1.2 Пребиотиктер – бифидус факторлар
Пребиотиктер-бифидофлораның өсуіне жәрдемдесетін заттар немесе бифидогенді факторлар(бифидус-факторлар).Оларға құрылысы мен қасиеті және құрылымы әртүрлі бірқатар заттар жатады.Соның ішінде лактулоза, лактосахароза,галакто-,фрукто-,изомальтоза-,мальтоза-қышқылолигосахаридтер, лизоцим,ашытқы экстрактары, төменгі сахаридті жүгері таяқшалары, казеиннің гидролизаты және сары сулы нәруыздар, муцин, пантетин, лактоферин және т.б жатады.Соңғы кезде бұл сутектерін белгілеу үшін «пребиотик» деген термин сөз енгізілген. Аталған пребиотиктің саны әртүлі текті бірнеше жүз. Дүниежүзі мойындаған пребиотик-лактулоза. Адам асқазанында(әсіресе тоқ ішекте)400-ге жуық микроорганизмдер түрлері бар. Дені сау адамда оның тек 15% ғана патогенді немесе шартты патогенді болып келеді. Асқазанда микроорганизмдер популяциясының Lactobacillus және Bifidobacteria туыстары доменантты болып табылады.
Bifidobacteria-патогенді емес, спора түзбейтін, грамм оң, анаэробты микроорганизм.Адам ішегіндегі бифидобактерия түрлеріне: Bifidobacterium bifidum, B. Longum, B. Infantis жатады. Бифидобактериялар құрамында аминқышқылдары,нәруыз , В тобының витаминдері, викасол, никотин және фоль қышқылы, антитоксидантты активті заттар болады.
Lactobacillus-патогенді емес, споратүзбейтін, грамм оң, облигатты немесе факультативті анаэробты және жоғары ферментті активті. Адам ішегінде болатын лактобацилустың түрлері:Lactobacillus acidophilus, L.plantarum, L.salivarus, L. Rhamnosus, L. Reuteri.
Пребиотиктер сүт тағамында, нанда, пиязда, сарымсақта, бұрышта, аспарагуста, бананда және басқа да тағамдар құрамында болады.Бірнеше адамға жүргізген зерттеулер бойынша құрамында фруктозасы бар олигосахаридтердің тоқ ішектегі бифидо- және лактобактериялардың көбеюіне ықпалын тигізген.
Организмнің қалыптан жоғары экзогендік (климотографиялық, экологиялық жағдайы, тамақтың сапасы және т.б) , эндогендік (инфекционды) және түрлі аулулар, тамақтанудың бұзылуы, медикоментозды әсіресе антибактериялды, туа және жүре пайда болған иммундық тапшылық микробиоценозды факторлардан биологиялық тепе-теңдік шығады. Соның нәтижесінде біріншіден, бифидифлораның мөлшері төмендеп, патогенді микробтың мөлшері қалыптан тыс артып, генетикалық алмасу бұзылып, өзгерегн клондардың мөлшері артып, дәрілік плазмидалар тосушылардың белсенділігі төмендейді. Организмнің иммундық қорғау мөлшері төмендеп, дисбиотикалық әсерден зат алмасу бұзылып, аллергиялық, ас қорыту жолының және түрлі аурулардың туындауына әкеледі. Олай болса, адам денсаулығын сақтауда маңызды және негіз болып табылатын микрофлорасын сақтау және қалпына келтіру маңызды болып табылады. Соңғы жылдары осы мәселені шешудің үш негізгі бағыты анықталды:
Пробиотиктерді қолдану- яғни тірі микроорганизмдерді немесе олар көп кездесетін сүт қышқылды өнімдерді және бакпрепараттарды қолдану
Пребиотиктерді қолдану- микроорганизмі жоқ заттарды қолдану. Пребиотиктерге бифидус факторлар, қоректік қоспалар, жатады. Олар бифидобактерия түзушілер.
Синбиотиктерді қолдану- яғни комплексті препараттар,пре- және пробиотиктері бар заттар.
Достарыңызбен бөлісу: |