7.Салмақтылық коэффициентін анықтау.
Салмақтылық коэффициентін эксперттік әдіспен анықтау мақсатында құрамына бұйым авторы жоғары білікті мамандар кіретін эксперттік комиссия құралады. Эксперттік комиссия салмақтылық коэффициенті жайында жүргізілетін әдісі бойынша қабылдайды. Бірақ та нақты және дәл нәтижелер алу мақсатында эксперттік әдіске берілетін суъбективтілікті төмендету бойынша нақты шаралар қолдану қажет. Осы мақсатта сұрақ жауап алудың бірнеше түрі өткізіледі. Экспертиза жұмысы төмендегідей түрде жүргізіледі. Әр бір эксперт бір-бірінен тәуелсіз түрде сапа көрсеткіштерінің салмақтылық коэффициентіне өзі тиісті деп қабылдаған мәнін немесе бағасын береді. Содан кейін әр бір эксперт өздерінің қойған мәндерін немесе бағасын негіздеп дәлелдеу тиіс. Осы процесс сапа көрсеткішінің мәнін бір ауыздан қабылдағанға дейін жасалады. Эксперттер сапа көрсеткішінің салмақтылық коэффициентін барлық жүйеде анықталады. Алынған мәліметтер келесі теңдеу бойынша і-ні сапа көрсеткішінің салмақтылық коэффициентінің орташа арифметикалық мәнін анықтау үшін қолданылады.
Мұндағы: N-эксперттер саны;
aij-j-ші экспертпен берілген і-ші көрсеткіштің салмақтылық параметрі.
Салмақтылықтың нормаланған коэффициенті.
және ; шарты орындалуы тиіс.
Мысалы: құрт өнімінің сапа көрсеткіштерінің салмақтылық коэффициентін анықтау қажет. Сарапшылар салмақтылық балын үш көрсеткішпен анықтайды:
m1-құрттың майлылық көрсеткіші, m2-құрттың тұздылық көрсеткіші , m3-құрттың сыртқы түрінің көрсеткіші.
Құрт өнімін эксперттік бағалау арқылы есептеп шығару.
Сарапшы
|
Көрсеткіш салмақтылығы,
балл
|
|
m1
|
m2
|
m3
|
Бірінші
|
4
|
4
|
5
|
Екінші
|
3
|
5
|
4
|
Үшінші
|
4
|
3
|
4
|
Төртінші
|
5
|
4
|
5
|
Бесінші
|
4
|
5
|
3
|
Алтыншы
|
4
|
5
|
4
|
Жетінші
|
5
|
4
|
5
|
Орташа мәні
|
4,1
|
4,2
|
4
|
Достарыңызбен бөлісу: |