Стандарттау мен унификаттаукөрсеткіші-көрсеткіштері өнімдерді стандартталған және унификатталған элементтері мен бөлшектерін жасау тәсілдерінің мүмкіндігімен сипатталады.
Сапа көрсеткіштерін анықтау әдісі
Өнімнің сапа көрсеткіші дегеніміз – өнімнің бір немесе бірнеше қасиеттерінің сандық сипаттамалары.
Өнім сапасын анықтау әдісі 2 топқа бөлінеді: ақпаратты алу әдісі бойынша және ақпаратты алу көзі бойынша.
2-кесте. Өнімнің сапа көрсеткіштерін анықтау әдістерінің класификациясы
Өлшенетін әдіс – техникалық құрал-жабдықтардың көмегімен өлшеніп алынатын сапа көрсеткіштерінің сандық мәндер алу ақпараты.
Өлшенетін әдіспен көптеген сапа көрсеткіштері анықталады. Мысалы, өнімнің массасы, оның өлшемдері, механикалық және электрлік кернеуі, қозғалтқыштың айналу саны, транспорттың жылдамдығы және сапаның басқа көрсеткіштері.
Статистикалық (тіркелетін) әдіс – бұл әдіс белгілі бір іс-шараның, өнімнің немесе шығын санын бақылау және есеп жүргізу негізінде алынады.
Бұл әдіс бойынша өнімді эксплуатациялаған кездегі қабылалмау санын анықтайды, өнімді құру немесе эксплуатациялау шығынын есептейді, күрделі бұйымның бөлшектер санын есептейді (барлығы, стандартты бөлшектер, унификатталған бөлшектер, ерекше бөлшектер, патентпен қорңалған бөлшектер және т.б.).
Органолептикалық әдіс – сезу мүшелері арқылы алынған ақпараттар: көру, есту, дәмді сезіну, иісті сезу және т.б. Бұл әдісте сезу мүшелерінің сезімталдығын қарқындататын өлшеу құралдарын қолдануға болады. Мысалы, лупа, микроскоптар, дыбысты көтеретін микрофондар және т.б.
Есептелінетін әдіс – сапа көрсеткіштерінің параметрлерге теориялық тәуелділігін қолдануда негізделген.
Бұл әдіс әзірленетін бұйым тәжірбиелік зерттеу объектісі болмаған кезде, техниканы жобалау және конструкциялау барысында пайдаланады. Септеу әдісі болжамдау және үйлесімді (нормативті) мәнді табу үшін қолданылады. Мысалы, өнімділік, еңбек сиымдылық, сенімділік және т.б. көрсеткіштер.
Ал ақпараттарды алу көзі бойынша - Экперттік әдісте көрсеткіштер тұралы шешім эксперттермен қабылданады. Бұл әдіс басқа да жоғары объективті әдістермен көрсеткіштерді анықтау мүмкін болмағанда қолданылады.
Әлеуметтік әдіс – қарастырылатын өнімді тұтынушылардың мүмкін немесе нақты көз қарасын жинақтау және талдауға негізделген.
Дәстүрлі әдіс – сапа көрсеткіштерінің мәнін, оның дәстүрлі көздерінің ақпаратын пайдалану алқылы анықтауға негізделінген және кәсіпорынның есептік бөлімшелердің арнайы тәжірибелік қызметкерлерімен жүзеге асырылады. Тәжірибелік бөлімше болып – лаборатория, сынау орталықтары, полигондар, ал есептік бөлімше болып – конструкторлық бөлім, есептеу орталығы, сапа қызметі және т.б.
Лабораторияда қажетті ақпараттар анықталынады. Мысалы, материалдың механикалық беріктігі және т.б. қасиеттері, техникалық бұйымның жұмыс барысындағы шуы мен дірілі, энергияның пайдалануы, ПӘК-і және т.б.
Сынау орталықтары және полигондар сенімділік, экологиялық, қауіпсіздік және т.б. мәліметтерді алуға қызмет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |