділікті, иерархиялықты және интегративтілікті анықтайды.
Құрылымдылық – жүйені құрайтын өзара бөлек есептердің арасында белгілі байланыстың және қатынастың барын білдіреді. Жүйеге жоғарыда қарастырылған классификацияға жататын түрі және типі жағынан әртүрлі есептер кіреді.
Дидактикалық жүйеге кіретін есептер өзара шарттастықта, өзара байланыста, өзара тәуелділікте болады, ғылым негіздерін оқыту процесінде маңызы бар және тұтастық міндет атқарады, білім беру мазмұнына қойылатын әлеуметтік-экономикалық талаптарға тәуелді. Мысал ретінде скаляр және векторлық шамаларды қарастырайық. Бұл шамалармен оқушылар математика және физика сабақтарында танысады. Сондықтан математика және физика сабақтарында скаляр және векторлық шамалардың сипаттамалық белгілерін және оларды талдау және қолдану бірмәнді еместігін ескеріп отыру маңызды.
Жүйенің иерархиялылығын екі аспектіні ажырату арқылы қарастырған жөн: біріншіден, әрбір есеп жүйе ретінде қарастырылуы мүмкін; екіншіден, жүйеде есептердің тізбектілігі олардың реттілік негізінде анықталады. Есепте шарт пен талап бірлікте, тұтастықта болады. Есептің жауабын алу барысында адамның ойлау қызметі шарт пен талап арасындағы қайшылықты шешуге бағытталады. Жүйеде есептер білім мен білікті қалыптастыру процесінде дидактикалық шарттарды, маңыздылығын және құндылығын ескере отырып, тізбектелген түрде орналасады.
Интегративтілік дидактикалық жүйенің тұтастығын, оның дамуы мен жетілуін, сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз етеді.
Есептер жүйесін құрудың негізінде оның көпдеңгейлілігін, яғни жоғарыда көрсетілген классификацияға кіретін есептердің әртүрлілігін ескерсе, онда жүйе аяқталған болып саналады. Түрі және типі жағынан әртүрлі әрбір есепті шығаруға, алгоритмдік және эвристикалық алғышарттарын құруға, шығару тәсілдеріне өзіне тән жолдарын іздеу керек, ал бұл есептер жүйесінің көпдеңгейлігін қамтамасыз етеді. Есепті шығару тәсілдерінің жиыны оқытылып отырған курстың белгілі бір тарауы бойынша түрі және типі жөнінен
әртүрлі есептер құрастыру екенін білдіреді.
Есептер жүйесін құрудың және оның қызмет етуінің негізін қалайтын дидактикалық принциптерді негіздеу олардың түпкі мағынасын және педагогикалық ғылымда пайда болуының және дамуының тарихи аспектісінде нақты дидактикалық номенклатурасы мәселесін анықтау арқылы іске асады.
«Дидактикалық принциптер – оқытудың принциптері – оқыту процесіне қойылатын негізгі талаптар жүйесі және бұл талаптарды сақтау заңды түрде оқыту есептерін шешуге алып келеді» [72].
Оқыту принциптері қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейімен және білім беру жүйесінің алдында тұрған проблемалармен анықталады.
Оқыту процесінде оқушыларды есеп шығаруға үйретудің әдістемелік принциптері тек қана келесі жағдайларды ескергенде ғана сәтті болады. Біріншіден, әдістемелік принциптер дидактикалық тұрғыда әдіснамалық және дидактикалық принциптерменбайланысты. Екіншіден, әдістемелік принциптер өзара байланыста болып, оқыту әдістері арқылы анықталады. Осылайша, әдістемелік принциптер көп айнымалы күрделі процесс болып табылады.
Біздің көзқарасымыз бойынша жүйенің құрамына кіретін есептерді байланыстыру үшін келесі дидактикалық принциптерді ұстанған жөн: дамыта оқыту, ғылымилық, теория мен практиканың байланысы, қол жетімділік, жүйелілік және реттілік, саналылық, мақсатқа бағыттылық, мәселелік, оқытудың және дамудың сабақтастығы [13; 16].
Кейбір еңбектерде оқу есептерінің жүйесін құрастырудың дидактикалық принциптері зерттеледі және нақтыланады. Есептердің дидактикалық жүйесін құру үшін оның үш жағын ескерген жөн: оқыту, дамыту, басқару. Есептер жүйесі білім беру процесінде танымның дидактикалық әдісі, ойлауды қалыптастырудың және дамытудың құралы және реттелген педагогикалық процесті ұйымдастыру тәсілі болып табылады. Осыған сәйкес, дидактикалық жүйенің мазмұнында және құрылымынды жоғарыда көрсетілген аспектілер көрініс табуы тиіс. Есептердің дидактикалық жүйесінің оқыту аспектісін іске
асыру үшін оқыту процесінің компоненттері мен нәтижелеріне сүйенген дұрыс. Әрине, осылайша бөлу шартты болып табылады, себебі кез келген процесс нәтижесімен тығыз байланысты, ал нәтижеге сәйкес процесс болмаса қол жеткізу мүмкін емес. Мақсат, есептер, әдістер, оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы оқыту процесінің құраушылары болып табылады. Көрсетілген әрбір бөлік өзінің мазмұны, құрылымы, құрамы болатын, өзінің құрамына кіретін элементтер арасында, қасында орналасқан басқа жүйелермен және сыртқы ортамен функционалдық байланыста болатын, жүйенің элементтері арасында иерархиялық байланыс және тәуелділік болатын жүйе болып табылады.
Есептердің дидактикалық жүйесінің жоғарыда көрсетілген аспектілеріне ғылыми негізделген терең талдау жасау үшін заманауи әлеуметтік- экономикалық жағдайда оқыту мазмұнына сүйенеміз (сурет 4).
4-суреттен көріп отырғанымыздай, оқыту мазмұнының құрамына ақпараттық-дамыту және тұлғаға бағдарлы оқыту кіреді, ал бұл оқытудың субъективтілігін қамтамасыз етеді, яғни оқытудың мақсаты мен міндеттерінің оқушылардың тұлғасына бағытталуын қамтамасыз етеді.
Есеп шығару оқыту мазмұнының және онымен байланысты оқыту процесінің құраушыларының бірі болып табылады.
Есеп шығару барысында жеке тұлғаға бағытталған оқытуды іске асыру үшін ақпараттық-мазмұндық және амалдық құраушыларын қарастырған жөн. Құраушыларды белгілі бір дидактикалық байланыста және бір бірімен белгілі бір қатынаста болатындай қарастыра отырып, есептердің дидактикалық жүйесін жасау үшін қажетті әдістемелік принциптерді атап өткен жөн.
Дидактика және оқыту әдістемесі бойынша іргелі зерттеулер есептер жүйесін құрудың және жұмыс жасауының негізгі әдістемелік принциптерін анықтауға мүмкіндік берді:

  1. есептің мазмұнында келтірілген мәліметтердің ғылымилығы;

  2. есеп шығаруды оқытудың дамытушылық сипаты;

  3. есеп шығара білуді қалыптастырудың және дамытудың жүйелілігі мен

реттілігі;

  1. есеп мазмұнының кәсіби бағыттылығы;

  2. есеп мазмұнының мәселелігі;

  3. есеп шығаруды оқытудың саналылығы және белгілі бір мақсатқа бағытталғандығы.

Зерттеулер көрсеткендей, есеп шығару өзінің нәтижесін беру үшін дидактикалық принциптерден шығатын төмендегі дидактикалық шарттар орындалуы қажет:

  • «есеп» және «есеп шығару» ұғымдарының мазмұнын және көлемін білу;

  • оқу есептерінің белгілі бір түрі мен типінің қолданысын негіздеу;

  • білім мен білікті қалыптастыру кезіндегі есептердің белгілі бір мақсатқа сай қолданылуы;

  • әртүрлі және әртипті есептердің қолданысының жүйелілігі мен реттілігі;

  • әртүрлі есептерді шығарудың белгілі бір әдістері мен тәсілдерінің қолданысын негіздеу;

  • есеп шығару процесінің мазмұны мен құрылымын саналы түрде игеру;

  • есеп шығарудың алгоритмдік және эвристикалық тәсілдерін қалыптастыру;

  • жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық пәндерді оқытуда есептерді шығарудың көзқарастарының жалпылығы;

  • есеп шығару барысында қалыптасқан дағдыны техникалық, инженерлік, арнайы және гуманитарлық білімге көшіру.

Есептің мазмұнында келтірілген материалдарды таңдау келесі шарттарды қанағаттандыруы қажет:

  • ғылымилығы;

  • материалдың оқып жатқан материалмен ішкі байланысы;

  • материалдың практикалық маңыздылығы;

  • түсінуге жеңіл болуы;

  • оқытылып жатқан тақырып пен бөлімдерге бірқалыпты үлестірімділігі.

Мектеп математика курсы бірнеше тараулардан тұрады. Олардың әрқайсысында қандайда бір есептер жиынтығын шығару ұсынылған.
Мысал ретінде математикадан есептерді шығарудың жалпы амалдарын көрсетейік:

  • есептің мазмұнын оқу;

  • түсініксіз терминдерді түсіндіру және сәйкес ұғымдарды есте қайта қалпына келтіру;

  • математикалық маңызын түсіну мақсатында есеп мазмұнын алдын ала талдау;

  • есептің шартын қысқаша түрде жазу;

  • бірліктер жүйесін анықтау;

  • математикалық байланыстарды анықтау және сәйкес теңдеулер құру, график немесе сызба салу;

  • ізделінді шаманы немесе жалпы формула арқылы шамалардың мәнін қоя отырып, келесілерін анықтайтын шамалардың сандық мәндерін табу;

  • алынған нәтиженің шынайылығы мен бағалаудың орындылығы. Әдістемелік әдебиеттерді талдай отырып, мынадай қорытындыға келеміз: есептерді шығарудың жалпы тәсілі – бірізділікпен орындалатын іс-әрекеттердің анықталған жүйесі. Оның орындалуынсыз оң нәтиже алынбайды, есептің мазмұнындағы берілгендері мен ізделінді шамалар арасында қайшылықтар

болуы мүмкін.

Сурет 4. Оқытудың мазмұны


Есептерді шығарудың жалпы тәсілдері негізгі әрекеттерден (есеппен танысу, есепті шығару жоспарын құру, шығаруды іске асыру, нәтижені талдау), өз кезегінде әрбір есептің түрі мен типіне байланысты құрылымы мен мазмұны ерекшеленетін кезеңдерді қамтиды.
Негізгі мектеп оқушыларының жас ерекшеліктері және білім деңгейі мен біліктерін ескере отырып, есептер шығару барысында ойлау іс-әрекетінің жақсы дамымағанын байқауға болады.
Осындай іс-әрекеттердің негізгі элементтеріне мыналарды жатқызуға болады:

  1. есептің мазмұнын оқу;

  2. есептің мазмұнындағы шарты мен талабын бөліп алу (берілген және ізделінді шамалар);

  3. шарты мен талабын қысқаша жазу (есеп мазмұнын кодтау);

  4. физикалық құбылыстың немесе процестің маңызын анықтау;

  5. суреттің немесе сызбаның үлгісін орындау;

  6. негізгі заңдар мен теңдеулерді жазу;

  7. шешімін жалпы түрде алу;

  8. ізделінді шаманың аталуын тексеру;

  9. есептің шартындағы алынған жауапқа талдау жасау.

Осылайша, белгілі бір амалдар арқылы кеңейтілген әрекеттерді меңгеру амалдар мен іс-әрекеттер құрамын қысқаша қалыпастыруға алып келеді.
Мектеп математика курсының мазмұны ұғымдар және анықтамалар, математикалық деректер және теоремалар, пайымдарды дәлелдеу әдістері мен есептер шығаруды қамтитын теориялық материалдардың және осы теориялық материалдарға сәйкес есептерден тұрады.
Математиканы табысты оқыту оқушыларға сабақ барысында және үй тапсырмасына қандай есептер, қандай ретпен және қандай көлемде берілетініне де байланысты.
Сондықтан, мұғалім математикалық есептерді шығаруды оқыту процесін
ұйымдастыру барысында ең алдымен есептерді таңдау, оларды реттеу, оқушылардың орындайтын ақыл-ой іс-әрекеттеріне талдау жасау және т.б. кездеседі. Бұл мұғалімге қойылған дидактикалық мақсаттарға сәйкес таңдау жасауға көмектесетін есептерді классификациялауды талап етеді. Сонымен бірге оқушылардың есеп шығару жұмысын ұйымдастыруға көмектесетін, әдістер мен тәсілдер маңызды рөл атқарады [73].
Зерттеу мақсаты мен міндетіне сәйкес есеп шығарудың психологиялық ерекшеліктерін талдаған (Д.Пойа, Л.М.Фридман, М.Колягин, Э.Ф.Эсаулов) зерттеушілердің есеп шығару процесіндегі іс-әрекет кезеңдері талданып және салыстырылып, осы кезеңдерге амалдар қайта топтастырылды. Сондықтан, есеп шығару процесінің іс-әрекет үлгісін ұсынамыз (сурет 5).
Есеп шығару процесінің бірінші түсіну сатысында есептің шарты мен талабы қарастырылып және оған талдау жасау арқылы мақсаттары мен талаптарын қою, яғни, есептің шарты қаншалықты жеткілікті түрде берілгеніне көңіл бөлу, есептің шешімін іздейтін аймақты белгілеу іс-әрекет амалдары жатады.

Сурет 5- Есеп шығару процесінің сатылары


Екінші ассоциация сатысында есептің шарты мен талаптарын өткен тақырыптармен байланыстыра отырып, аралық, көмекші есептерді қарастыру, аналогияны пайдалану, әдістерді еске түсіру сияқты іс–әрекет амалдары іске қосылады.
Осы іс-әрекет амалдарында адамның ойлау қызметінің көріністері: жинақтау, ұйымдастыру және қорыту мен құрастыру дамиды.
Үшінші жүйелеу сатысында есептің шығару жоспары құрылады және ол жүзеге асырылады. Бұл сатының маңыздылығын Дж. Миллер, Ю. Галантер, К. Прибрам: «Жоспарлаудың өзі есептің шығару жолын құратын мидың ойлау амалы, эвристикалық бір түрі» – деп атап көрсеткен. Ал жоспар екі түрлі жүйелі немесе эвристикалық болуы мүмкін.
Есептің шығару процесінің ең маңыздысы – тексеру сатысы. Мұнда сатыға есепті шығарудың қысқаша жолын іздестіру, алынған шешімдерді өңдеу, басқа есептер құру, керекті жерлерді есте сақтау, салыстыру амалдарымен қатар, жалпылау, даралау амалдары жатады.
Есепті соңғы қорытынды сатысында ерекше жағдайларға көңіл бөлу және оны белгілеу, түйіндеу амалдары іске асырылады.
Қорытындыны бөлек жеке саты түрінде қарастыру мынадай іс-әрекеттерге негізделген:

  1. Есептің шешімі тексеруде сыннан өтеді. Ол кейде қате құрылуы да мүмкін. Ондай жағдай есепті басынан қайта қарастырып, іс–әрекет алдыңғы төрт сатыны қайталайды. Олай болса, қорытынды сатысының тексеру сатысынан кейін тұруы орынды.

  2. Есеп дұрыс шықанның өзінде, кей жағдайда оны жалпылау немесе даралау іс-әрекеті орындалады. Алынған шешімнің қысқаша жолын іздестіру үшін де, есепті жалпылау немесе даралау жағдайларында да есепті шығару процесінің бірінші сатысына қайта ораламыз. Себебі, бізде жаңа мақсат пен шарттар пайда болады. Егер осы іс-әрекеттерден кейін есептің шешуі табылса,

онда алынған нәтижелердің арақатынасын анықтау мен есепті аяқталған күйге әкелу қорытынды сатысының үлесіне тиеді. Адам өз еңбегінің жемісін қорытындылап және оны толығымен бағалай білуі қажет. Толықтырылған
«қорытынды» деп аталатын бесінші сатының құндылығы осында жатыр.
Г.И.Саранцев оқушылардың білімді меңгеру сапасын қалыптастыру бойынша келесі нұсқауларды ұсынады:

  1. есепті шығарудың бірнеше жолдарын іздеу қажет, кей жағдайда оларды бірнеше рет кезектестіру керек;

  2. есепті шығаруды интуитивтік болжамнан бастау қажет;

  3. есептің шартын талдау және түсіну, шарты мен талабындағы жекелеген элементтерді бөліктеп алу керек;

  4. есепті шығару процесінде оқушының ойлау іс-әрекеті мен есеп мазмұнын түрлендіру арасындағы байланысты орнату қажет (схема, сызбалар, модельдер) [47].

Оқушыларға білімді меңгерту теориялық білімдерін таныс емес жағдайда қолдануды, есептерді шығару барысында қиындықтарды жеңуге бағытталған күрделі процесс.
Оқытудың ақпараттық-рецептивті, репродуктивті әдістері дайын білімді меңгеруді, сонымен қатар үлгі бойынша білік пен дағдыны қалыптастыруды қамтамасыз еткенінмен, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, тәрбиелеуге мүмкіндік бермейді. Ал оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырып, дамытуда оқытудың мәселелі, эвристикалық, зерттеушілік әдістері қолданылады.
Мәселелі оқыту әдісінің маңызы оқушылар таным процесінде қарама- қайшылықтар арқылы әрбір қадамын негіздей отырып, есепті шығарудың жолы мен логикасы анықтайды. Дегенмен мәселелі оқыту шығармашылық іс-әрекетті жеткілікті деңгейде қалыптастыра алмайды, бұл жерде есепті оқыту процесіне
«жекелеген элементтерді» қосу қажеттілігі туындайды. Элементтер арқылы шығармашылық іс-әрекетті қалыптастыруэвристикалық әдіс негізінде
жүргізіледі, яғни мұғалім оқушыларға бүкіл мәселені емес, оның қандайда бір бөлігін шешуді береді. Бұл әдіс әртүрлі нұсқада көрініс табуы мүмкін: мұғалім нақты материалды баяндап береді де қорытынды жасауды оқушылардан талап етеді немесе оқушыларға болжам айту, есеп шығарудың баламалы жолын іздеу, болжамды тексеру жоспарын құру және т.б. қажеттіліктерді шешу сұрағын қояды. Демек, оқытудың эвристикалық әдісінің негізгі принципі оқушыларды бір сарынды тапсырмалар арқылы олардың табиғи қабілеттерін жоғалтып алмай, керісінше оқуға деген қызығушылыққа сүйене отырып оқыту.Өз кезегінде эвристикалық әдіс оқушыларда шығармашылық іс-әрекеттің элементтерін ғана қалыптастырып, тұтас шығармашылық тапсырмаларды орындауға мүмкіндік бермейді. Оқушылардың жалпы шығармашылық қабілеттерін дамыту зерттеушілік әдісте жүзеге асады. Бұл әдіс оқушыларға жүйелі түрде зерттеу элементтері бар тапсырмаларды: күрделілік дәрежесі бойынша орналасқан мәтіндік және мәселелі (стандартты емес) есептер жүйесін орындау арқылы жүзеге асады.
Осылайша, эвристикалық, зерттеушілік, репродуктивтік әдістерді мәселелі оқыту әдісімен үйлестіргенде сапалы білімнің кепілі болатын оқушылардың шығармашылық ойлауын қалыптастыруға жағдай жасайды.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, қазіргі кезде мектептерде білім беру көп жағдайда «игеру=түсіну+есте сақтау» формуласы түрінде жүргізіледі. Ал оның негізінде мына формула жатуы қажет:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет