Курстық ЖҰмыс тақырыбы: Құрт өнімдерінің сапасын бағалау және басқару. Орындаған: Жұматаева Н. Тобы: хт-09-6к Жетекшісі: Қалдыбаева б шымкент – 2011 жыл Мазмұны



бет18/20
Дата24.08.2020
өлшемі296,34 Kb.
#76723
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
stud.kz-19533

6. Сапаны бағалау

Сапаны бағалау - объектінің қойылған талаптарды орындауға қаншалықты мүмкіндігі бар екендігін жүйелі тексеру. Егер тексеру кезінде талаптардың орындалмауы себепті сәйкессіздік анықталған болса, онда оны жою үшін мекеме түзету шараларын жүргізеді. Кез келген тексеру екі элементтен тұрады:



  1. объектінің нақтылы жағдайы жөніндеақпараттар алу (өнім үшін оның сапалық және сандық сипаттамалары);

  2. алынған ақпаратты бұрыннан белгіленіп қойылған талаптармен салыстыру, яғни екінші түрде ақпарат алу.Өнім сапасын тексеру - өнімнің сапалық және сандық сипаттамаларын тексеру. Сапаны тексеру жұмыстарына өлшеу, талдау, сынау операциялары кіруі мүмкін.

Өлшеу дербес жұмыс түрі ретінде метрологияның объектісі болып табылады. Өнімді талдау - материалдар мен шикізаттардың құрамы мен құрылымын талдау сараптамалық әдістермен (химиялық талдау, микробиологиялық талдау, т.б.) жүргізіледі. Сынау - сынау объектісінің сапалық және сандық сипаттамаларын эксперименттік әдіспен анықтау. Сынау кезінде негізгі қажетті заттар - сынау құрал-жабдықтары, ал көмекші заттар - қажетті реактивтер, материалдар,т.б. Сынау кезінде өнім мен қызметтің сипаттамаларын анықтаудың әр түрлі әдістері қолданылады: өлшеу, сараптамалық, тіркеу (тоқтап қалу санын, зақымдалған өнімдердің санын және т.б.) органолептикалық (сипаттамаларды адамның сезім мүшелерінің көмегімен анықтау). Өткізу орнына байланысты сынаулар зертханалық, полигондық, табиғи болып бөлінеді. Тауарларды сынаудың негізгі түрі - зертханалық сынау.

Өнім сапасының деңгейін бағалау дегеніміз өнімнің сапасын бағалау нәтижесін немесе бағаланатын өнімнің сапа көрсеткіштерінің мәндерін базалық мәндерімен салыстыру. Бұл бағалау сандық және сапалық түрде жүргізіледі.

Бағалаудың сандық түрінде бағалау өнімнің белгілі бір қасиетінің жиынтығын көрсететін сапаның кешенді көрсеткішінің мәні болып табылатын бір санмен айқындалады.

Бағалаудың сапалық түрінде бағалау өнімнің белгілі бір нарықтық талаптар деңгейі қасиеттерінің жиынтығына сәйкес келеді немесе қасиеттері жоғары немесе төмен деп тұжырымдау түрінде көрсетіледі.

Базалық мәндер деп салыстыру үшін таңдап алынған көрсеткіштерді айтамыз.

Бағалау көрсеткіштері дегеніміз өнімнің белгілі бір тұтыну мүмкіншіліктерімен байланысты қасиеттерін сипаттайды және оның үлгілерін салыстыру үшін пайдаланылады.

Өнімнің сапасының деңгейін бағалаудан бұрын бағалау жүргізуге қажетті сапа көрсеткіштері таңдалынады.

Бұл таңдау сараптамалық әдіс арқылы жүргізіледі.

Сараптамалық әдіс, өлшеу мен есептеулерге негізделген әдістермен және де өзбетінше мынадай шешу үшін қолданылады:


  1. Көрсеткіштерді сезім органдары арқылы (органалептикалық) бағалау;

  2. Сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын анықтау;

  3. Көрсеткіштер салмағының коэффициенттерін анықтау;

  4. Сапа деңгейін бағалау үшін базалық үлгілерді таңдау.

Өнім сапасын сараптамалық бағалау дегеніміз өнімнің сапасын бағалауды сараптамалық әдістерді пайдаланып отырып, өнімнің сапасын сипаттау.

Өнімнің сапасын органалептикалық бағалау мақсаты өнімнің қасиеттерін: тамақ өнімдерінің дәмі, тоқыманың түсі, таңбаларды ажырату, киімдердің сәнге сәйкестігі және т.б сезім арқылы (көзбен көру, иісін білу, дәмін білу, саусақтар арқылы сезіну және т.б) бағалау кезінде туындайды. Бұл кезде бағалауға қажетті рет шкаласын құру бағалаудың негізгі мақсаты болып табылады. Әдетте мұндай шкаланың қызметін баллдар шкаласы атқарады.

Органалептикалық бағалау кезінде өнім қасиеттерін сезім арқылы бағалайтын баллдың шкала осы қасиеттердің өлшемі болып табылатын бағаланатын қасиеттерге сандық сипаттарды белгілеу үшін қолданылады.

Құрттың органолэптикалық көрсеткіштері 1 кестеде көрсетілген талаптарға сәйкес келуі тиіс.


3-кесте


Көрсеткіштің аталуы


Құрттың сипаттамасы

Майлы майсыз

Тұздалған тұздалмаған тұздалған тұздалмаған




Сыртқы түрі


Салмағы 2-ден 60 г дейінгі әртүрлі кеспелі, пішінді(шар тәріздес, бөлшек пішінді кірпіш, шелпек сегментті және тағы басқа). Пішінді дұрыс емес, мыжырайған шеті домаланған түрлері де рұқсат етіледі.

Тозаңдалып кептірілген немесе құрт үшін- ұсақ ұнтақтар немесе салмағы 20 г. Дейін таблетка түрінде.


Консистенциясы


Қатты, құрғақ немесе құрғақ ұнтақталып, тозаңдалған ұнтақ. Механикалық әсер кезінде жеңіл шашылатын,тығыз түйіршіктердің болымсыз саны рұқсат етіледі.



Дәмі мен иісі




Таза сүт қышқылды

Бабында бабында

Тұзды тұзды



Түсі

Ақтан қошқыл қоңыр түске дейін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет