Л. О. Әділханова Қазақ тілінен 9 – сынып оқушыларын мемлекеттік аралық бақылауға дайындауға арналған тест жинағы



бет10/13
Дата14.09.2017
өлшемі1,89 Mb.
#32114
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

“Бөркін аспанға лақтыру”


а. Жылау ә. Қуану б. Өтірік айту в. Ұялу

3.Орыс тілінен енген сөзді белгіле.

а. Бәтеңке ә. Аға б. Теңге в. Отан



4.Қай сөздің өз алдына мағынасы жоқ.

а. Нағашы ә. Бөле б. Алақай в. Иә



5.Қожа Ахмет Йассауи кесенесі қай қалада?

а.Отырар ә. Қызылорда б.Тараз в.Түркістан



6.Шоқанның шын аты.

а.Ерасыл ә.Ибраһим б.Мұхамедханафия в. Мұхамеджан



7.Абайдың шығарған әні.

а. ” Елім-ай” ә. ”Көзімнің қарасы” б. ”Ғылым таппай мақтанба” в.”Жазғытұры”



8.Етістіктің болымсыз түрін анықта.

а. қайтпайды ә. айтты б. жауап берді в. келе жатыр



9. Көсемшенің жұрнақтарын анықта.

а. ғалы, гелі, қалы, келі ә. ар, ер, р б.тын, тін в. ғыз, гіз



10. Осы шақтағы етістікті көрсет.

а. Біз сенбілікке бара жатырмыз ә. Олар ерте келді б. Ертең келетін болды в. Бәрі жиналды



11.Мен саған/ айт / жатырмын деген сөйлемде етістікті көсемшеге айналдыр. Қандай жұрнақты қолданасың?

а. а ә. қалы б. ғалы в. гелі



12.Оқшау сөзді тап.

а. Оқушылар мектептен шықты ә.Кім келген жоқ? б. Әңгімең қандай қызық! в.Бәсе, солай болады деп айтып едім ғой



13. Одағай сөз бар сөйлемді көрсет.

а. Әсет, қашан келдің? ә. Әттеген- ай, үлгермеді! б. Мүмкін, кешігіп келер. в. Ол тез келеді.



14. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсет.

а. Асанның айтуынша: ол ертең келмейді ә Асанның айтуынша, ол ертең келмейді

б. Асанның ,айтуынша, ол ертең келмейді в.Асанның айтуынша - ол ертең келмейді

15.Қазақстанның ең бірінші астанасы қай қала болған?

а. Орынбор ә. Қызылорда б. Алматы в. Астана



16. Семей – Невада қозғалысын ұйымдастырушы?

а. Э. Геккель ә. Олжас Сүлейменов б. Тимур Сүлейменов в. М. Шақанов



17.Тіл туралы заң қашан қабылданды?

а. 22 қараша 1992жылы ә. 22 қыркүйек 1989жылы б. 22 қазан 1989 жылы в. 22 мамыр 1989ж



18. Астана қай өзеннің жағалауында орналасқан?

а.Тобыл өзені ә. Іле өзені б. Ертіс өзені в.Есіл өзені



19 .Септік жалғауын көрсет.

а. барамын ә. бүгінгі б. көшемен в. келемін



20. Тәуелдік жалғауының ІІІ жағынан кейін табыс септігінің жалғауын жалға.

а. а ә. на, не б. н в.сы,сі



21. Қай сөз жіктеледі?

а. Қыс ә. Оқушы б. Жел в. Жаз



22. Қай сөзге көптік жалғауы жалғанбайды?

а. Бес кітап ә. Оқушы б. Мемлекеттік мекеме в. Орталық мектеп


23. Жұрнақ нешеге бөлінеді?

а. 3. ә. 4. б. 2. в. 5



24. Қосымшалардың орын тәртібін көрсет.

а. Түбір, жұрнақ, жалғау ә. Жұрнақ, түбір, жалғау б. Түбір, жалғау, жұрнақ в.Жұрнақ, жалғау, түбір



25. Құрманғазының күйін белгіле.

а. ” Сарыарқа” ә. ” Бұлбұл” б. ” Шалқыма” в. “Ысқырма”



26.Қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі............

а. Нұрғиса Тілендиев ә. Шәмші Қалдаяқов б. Әбілхан Қастеев в.Қанабек Байсеитов



27. Қазақтың атақты бишісі кім?

а. Шара Жиенқұлова ә. Күләш Байсеитова б. Қанабек Байсеитов в. Бибигүл Төлегенова



28. Актер, қазақ драма театрының бас режиссері............

а. Шәкен Айманов ә. Қанабек Байсеитов б.Тұңғышбай Жаманқұлов в. Ақан сері



29. Сазгерлерді ата.

а. Дәулеткерей, Сүгір, Құрманғазы ә. Құрманғазы, Ә. Қастеев, Қ. Сәтбаев б. Ш. Қалдаяқов, Нұрғиса Тілендиев в. Дина, Күләш



30.Қазақтың тұңғыш ғарышкерін ата.

а. Талғат Мұсабаев ә. Тоқтар Әубәкіров б. Юрий Гагарин в. Қаныш Сәтбаев




2- нұсқа





  1. Көп мағыналы сөзді тап.

а. ай ә. жыл б. балық в. үй

  1. Қос сөздің арасына қандай тыныс белгісі қойылады?

а. Үтір ә. Сызықша б. Үтірлі нүкте в. Қос нүкте

3.Күрделі зат есімді тап.

а. Үйшік ә. Ауыл б. Балмұздақ в. Шалқар



4.Тиісті есімдікті қой. ........ үйге қайттық

а. Олар ә. Сендер б. Біз в. Мен



5. Сын есім және зат есім байланысқан сөз тіркесін тап.

а. Менің кітабым ә. Көшемен жүру б. Үйдің іші в. Қадірлі қонақ



6.Тәуелді жалғаулы зат есімді тап.

а. Менімен ә. Оған б. Баласымен в. Үйден



7. Сенің ағаңның жұбайы саған кім?

а. Жезде ә. Жеңге б. Нағашы в. Балдыз



8.Абай Құнанбаевтың туған жылы?

а. 1846 ә. 1845 б. 1904 в. 1847



9.Етістіктің болымсыз түрін белгіле.

а. бармайды ә. Кешікті б. ұйықтады в. жүгіріп келді



10. Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алған?

а. 1980 ә. 1987 б. 1989 в. 1990



11.Елтаңбаның ортасында не бейнеленген?

а. жұлдыз ә. өрнек б. шаңырақ в. қыран құс



12. Дұрыс құрастырылған сөйлемді көрсет.

а. Ол ағашын алма ә. Алма ағашын ол екті б. Ол алма ағашын екті в. Ағашын алма екті ол



13.Тұрлаулы мүшелерді көрсет. Біз қалаға ерте жеттік.

а. Біз қалаға ә. Ерте жеттік б. Қалаға ерте в. Біз жеттік



14. Қазақтың ұлттық тағамдарын ата.

а. Қант, кәмпит, құрт ә. Ірімшік, шұжық, шұбат б. Нан, шай, сүт в. Шырын, сусын, қымыз



15.Абай Шәкәрімнің...........

а. інісі ә. ағасы б. атасы в.қайын ағасы



16.Күрделі осы шақтағы етістікті ата.

а. оқып тұрмын ә. жатырмын б. қараймын в. сөйлеп келдім



17.Жатыс септігінің сұрағын көрсет.

а. Кімге?, неге? ә. Кімнен?, неден? б. Кімді?, нені? в. Кімде?,неде?



18. Шартты райдың жұрнақтарын көрсет.

а. са, се ә. ғы, гі б. қы, кі в.ла, ле



19. Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы қалай аталады?

а. Лексика ә. Морфология б. Фонетика в. Орфография



20.Жіктеу есімдіктері бар топты көрсет.

а. Кім, кімнен, қайда ә. Ол, бұл, мынау б. Мен, бен, пен в. Мен, біз, ол,сендер



21.Фразеологиялық тіркеске қай сөз синоним болады? ”Қой ауызынан шөп алмас

а. Тез ә. Алыс б. Момын в. Жақын



22. Реттік сан есімді көрсет.

а. Елу сегіз ә. Жүз елу бесінші б. Бесеу в. Алты- алтыдан



23. Қазақ тілінде стильдің неше түрі бар?

а. 7 ә. 6 б. 5 в. 3



24.Берілген сөздердің көсемшесі қайсысы?

а. берген ә. ойнап б. алмаңдар в. алды



25.Қай қатарда туынды етістік бар?

а. Айтыстым, көрістім, көмектес ә. Ойлан, тұзда,ақылдас б.Түнгі сапалы, ауылдық в.Айтыс, кір, тазала



26 қандай дыбыс?

а. Ашық еріндік жіңішке дауысты дыбыс ә. Қысаң еріндік жіңішке дауысты дыбыс

б. Ашық жуан езулік дауысты дыбыс в. Ұяң еріндік жіңішке дауысты дыбыс

27.Қай қатарда синоним сөздер бар?

а. бостандық, еркіндік ә. Өң, келбет, әдемі б. Жақсы, әдемі, тәуір в. Жаман, нашар, әйбат



28.Дұрыс жазылған сөз қайсы?

а. Жұлдұз ә. Шәй б. Аппақ в. Бұрұн



29. “Ақ”сөзінің ауыспалы мағынасын тап.

а. Ақ көйлек ә. Ақ түс б. Ақ орда в. Ақ бата



30. Мақалды көрсет.

а. Отан үшін отқа түс, күймейсің ә. Отан - ұлы сөз б. Отаншылдық -ұлы қасиет

в. Өз Отаныңның патриоты бол

3- нұсқа



1.Қазақ халқының ұлттық аспаптары.

а. Көкпар, алтыбақан, қыз қуу ә. Қымыз, айран, шұбат б. Дауылпаз, сыбызғы, қылқобыз в. Беташар, құда түсу, қырқынан шығару



2. Қазақ тілінде дауысты дыбыстардың саны нешеу?

а. 11 ә. 15 б. 10 в. 12



3.Жақты сөйлемді тап.

а. Таң. ә. Абайдың ұғына түскісі келді. б. Менің айтқаным келді. в. Дос жүрегіне сенді.



4.” Қорқақ” сөзіне синонимді тап.
а. Қоян жүрек ә. Батыл б. Батыр в. Ер жүрек

5.Кіші жүздің биі кім?

а. Қазыбек би ә. Абылай б. Төле би в. Әйтеке би



6.Ұяң дауыссыз дыбыс бар қатарды көрсет.

а. н, ң, м, р, у, л, й ә. в, г, ғ, д, ж ,з ,б б. т, с, к, қ ,х, ш, щ в. ғ,ң, з, ж, э, т,



7.Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемді белгіле.

а. Сіздерге де айтарым сол: сағат бестен қалмай осында келіңіздер. ә. Білмегенін білсем деп, оқушылар ынтығар. б.Тысқа Төрекеңмен ере шықтым. в. Ол сабаққа келмеген себебі, ауырып қалыпты.



8.Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсет.

а. Үлбіреген кедей болғанымен, киім - кешегін таза ұстайтын. ә. Олар теңізге ерте шықты, бірақ жолы болмады.

б. Сіздерге де айтарым сол: сағат бестен қалмай осында келіңіздер. в.Олар сабаққа кешікпей келді.

9. Байтұрсынов кімнің мысалдарын аударды?

а. А.Пушкин ә. Н. Гоголь б. И. Крылов в. Салтыков –Щедрин



10. Көсемше бар сөйлемді көрсет.

а. Әжесі әуелде көп - көп ертегілер айтқан еді ә. Бірде Қожаның есегі жоғалып кетіпті

б. Балуан Шолақ әнші баланы нөкерлеріне таптыртты в. Ол саған айтқан.

11. Қыстырма бар сөйлемді тап.

а. Өлеңі не деген жақсы! ә. Мүмкін, әнші болар б. Әнші, әніңді шырқа! в. Ол саған айтқалы келді



12.Тұйық етістігі бар сөйлемді көрсет.

а. Бәрінен биік ұшу – менің арманым ә. Сұлу бойжеткен гүлмен тең б. Судың ыстық буы бұрқырап жатыр.

в. Темекі адам ағзасы үшін у сияқты.

13.Бірігу арқылы жасалған үстеуді көрсет.

а. Үздіксіз, баяғыда, жаңаша ә. Әрең, дәл, жоғары б. Жаздыгүні, ешқашан, таңертең в. Кеше, жақсы, ақырын



14. Асты сызылған сөз сөйлемнің қандай мүшесі екенін айт.

Ол мұғалімді мұқият тыңдады.

а. Анықтауыш ә. Толықтауыш б. Пысықтауыш в Баяндауыш



15. Қаныш Сәтбаевтың құрметіне не аталды?

а. Жаңа өзен ә. Тау б. Жаңа минерал в. жаңа мекеме



16. Отырар қаласының бұрынғы аты.

а. Шабғар ә. Иаса б. Фараб в. Тараз



17. Шоқан Уәлиханов...........................

а. ғалым, зерттеуші, суретші ә. қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, ғалым

б. педагог, зерттеуші, ақын в. суретші, оқымысты

18. “ Ақбілек” романының авторы.

а. Міржақып Дулатов ә. Мағжан Жұмабаев б. Жүсіпбек Аймауытов в. Шәкәрім Құдайбердиев



19. “ Бес Арысқа” кімдер жатады?

а. Абай , Ыбырай, Шоқан, Шәкәрім, Мұхтар ә. А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев, Ж. Аймауытов

б. Ж. Дулатов, Ш. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, А. Жүсіпбеков в. Ілияс, Сәкен, Бейімбет, Шоқан, Абай

20.” Үш Бәйтерекке” кімдер жатады?

а. С.Сейфуллин, С. Майлин, А. Жүсіпбеков ә. А.Сейфуллин, Б. Майлин, А. Байтұрсынов

б .А.Сейфуллин, Ы. Майлин, Б. Жансүгіров в. С.Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров

21. Қазақстан Тәуелсіз Республика болып қай жылы жарияланды?

а. 1991ж ә. 1992ж. б. 1993ж в. 1994ж



22. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөзді анықта.

а. Көрмес - түйені де көрмес ә. Көрмес түйені - де көрмес б. Көрмес түйені де - көрмес в Көрмес түйені де көрмес



23. Еріндік дауысты дыбыстарды тап.

а У, ұ, ы, ө ә. Ө, ү, и, э б. О, ү, ұ, ө в. Қ, ғ, ң, қ



24. Тура толықтауыш қай септіктің сұрағына жауап береді?

а. Көмектес септігі ә. Табыс септігі б. Жатыс септігі в. Шығыс септігі



25. Қазақ тілінде неше жалғау бар?

а 6 ә. 5 б. 4 в. 7



26.Болжалдық сан есімнің жұрнақтарын белгіле.

а. ыншы, інші ә. ау, еу б. даған, деген в. ған,ген



27. Дұрыс жазылған реттік сан есімді көрсет.

а. 1992жылдың 22 наурызы. ә. 1992жылдың 22 – наурызы б. 1992-жылдың 22 – наурызы в. 1992-жыл 22 – наурызы



28. Сөздің ең кішкене бөлігі

а. Әріп ә. Дыбыс б. Алфавит в. Екпін



29. Құрмалас сөйлем дегеніміз .....................

а. Екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлем ә. Зат немесе құбылыстың атауы

б. Бірнеше сөйлем мүшесі бар сөйлем в. Тұрлаусыз мүше қатысқан жай сөйлем

30. Қай топта тұйық буынды сөз бар?

а. А- та, ап – а, ке –ме ә. Ә-сет, мек – теп, те – ңіз б. Ә- кел, ұл в. Сыз-ғыш, ме- ке- ме


4- нұсқа
1.Нұрғиса Тілендиев қандай оркестрді басқарды?

а. “Мемлекеттік оркестр” ә. “Чайковский” б. “Отырар сазы” в. “Құрманғазы”



2.Сөздердің дұрыс жазылуын зерттейтін сала.

а. Лесикография ә. Пунктуация б. Орфоэпия в. Орфография



3.Шылау дегеніміз...........

а. заттың атын білдіреді ә. мезгілін, мекенін білдіреді б. сөз бен сөзді байланыстырады в. сөз таптарын байланыстырады



4.Үндестік заңына бағынбай тұрған сөзді көрсет.

а. Жазғытұры ә. Мұғалім б. Шаңғы в. Үскірік



5.Айтылуға тиісті мүшелерінің бірі түсіріліп айтылған сөйлем.

а. Жалаң сөйлем ә. Толымды сөйлем б. Жайылма сөйлем в. Толымсыз сөйлем



6.Асты сызылған сөздерді не деп атаймыз?

Оқушылар, ата – аналар, мұғалімдер жиналысқа келді.

а. Бірыңғай мүшелер ә. Қыстырма сөздер б. Қаратпа сөздер в. Тұрлаусыз мүшелер



7.Шәкәрімнің туған жері.

а. Аягөз ауданы ә. Абай ауданы б. Тарбағатай ауданы в. Жаңасемей ауданы



8.Қысаң дауысты дыбыстарды көрсет.

а. ы, і, и ә. а, о, ұ б. ә, а, е в. ұ ,ү, у



9.Сөйлемнің бастауышын тап. Өнер ғана өрісіңді кеңейтеді.

а. өнер ғана ә. өрісіңді кеңейтеді б. кеңейтеді в. ғана өрісіңді кеңейтеді



10.Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді тап.

а.Айту біздің - парызымыз ә. Еңбек - түбі береке б. Бұл - үлкен табыс в. Жақсы ісімен жақсы



11.Оңтүстік аймаққа қай өңірлер жатады?

а. Жамбыл, Павлодар, Торғай, Семей ә. Қызылорда, Астана, Қарағанды, Өскемен

б. Шымкент, Жезқазған, Семей, Өскемен в. Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Шымкент

12.Қыстырма сөзді тап.

а. Бәсе, солай болады деп айтып едім ғой ә. Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат

б. Па, шіркін дауысың –ай! в. Балалар мектептен шықты

13.Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсет.

а. Бәрекелді, жігіттер, осы беттеріңнен қайтпаңдар ә. Бәрекелді - жігіттер, осы беттеріңнен қайтпаңдар

б. Бәрекелді жігіттер, осы беттеріңнен қайтпаңдар в. Бәрекелді ,жігіттер осы беттеріңнен қайтпаңдар

14.Араб жазуымен жазылған тұңғыш кітаптар.

а. “ Жетісу тарихының шежіресі” ә. “ Абай жолы” б. “ Құтадғу білік” в. “Жеті жарғы”



15.” Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін “ белгілі.

а. Жұмбақ ә. Мақал б. Ертегі в. Нақыл сөздер



16.Синонимдік қатарды тап.

а. Сұлу, әдемі, шырайлы ә. Ер батыр, шырайлы б. Бақ, сөз, жер в. Үлкен, кіші, тар



17. Буын түрлерінің санын анықта.

а 3 ә. 4 б. 5 в. 6



18.Қазақ хандығында ең жоғарғы билеуші кім?

а. Сұлтан ә. Би б. Хан в. Батыр



19.Қабанбайдың шын аты?

а. Ибраһим ә. Мұхамадханафия б. Ерасыл в. Бөгенбай



20.Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарын тап.

а. Біресе, кейде, бірде ә. Не, немесе, яғни б. Бірақ, алайда, дегенмен в. Я, яки, немесе



21.Шартты райдың жұрнақтарын анықта.

а. ған, ген: қан, кен ә. ғы, гі: қы, кі б. са, се в. ғалы, гелі



22.Сабақты етістікті тап.

а. Мен шығарма жаздым ә. Ол мектептен ерте келді б. Асқар қалаға кетті в. Ол үйден ерте шықты



23.Қай қатарда етіс категориясы бар?

а. Ұмытпа, баста ә. Бітеді, салды б. Жаптыр, көрінді в. Оқу, жазу



24.Туынды етістікті көрсет.

а. Жазды ә. Келді б. Тазалады в. Айтылды



25. Құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді?

а. 3 ә. 2 б. 4 в. 5



26. Мына сөйлем салаластың қай түріне жатады.

Қараша айы жақындады, бірақ суық түспеді.

а. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем ә. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем

б. Кезектес салалас құрмалас сөйлем в. Талғаулы салалас құрмалас сөйлем

27. Қазақ тілін зерттеген ғалымдар.

а. В. Радлов, В. Бартольд, Т. Суранбаев ә. А. Қайдаров, А. Байтұрсынов, М. Мақатаев

б. А. Құнанбаев, Қ. Аманжолов, В. Радлов в. В. Радлов, А. Қайдаров, М. Мақатаев

28. Жинақтық сан есімін тап7

а. бес – бестен ә. жүздеген б. жетеу в. алтыншы



29. Абстрактілі / дерексіз / зат есімді тап.

а. Ой, мінез, кек, арман ә. Үй, пәтер, бөлме, терезе б. Жақсы, жаман, сұлу, үлкен в. Алды, айтты, көрді



30.Сілтеу есімдіктерін тап.

а. Мен, сен, олар ә. Бұл, анау, мына,осы б. Біреу, әркім, бірнеше в. Өзім, өзіне,өздері



5- нұсқа





  1. Сын есімнің жұрнақтарын тап.

а. сы, сі ә. ған, ген, қан, кен б. шыл, шіл, сыз, сіз в. ар, ер

  1. ІІІ жақтың тәуелді жалғауынан соң табыс септіктегі сөздерді көрсет.

а. Үйін, сабағын, әкесін ә. Бартын, келетін, оқитын б. Қаламың, әжең, ағаң

в. Көршісіне, дәптеріне



3.Іс- әрекеттің бағытын және мақсатын қай септік белгілейді?

а. Ілік септік ә. Табыс септік б. Барыс септік в. Жатыс септік



4.Сын есімдер қандай топқа бөлінеді?

а. Жалқы, жалпы ә. Деректі, дерексіз б. Сапалық, қатыстық в. Мезгілдік, мекендік



5. Шартты райда тұлғасында тұрған етістіктерді анықта.

а. Алсақ, жазса, ойласа, келсе ә. Тыңдағысы келді, ойнағысы келді б. Келсе, айтыс, жазыс

в. Өтті, алды, көрді

6.Қай сөйлемде мезгіл үстеу бар?

а. Ертең мектепке барамын ғой ә. Асан екеуіміз ақырын әңгімелесіп келеміз.

б. Памирден ыстық жел соғады. в. Тауық етінен жасалған бұл кеспе өте дәмді екен.

7.Реттік сан есімді көрсет.

а. Бес, отыз, миллион ә. Бірінші, жүз елуінші б. Екеу, алтау в. Отыз бес, тоқасн бес



8.Қай сөйлемде болымсыз етістік бар?

а. Бала орман ішін аралап келеді. ә. Қымыз биенің сүтінен дайындалады.

б. Асан екеуіміз әңгімелесіп келеміз. в. Ертең сабақ болмайды.

9.Бірыңғай жуан дауысты дыбысы бар сөзді белгіле.

а. Елтаңба ә. Пырақ б. Өрнек в. Рәміз



10.Үстеудің сұрақтарын көрсет.

а. Қашан?, қалай? ә. Қайдан?, кім? б. Неше?, қанша? в. Қандай?, қай?



11.Салалас құрмалас сөйлемді көрсет.

а. Күзде де жиі жаңбыр жауады. ә. Ертең не атама барамын, не ағама барамын.

б. Семейге оқу үшін, біз ауылдан келдік. в. Мұғалім саған айтты

12. Болжалдық сан есімді көрсет

а. мыңдаған ә. мың жарым б. он - оннан в. алтау



13.Бауыржан Момышұлы кім?

а. Батыр, жазушы ә. Сазгер, ақын б. Суретші, ақын в. Батыр, сазгер



14.Есімшенің жұрнағын көрсет.

а. а, е, й ә. ар, ер, р б. қалы, келі, ғалы, гелі в. ып, іп, п



15.Абылайдың денесі қайда жерленген?

а. Тараз ә. Отырар б. Түркістан в. Қызылорда



16.Синонимдік қатарды көрсет.

а. Жылы, салқын, суық ә. Жуырда, жақында, таяуда б. Бүгін, кеше, ертең в. Алдымен, аяғында, соңында



17. Қазақтың тұңғыш академигі.

а. Әлекей Марғұлан ә. Қаныш Сәтбаев б. Әбілхан Қастеев в. Ахмет Жұбанов



18.Берілген сөйлем іс қағаздарының қайсысында айтылады?

Мен, Шұбаров Тимур, 1992 жылы 22 наурызда Семей қаласында дүниеге келдім.

а. Сенімхат ә. Өтініш б. Өмірбаян в. Түйіндеме



19.Қыстырма сөзді белгіле.

а. Керек ә. Өкінішке орай б. Уһ в. Дүрс- дүрс



20.Ата Заң қай күні қабылданды?

а. 16 желтоқсан ә. 30 тамыз б. 25 қазан в. 22 наурыз



21. Ауыспалы мағынада тұрған сөз тіркесін көрсет.

а. Ыстық жүрек ә. Ыстық нан б. Ыстық күн в. Ыстық үй



22.Асты сызылған сөз сөйлемде қандай қызмет атқарады? Ұзамай қар жапалақтай бастады.

а. Толықтауыш ә. Пысықтауыш б. Анықтауыш в. Баяндауыш



23. Асты сызылған сөздер не деп аталады? Арманым -ұстаз болу”,- деді Сабыр

а. Төл сөз ә. Автор сөзі б. Төлеу сөз в. Қыстырма сөз



24.”Сәукеле” деген не?

а. Ұлттық киім ә. Зергерлік бұйым б. Аяқ киім в. Сусын



25. “Беташарды” қай уақытта айтады?

а. Нәресте туғанда ә. Үйлену тойында б. Тілашар тойында в. Шілдеханада



26.Сүйіншіні не үшін береді?

а. Жақсы хабар ә. Туған күнге б. Жаңа нәрсеге в. Бағаға



27.Берілген сөйлем құрмалас сөйлемнің қай түріне жатады?

Қар жауса да, тоңбайды бай баласы

а. Сабақтас сөйлем ә. Жалаң сөйлем б. Аралас сөйлем в. Салалас сөйлем



28.Шекарашыларымызға деген сөзде неше жалғау бар?

а. 4 ә. 2 б. 3 в. 1



29. Кәсіби сөзді тап.

а. Аялдама ә. Жанұя б. Жекешелендіру в. Ұстаз



30.Әйтеке бидің шын аты кім?

а. Айтық ә. Ерасыл б. Айбек в. Ибраһим


6- нұсқа
1.Буын түрлерінің санын анықта.

а. 2 ә. 3 б. 5 в. 4



2.Негізгі сын есімді тап.

а. Тарихи ә. Сөзшең б. Көк в. Ұрысқақ



3.Дефис арқылы жазылатын сөзді белгіле.

а. Самал жел ә. Түстен кейін б. Қорқақ қоян в. Ашу ыза



4.Омоним болатын қай сөз.

а. Жуан ә. Көрші б. Батыр в. Босаға



5.Дефиспен жазылатын шылауды көрсет.

а. да, де, та, те ә. және, мен, пен б. ау, ақ, ды, ді в. ғана, сайын, тәрізді



6.Бірыңғай мүше қандай сөз табынан?

Дала боран, жел ысқырды, ұлиды.

а. Үстеу ә. Етістік б. Етіс в. Есімшелі етістік



7.Қате жазылған сөзді тап.

а. 9 – сынып оқушысы ә. 3- ке қос б. ІХ- сыныпта оқиды в. 2007 жыл



8.Айтылу мен жазылуында айырмашылық бар сөзді көрсет.

а. Құлын ә. Жылқы б. Ешкі в. Қой



9.Очерк қай стильге жатады.

а. Көркем әдебиет ә. Ғылыми стиль б. Публицистика в. Ауызекі стиль



10. Өздік есімдігі қатысқан тіркесті тап.

а. Өзінің жұмысы ә. Қайратты жігіт б. Өнерпаз бала в. Сөзшең адам



11.Тура мағыналы сөзді көрсет.

а. Жылы сөз ә. Жылы жүзді б. Жылы өң в. Жылы су



12.Антоним сөздерді тап.

а. Өлең - ән ә. Алыс – қашық б. Елең – алаң в. Шыр – шыр



13.Бас әріппен жазылатын сөзді анықта.

а. Ақпан ә. Маусым б. Таразы в. Тараз



14.Үтірдің қойылу себебі, дұрысын белгіле. Тыңда, балам, Жамбылды!

а. Қыстырма ә. Қаратпа б. Оқшау сөз в. Одағай



15.Тұрақты тіркесті тап.

а. Рысжан баяндама жасады ә. Еңсесі биік ел. б. Ауызымен орақ орған в. Ер есімі – ел есінде



16.Бірге жазылатын сөз қатарын көрсет.

а.Сөз жұмбақ, алты бақан ә. Мұз айдыны, тоң май б. Құс жолы, Баян сұлу в. Ат қою, Ақ сүйек



17.Туынды зат есімді көрсет.

а. Айтыс ә. Тұзда б. Ойла в. Ауылдық



18. Көп нүктенің орнына лайықты сөзді көрсет.

........... барып келдім

а. Ауылда ә. Ауылмен б. Ауылға в. Ауылдың



19. Үтірдің қойылу себебін айт.

Уай, шіркін, ән деп осыны айт.

а. Қаратпа ә. Одағай б. Қыстырма в. Бірыңғай мүше



20.Тұйық етістікті тап.

а. Қою ә. Тіле б. Көрген в. Сүй



21.Қатыстық сын есімді көрсет.

а. Аттылы ә. Қымбат б. Ақшыл в. Жарық



22.Дара сан есімді тап.

а. Он алты ә. Жүз алпыс төрт б. Елу в. Жиырма бес



23.Басқа тілден енген сөздер қалай аталады?

а. Көнерген сөздер ә. Жаңа сөздер б. Кірме сөздер в. Қос сөздер



24.Өздігінен сөйлем мүшесі бола алмайтын сөзді тап.

а. Одағай ә. Сын есім б. Үстеу в. Еліктеуіш



25.Асты сызылған сөздердің қатарын анықта.

Жоғалса да атың

Жоғалмасын атың.
а. Антоним ә. Омоним б. Синоним в. Ауыспалы мағына

26.Семей қаласы. Сөйлем түрін анықта.

а. Жақсыз ә. Атаулы б. Толымсыз в. Жақты



27. “аса”,”өте” сөздерінің сын есімдерімен тіркесіп келуінен жасалатын шырайды тап.

а. Күшейтпелі ә. Асырмалы б. Салыстырмалы в. Жай



28.Мына сөздерге көптік жалғауының дұрыс жалғанғанын тап.

а. Оқушылар ә. Екі балалар б. Бірнеше кісілер в. Есіктер



29.Тек орыс тілінен енген сөздерге ғана қолданылатын әріпті тап.

а. Г ә. В б. Е в. Л



30.Сөздердің септеулік шылау арқылы байланысын көрсет.

а. Қалаға саяхат ә. Бас киім б. Әр уақытта в. Оқыған соң айт


7- нұсқа
1.Пысықтауыш қызметінде тұрған сан есімді тап.

а. Бүгін үш үйірменің жұмысы болмайды ә. Сабақ сегіз жарымда басталады.

б. Шексіз дала басталды. в. Ертең екі жарыс болады.

2.Демеулік шылауды тап.

а. сайын ә. Үшін б. ғана в. шейін



  1. Табыс септігінің жасырын тұрған жалғауын тап.

а. Ел қуанышы ә. Сәуір айы б. Денсаулық сақтау б. Үйге қайту

  1. Біріккен сөзді көрсет.

а. Қызыл ала ә. Адал адам б. Әлденеше в. Келе - кет

  1. Қос сөзді көрсет.

а. Қызыл ала ә. Адал адам б. Әлденеше в. Келе - кет

6.Бастауыш пен баяндауыш арасына қойылған сызықшаны тап.

а. Үйде екі - ақ адам отыр ә. Олар бір – бірлеп әкелді.

б. Телефон - автомат бұзылып қалды в. Еңбек – жан рахаты

7.ІІІ жақта келген тәуелдеулі сөзді тап.

а. Баламды ә. Балаларым б. Қалтасы в. Оқулығым



8.Еліктеу сөзбен тұрған тіркесті көрсет.

а. Үй - үйімізге тарадық ә. Күз басталды б.Қиқаң – қиқаң етті в. Жан – жануар аз.



9.Буын үндестігіне бағынбайтын сөзді анықта.

а. Уәделі ә. Қазір б. Үлкендеу в. Шөбере



10.Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзі бар сөйлемді көрсет.

а. – Бұл біздің қойшы баланың әні, - деді анам. ә. – Бұл , біздің қойшы баланың әні: деді анам.

б. – Бұл біздің қойшы баланың әні , деді - анам. в. – Бұл - біздің қойшы баланың әні,- деді анам.

11.Ұяң дауыссыздан басталатын “Бес Арыстың” бірін ата.

а. Жүсіпбек ә. Мағжан б. Бейімбет в. Ғабит



12.Сұраулық шылау арқылы жасалған сұраулы сөйлемді ата.

а. Сен одан қорық /па/ ә. Жабырқа /ма/, сабыр ет б. Сен асық /па/ в. Күн бұлттанып тұр /ма/



13.Күрделі үстеуді көрсет.

а. Қазір ә. Тез б. Бұрын в. Ендігәрі



14.Синоним қатарды анықта.

а. Байсалды, сабырлы, салмақты ә. Ақ, қара, аз, көп б. Бүгін, кеше, ерте в. Мінезді, орнықты, ұшқалақ



15.“Орнықты” деген сөзге антоним тап.

а. Байсалды ә. Салмақты б. Ұшқалақ в. Мінезді



16.Толымды сөйлемді тап.

а. Не істеп жүрсің? ә. Қаладан келдім б. Сендерді іздеп келдім в. Абай балаға бар денесімен шұғыл бұрыла қарады.



17. Мақал - мәтелді тап.

а. Досы көппен сыйлас ә. Ит жеккен жер б. Жүрегінің түгі бар в. Асықпай барды.



18. Септеулік шылауларды көрсет.

а. Осы- ақ елді менсінбей жүреді екен. ә. Үйіне дейін шығарып салдым.

б. Сен ғашық болыпсың – ау. в. Оқушылар мен мұғалімдер сенбілікке шықты.

19.Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді тап.

а. Көктем болғанымен , күн әлі жылынып кете қойған жоқ. ә. Көктем енді келсе де, күн ысып кетті. б. Абай араларынан кетісімен, сыбыр бұйрық елге жайылды. в. Ойын аяқталды, бірақ көрермендер асықпады.



20. Әлемнің екі дүркін чемпионы, балуан

а. Жақсылық Үшкемпіров ә. Бекзат Саттарханов б. Дәулет Тұрлыханов в. Серік Қонақбаев



21.Ма, ме- шылауы қандай грамматикалық тұлғамен ұқсас келеді?

а. Етіс қосымшасы ә. Шартты рай қосымшасы б. Есімше қосымшасы в. Болымсыз етістік



22.Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді тап.

а. Көктем енді келсе де, күн ысып кетті ә. Абай араларынан кетісімен, сыбыр бұйрық елге жайылды. б. Кеше үйірмеге жазылмақ болып, оқушылар сарайына бардым. в. Ол кеше Алматыдан пойызбен келді.



23.Қате жазылған сөзді көрсет.

а. Класқа ә. Металға б. Килограммдап в. Грамы



24.Анықтауышты тап. Мен бұл әңгімені мұғалімге айттым.

а. Мен ә. Бұл б. Мұғалімге в. Әңгімені



25.Тура толықтауышты көрсет. Мен бұл әңгімені мұғалімге айттым.

а. Мен ә. Бұл б. Мұғалімге в. Әңгімені



26.Қыстырма сөзді тап.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет