Л. Н. Нұрланова Қазақ Әдебиеті



бет48/67
Дата04.05.2023
өлшемі1,59 Mb.
#176067
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   67
Байланысты:
қә 11 1-1

Зерделіой

Оның қаламынан туған ертегілер мен балладалар, сюжетті өлеңдер мен пейзаждар, мысалдар мен мазақтамалар, жаңылтпаштар мен жұмбақтар, санамақтар мен диалогтер қазақ балалар әдебиетінің классикасына қосылып, сәби оқушының рухани тәбетін ашып, ой-санасын оятар хрестоматиялық үлгілерге айналды.


Себебін анықта



  1. Поэманың тақырыбы қандай?

  2. Шығарма атауы қандай идеядан туындаған? Оның атауын басқаша қалай өзгертер едің?

  3. Поэманың жанрына қарай композициялық ерекшелігін анықта.

  4. Ақын неліктен табиғаттан кешірім сұрайды?

  5. Не себепті ақынды балалар әдебиетінің классигі дейміз? Ойыңды мысалдармен дәлелде



Тобыңда талдап көр



  1. Топтарға бөлініп, шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын талдаңдар.

  2. Поэманың жанрлық ерекшелігін өзге жанрлармен салыстыр.

  3. «География», «Биология» пәндерінен алған білімдеріңе сүйеніп, коллажды тақырыппен байланыстырып, талдаңдар.

Пікірлесейік

  1. Табиғатты қорғау туралы мақал-мәтелдерді поэма үзінділерімен байланыстыра отырып, аргументті эссе жаз.

  2. Суретке атау беріп, қысқаша мәтін жаз.

Түйінде



  1. «Құнды ой» стратегиясы бойынша поэманың көркемдік-эстетикалық құндылығы туралы ойыңды 7 сөйлеммен жеткіз.

  2. Поэмада көтерілген мәселелерге қатысты ойыңды түйіндейтін әңгіме жаз.



Қалай ойлайсың?

«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» дегендей, табиғаттың тілсіз болуы мүмкін бе? «Табиғаттың да тілі бар» тақырыбында ойыңды тарқатып айт.




Үйде орында



  1. В.Шукшиннің «Деревняда тұрғым келеді» кітабын оқып, поэмамен салыстырып, ортақ құндылықтарды талда.

  2. Қазіргі еліміздегі сирек кездесетін жануарлардың ахуалы қандай? Сол туралы қосымша мәліметтер қарап, өз көзқарасыңды білдіріп, әлеуметтік желідегі оқырмандармен бөліс.

  3. Шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындымен (С.Сейфуллин «Ақсақ киік» өлеңі) салыстыра отырып, әдеби сын жаз.

Қазіргі қазақ әдебиеті туралы сөз қозғасам, аузыма ең алдымен, аса ірі ақын Мұқағали Мақатаев түседі. Оның творчествосымен көптен таныспын. Аудармалары діттеген жерден шықпай жатса да, оның ақындық қуат деңгейі мен парасат өрісі кім-кімді болсын таңғалтпай қоймайды.
К.В.Скворцов




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет