Л. Н. Нұрланова Қазақ Әдебиеті



бет11/67
Дата04.05.2023
өлшемі1,59 Mb.
#176067
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   67
Байланысты:
қә 11 1-1
Лабораторная работа №5 виды адресации в электронной таблице MS EXCEL, Бақылау сұрағы, Бақылау сұрағы, Бақылау сұрағы, Бақылау сұрағы, Бақылау сұрағы, Графикамен жұмыс, Графикамен жұмыс, Тақырып 5.4. Мобильді қосымшалар, 100 злата королева, 1. ЕМН 10 сынып, Телекоммуникациялық құралдар түрлері, aisha, Биомеханиканың робототехникада қолданылуы (1), Пояснительная (3)
Зерделіой
Поэма жарысында өз тұлпарын тауып, сұңқарын зеңгір көкке самғатқан сезім саяткері, сұлу сөздің сурет кері Ж.Әбдірашев шығармаларында ақыл да мол, сыршылдық әбден жетерлік. Ақын жүрегі шындық деп соғады. Асқақ шындық немесе қапысыз шындық. Оның санасы мен көңіліндегі шындық бір ғасырдың шегі не таяп қалған бүгінгі қазақ қауымы мен аяулы арманға толы әсемдік әлеміне шақырады. Жарасқан жырына сүйсіну керек, Жарасқан сырынан жігерлену керек. Өмірдің мәнін өлеңнен біліңіз...
Бақытжан Майтанов
«Дала, сенің ұлыңмын!»
Үзінді

Туған дала,


талайлардың от қанын
лапылдатты тентек күйің,
текті әнің.
Сөз сөйлесем –
Сенсің биік тұғырым!..
Сенсің менің абыройым,
мақтаным!..

Тоймен емес,


ауыр оймен ақты күн,
Дабыл қақсам –
ауыр ойсыз арман жолын тапты кім?
Сенсің асқақ ұраным!..
Сенсің менің қасіретім,
шаттығым!

Даналық бар,


даралық бар затыңда
болатын тек батырларда,
ақында!
Өлең жазсам –
сенсің өмірбаяным!..
Сенсің менің фамилиям,
атым да!..

***

Туған дала,
тыным алмас жастамын,
Тер төгуден,
өртенуден қашпадым!..
Шаршағанда шалғыныңды жастанып,
шалқаласам,
Шаңырағым – Аспаның!

Анау алыс,


мынау жақын демеген,
ақынмын ғой,
көкірегімдіөр өлең
кернегенде кең д.ниеге дүбірлі
көз жіберсем,
Көкжиегің – Керегем!

Мезгілім аз меймандардан босаған!


Батысың – бір,
Шығысың – бір Босағам!
Сені маған жаным анам – табиғат
о бастан-ақ Отау қылып жасаған!

***

Табынатын тәңірім деп,
ием деп,
бірге тоңам,
отқа бірге күйем деп –
ойлаушы едім...
Туған дала,
мен сені,
мен сені шын,
мен сені шын сүйем деп.

Ойлау менен сезінуді –


жұрт бірден
айырмады-ау...
айырмаппын түк мүлдем!
Сені,
сені...
шын сүюдің не екенін –
бір гүліңе ғашық болып,
ұқтым мен!..

***

Туған дала,
тоғысты да көп тілек,
Көңілімді орап алды отты леп!
Осы қазір –
тауыңа бір айналып
кетсем бе екен?!
Тұрсам ба екен көк тіреп?!

Күдіктенбей,


құдіретіме көр сеніп,
мұнша неге шықтың деме белсеніп!
Осы қазір –
нуыңа бір айналып
кетсем бе екен?!
Тұрсам ба екен теңселіп?!

Сезім тұнып,


тереңіне жыр тұнып,
жатыр жүрек асаудайын бұлқынып!
Осы қазір –
бір гүліңе айналып
Кетсем бе екен?!.
Тұрсам ба екен құлпырып?!

Мендік арман,


сендік үміт қаншалық,
байтақ әлем тыңдар еді тамсанып!
Осы қазір –
бұлбұлыңа айналып
кетсем бе екен?!
Тұрсам ба екен ән салып?!

Жоқ!
Жоқ!


Әр кез әжетіңе жарайын,
болашаққа бірге күліп барайын!
Барлығы да болуы үшін осының –
борышы мол ұлың болып қалайын!..
***

Туған дала,


тынысымды кең алып,
көңілімнен көп іздедім даналық...
Мүмкін емес –
менің тексіз болуым,
ұлы Абайды туған болсаң сен анық!

Қиынға сал,


қалтқысыз сене гөр,
намыс үшін найзаласып өледі ер.
Мүмкін емес –
менің отсыз болуым,
Махамбетті туған болсаң сен егер!

Араласпай даңғазаға,


шуларға,
кірем барып күңіренген нуларға!..
Мүмкін емес –
менің тайыз болуым,
терең Мұхтар мына сенен туғанда!

Алға апарар жолдар барда,


жүк барда,
борышымнан бір сәтке де құтқарма!
Мүмкін емес –
менің төмен болуым,
биік Шоқан мына сенен шыққанда!..

Мен – ұлыңмын!


Буырқанып бойда ағын,
талай мәрте бақытыңды тойладым.
Мықты атаның немересі –
балам да
осал бола қоймас деген ойдамын!..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет