Лактулоза- биогенді қосылыс


Лактулоза- биогенді қосылыс



бет3/20
Дата18.12.2021
өлшемі193,01 Kb.
#103233
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
сүт өнімдері

Лактулоза- биогенді қосылыс

Бифидогенді факторлардың ішінде терең зерттелгені- лактулоза.Ол табиғатта кездеспейтін синтетикалық дисахарид.Оның әрбір галактоза молекуласы фруктоза молекуласамен байланысқан.Лактулоза тоқ ішекте өзгермеген күйде түсіп, сахаралитикалық бактериялар үшін тағамды субстрат болып табылады. Лактулоза,1920 жылы ашылып,1929 жылы алғаш рет химиялық зат ретінде жарияланған.Кейіннен 40-шы жылдардың соңында Ф. Петуэли және Ж. Кристан оны әйел сүтінен бөліп алып, оның толық құрылысын білмей, бифидобактерияның өсуін активтендіретінін байқап оны «бифидус-фактор» деп атады. 1950 жылы Ф.Петуэли бифидус фактордың химиялық құрылысын ашып, оны дисахаридтар тобына жататын көмірсу екендігін айтты және оны «лактулоза» деп атады. Медецинада лактулозаны 1951 жылдан бастап қолдануда. Сол уақыттан бастап клиникалық зерттеулер жүргізіле бастады.1980 жылы лактулозаны медецинаның әр саласында қолдануға мүмкіндік беретін монографиясы шықты. Лактулоза қазіргі кезде ішек микрофлорасының метобализіміне тікелей әсер ететін зат болып отыр.Оның қайта қалпына келтіру және бифидобактериялардың өсуін қолдайтын қасиеті, жергілікті және шетел ғалымдарының көмегімен бірнеше рет зерттеліп, дәлелденді. Лактулоза және функционалдық тағам өндіруде алдыңғы қатарда Жапондық Morinaga Milk Industry Co. корпорациясы тұр. Бұл компания 1960-шы жылдары лактулозаның адам организміне әсерін зерттеумен шұғылданды. Лактулозаның адам организміне тигізетін әсері зор екенін дәлелдегеннен соң, бұл мәліметтер функционалды тамақтану және пребиотиктер индустриясына үлкен жол ашты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет