Жоспарланған жұмыстар
|
Күні
|
1
|
Дирихле приципін қолдану
|
25.01.2020ж
|
2
|
Логикалық есептер
Арифметикалық есептер
|
01.02.2020ж
|
3
|
Геометриялық есептер
Тор көзді қағазда қию есептері
|
08.02.2020ж
|
4
|
Ауыстырып құю есептері
|
15.02.2020ж
|
5
|
Бақылау жұмысы
|
22.02.2020ж
|
6
|
Қорытынды сабақ
|
29.02.2020ж
|
Іс-тәжірибе көрсеткендей әрбір есепті шығару ішкі элементар есептерді шығарудан құралады. Сондықтан, аралық есептер тізбегін жасап оларды шығара алу негізгі есепті табысты шығаруға жол ашады. Алгоритмдік алдын ала жазып қойылатын қарапайым әрекеттердің арнайы сызбасы көмегімен жұмыс жасау арқылы оқушылардың дағдысын қалыптастыруға болады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Матемиатиканы оқытудағы есептің рөлі тақырыбындапедагогикалық, әдістемелік зерттеулер мен әдебиеттерге жүргізілген талдау арқылы математикалық есептерді шығаруды оқытудың теориялық мәселелері анықталды.
Математиканы оқыту процесінде оқушылардың оқу нәтижесі, ойлау қабілетін дамыту құралы және оқыту мен тәрбиелеу пәні ретінде есептердің рөлі мен маңыздылығы, білім берудегі функциялары айқындалды, «есеп» ұғымына талдаулар жасалып, олардың мәні нақтыланды.
Математикалық есептер оқушылардың мектеп математика курсының ұғымдары мен әдістерін, теорияны меңгеру құралы және ойлауды дамыту мен тәрбиелеуде, математиканы практикалық қолдану біліктері мен дағдыларын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Жұмысымызда математиканы оқытудағы есептердің білім беру, тәрбиелеу, дамыту және бақылау функцияларының мазмұндық ерекшеліктері сипатталып, танымдық, дидактикалық, дамытушылық есептері тұжырымдалды.
Әдістемелік, психологиялық әдебиеттерге талдаулар жасай отырып, математикалық есептердің атқаратын функциясына, мәселенің шамасына, оқу қызметінің компонентіне, шарты мен талабы арасындағы қатынасына, есеп шартындағы объектілердің санына және олардың арасындағы байланысына, теорияға, білім мазмұнына, есепті шығару тәсілдеріне және т.б. байланысты классификациясы нақтыланды.
Математикалық есептердің ішіндегі стандартты емес есептер мен мәтінді есептерге талдаулар жасалып, білім берудегі ұғымдарды, таңбаларды меңгеруге, дәлелдеуге, білікті қалыптастыруға, ойлау қабілетін дамытуға арналған есептердің түрлері келтірілді. Математиканы оқыту процесінде мұғалімге есептердің классификациясымен қатар, олардың дидактикалық мақсатын білуі маңызды. Жұмысымызда жаңа білімді меңгеруге дайындау, алған теориялық білімді бекіту, жаңа білімнің қолданылуын көрсету, білік пен дағдыларды қалыптастыру, алдында өтілген материалды қайталау, жаңа материалды меңгеруін бақылау мақсаттарына сәйкес есептердің мазмұны мен оларға қойылатын талаптар қарастырылды.
Есеп шығару – оқушының ойлау мен шығармашылық қабілетін дамытуға септігін тигізетін оқу іс-әрекетінің маңызды түрі. Есептерді шығаруды оқытудың теориясы мен тәжірибесіне талдаулар жасай отырып, «есеп шығару» ұғымының мәні ойлау процесі мен оқу іс-әрекеті ретінде айқындалды, есептің пен есеп шығару жүйесінің құрылымдық бірліктері, есеп шығарудағы іс-әрекеттердің мазмұны, есептерді құрастыру мен шығарудың әдістемелік ерекшеліктері тұжырымдалды.
Есепті шығару процесіндегі іс-әрекет кезеңдері талданып және салыстырылып, осы кезеңдерге сәйкес есеп шығару процесінің түсіну, ассоциация, жүйелеу, тексеру және қорытындылау сатылары мен есептерді
жаппай, ауызша, жазбаша, өздігінен жазып шығару, есеп шығаруды қорытындылау, алгоритмдік әдіспен шығаруға үйрету тәсілдері ұсынылды.
Достарыңызбен бөлісу: |