Осы сызғыштың (мұғалім сызғыштың қырларын көрсетіп) қырларына ұқсас түзу сызықтарды “параллель түзу сызықтар” дейіледі. (Сол орында мынаны айта кетуіміз керек, логикалық тұрғыдан нақты болмаған анықтамада “дейді” сөзі, нақты анықтамаларда болса “дейіледі” сөзі қолданылады). Балалар жан-жақтарыңа (мұғалім бөлмеге көз қырын салады) назар аударыңдар (оқушылар бөлмедегі заттарға бір-бір қарап шығады). Бұл жерде “параллел түзу сызықтарға тиісті мысалдар барма?
Оқушылар:-Сынып тақтасының оң және сол қырлары (оқушы тақтаның вертикаль қырларын көрсетеді) параллель түзу сызықтарға мысал болады.
Мұғалім: -Жақсы, тағы қандай мысал келтіруге болады?
Оқушылар: -Осы сынып тақтасының жоғарғы және төменгі қырларыда параллел түзу сызыққа мысал болады.
Мұғалім: -Бұл да дұрыс. Неге оларды параллель түзу сызықтар дейміз?